print

Мемлекеттік қызметтер

Тарау

 

САПАНЫҢ КЕПІЛІ - БАҚЫЛАУДА

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

Осыған орай, 2017 жылы Департаментпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша облыстың 78 мемлекеттік мекемесі мен ұйымдарына тексеру шаралары жүргізілді.

Аталмыш тексеру шараларының барысында 124 мыңнан астам мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарының бұзылу фактілері анықталды.

Мемлекеттік қызмет берушілер тарапынан жиі кездесетін бұзушылықтар ретінде келесілерді айтуға болады:

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілері;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері, оның ішінде көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметтің регламентімен көзделген мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерінің сақтамауы.

Тексеріс шараларының қорытындысы бойынша 81 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты әрі басшы лауазым иелері әр түрлі тәртіптік және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды. Оның ішінде, 6 мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 465-бабын, яғни мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің (рұқсат құжаттар) мерзімдерін бұзғаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл орайда, бұзушылықтардың 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы едәуір азайғандығын байқауға болады. Мысалы, 2016 жылы Департаментпен аталған салада заңнама талаптарының 395 мыңнан астам бұзылу фактілері анықталып, 124 лауазым иелері әр түрлі тәртіптік және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылған, яғни бұзушылықтар 69% пайызға, тәртіптік
және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылғандар 35% пайызға кеміп отыр.

Орын алып отырған кемшіліктердің жылдан жылға азаюы, Департамент тарапынан жүргізіліп жатқан бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған сан алуан шараларының беріп отырған жемісі деп білеміз.

Департамент қызметшілерімен 2017 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған әр-түрлі 470 түсіндірме шаралары өткізілді. Аталған түсіндірме шараларына 116 мыңнан аса адам қамтылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар одан әрі қабылдана бермек. 

Департаменттің бастамасы бойынша 2017 жылы Балқаш, Қаражал қалаларымен Ұлытау, Осакаровка, Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы аудандарының бірқатар мемлекеттік мекемелерінде жүргізілген тексеріс шараларының қорытындысын жергілікті жердегі Қоғамдық кеңестерде қарап, анықталған бұзуышылықтарды кеңінен талқылап, болашақта қайталамау тұрғысынан тиісті ісшаралар қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыс одан
әрі өз жалғасын алдағы уақытта да таба бермек.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес босаған қаражатты мемлекеттік қызметшілердің факторлық-балдық шкалаға негізделген жаңа еңбекақы жүйесін енгізуге бағыттау қажет. Бұл орталықтағы және өңірлердегі мемлекеттік қызметшілер жалақысының диспропорциясын қысқартады, сондай-ақ жұмыстың сипаты мен тиімділігі ескерілетін болады делінген.

Бұл орайда, мемлекеттік аппараттың кәсіби болуы, жұмыс тиімділігімен сапасының артуы, мемлекеттік қызмет көрсетіп отырған әрі қызметшіге тікелей байланысты. Себебі, мемлекет атынан көрсетілген әр қызметтің сапасына қарап, қызмет алушылар жалпы мемлекеттік аппараттың кәсібилілігіне баға береді. Өз қызметін жоғары жауапкершілікпен, тиімді әрі сапалы атқарған қызметшінің, сәйкесінше алатын айлықақысы да жоғары болатындығы қазырғы заманның талабы.

Осы орайда, жоғарыдағы бұзушылыққа жол беріп, қызмет алушылардың құқығын шектеп, тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкерлер тарапына «Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді» - деген мақал орынды айтылған сын деп білуге болады.

Департаменттің алдына қойып отырған біршама міндеттерімен тапсырмаларының бірі, әрі бірегейі, қызмет берушілер тарапынан мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне мемлекеттік бақылау жүргізе отырып, қызмет сапасының артуына бағытталған тиімді әрі нақты орындалатын ұсыныстар беру, яки оның толық орындалысын қадағалау болып табылады.

Сондықтан болар, Департамент үшін мемлекеттік қызмет алу кезінде құқығы бұзылған әр қызмет алушының заңды құқығын қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдау, басты тапсырма болып қала бермек.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет алу кезінде Сіздердің заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне келесі мекенжай бойынша Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, байланыс телефоны: 8/7212/50-40-66 хабарласа аласыздар. Біздің міндет – халыққа қызмет.

 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша департаментінің

мемлекеттік қызметтер көрсету

басқармасының басшысы

АБДРАХМАНОВ ЕРДОС ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ

 

100 қадам логотипі

Берік Ахметов: - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының  орынбасары,  Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі        

Берік Ахметов:

               Мемлекеттік қызметтің сапасы – басты мәселе    

     Бүгінгі  Қазақстан –жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет.Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр.

     «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Ұлт жоспарын дамытудың бес негізгі басымдығын нақтылап саралап берген болатын.Институттық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты бесініші басымдықта Елбасы әсіресе сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресу,сатып алу саласын жетілдіруде Үкіметке тиісті тапсырмалар берген-ді. Мемлекеттік қызмет түрлері,олардың сапалы көрсетілуін бақылау кімнің құзырында және заңдылығы қандай деген сауалға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары,Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Берік Мұхамеджанұлы Ахметов жауап береді.

         Тілші:- Жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер дегеніміз не? Оларды кімдер көрсетеді?

Б.А: -Мемлекеттік қызмет дегеніміз-халыққа мемлекет тарапынан берілетін әртүрлі жәрдемақылар, анықтамалар,рұқсат құжаттары, сертификаттар, лицензиялар және тағы басқалар. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 723 түрі бар.Олардың 389-і біздің облыстың аумағында көрсетіледі. Аймақ бойынша 2 мыңнан астам мекемелер халыққа қызмет көрсетіп отыр.

        Т:- Облыс тұрғындарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алудағы құқықтық сауаттылығы қандай деңгейде? Мемлекет тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қаншалықты көңіл бөлінуде?

Б.А: -Шынын айту керек, бүгінгі қоғамда  халықтың сауаттылығы жоғары деңгейде. Өздерінің құқықтарын біршама біледі, әрі оны қорғай алады. Бұған себеп, Департамент және мемлекеттік қызмет берушілер тарапынан халық арасында түсіндірме шаралары үнемі жүргізіліп отырады. Облыстағы барлық интернет-ресурстарда мемлекеттік  қызмет алудың тәртібі туралы қолжетімді ақпараттар орналастырылған. Бұл жұмыс үнемі назарда әрі мониторинг жасалып   отырады.

   Мемлекет тарапынан мемлекеттік қызметтерге үлкен көңіл бөлініп отыр. Мысалға, Елбасының барлық стратегиялық құжаттарында, оның ішінде соңғы Жолдауында мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне бағытталған нақты тапсырмалар қойылды. Ондағы басты мақсат - мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру арқылы, халықтың уақытын үнемдей отырып, мемлекеттік аппаратты ашықтыққа, қолжетімділікке жеткізу. Мысалы, егер сіз жеке бас куәлігін алатын немесе айырбастайтын болсаңыз, сол мезетте сізге ЭЦП қоса беріледі.

Т:-Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы көрсетілуіне кім бақылау, бағалау шараларын жүргізеді?

Б.А: -Көрсетілетін қызметтерді бақылау шараларын Департамент жүргізеді. Халықтан түскен әр шағым біз үшін төтенше жағдаймен тең. Себебі, сол шағымның артында құқығы шектелген немесе бұзылған мемлекеттік қызмет алушы тұр. Өз  кезегінде  бұзылған құқықты қалпына келтіру- біздің міндет. Мысалы,өткен  2016 жылы 400 мыңға жуық бұзушылықты анықтасақ, 2017 жылдың 8 айында осындай  120 мыңнан астам жағдай анықталып отыр.  Сол секілді өткен жылы 122 қызметші тәртіптік жауапкершіліктерге тартылса, осы уақытта  мұндай 85 көрініс  анықталып отыр.Ал былтыр 2 әкімшілік іс қозғалса, биыл 5 іс қозғалды.

    Т: -Осы салада заң бұзушылықтар қаншалықты жиі кездеседі?Ал мемлекеттік  көрсетілетін    қызметтер заңнамасын бұзушы  лауазым иелеріне қандай шара қолданылады және қызмет алушылардың құқығы бұзылса қайда шағымдана алады? 

    Б.А: - Былтырғы жылмен салыстырғанда  бұзушылықтар біршама азайды деп айтуға болады. Бірақ та, кемшіліктер де бар. Оған себеп, мемлекеттік қызмет беруші кадрлардың жиі ауысуы немесе жоғары деңгейдегі кәсіпқой кадрлардың тапшылығы деп айтуға болады. Жалпы мемлекеттік қызметті бұзғандарға  жауапкершіліктің 3 түрі бар.Олар тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық. Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын бұзғандарға бір мезетте жауапкершіліктің осы 3 түрін де қолдануға болады. Бұл заң бұзушылықтың деңгейіне байланысты.

Ал мемлекеттік қызметті алушы бірінші кезекте, мемлекеттік қызмет берушінің өзіне, бізге немесе сотқа шығуына болады.

   Тілші: Бүгінде  мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы қандай деңгейде? Және олардың сапасын арттыру үшін қандай шаралар ұйымдастырылуда?

Т.А: -Мемлекеттік қызметтің сапасына баға беретін халық. Бұл орайда, әр жылдың соңында қоғамдық ұйымдармен мониторинг жүргізіліп отырады. 2016 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтің сапасына қанағаттанушылық 84 пайызды құрап отыр.

         Бірінші кезекте тексеріс шаралары жүргізіледі. Себебі Департамент мемлекеттік қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылау шараларын жүргізетін бірден бір уәкілетті орган. Екіншіден, тексеріс шараларымен қоса түсіндірме шараларын қоса атқарып отырмыз. Үшіншіден, мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған құқықтық актілердегі қарама-қайшылықтарды анықтап, оларды жою жөнінде және өзектендіру бойынша мардымды ұсыныстар үнемі беріліп отырады, ең бастысы сол ұсыныстар назарға алынып, тиісті өзгерістер мен толықтырулар  енгізіледі.

Тілші: -Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа әкеліп соғатын жағдайлар туындауы мүмкін бе?

  Б.А: -Әрине, мемлекеттік қызмет алушы мен қызмет берушінің арасында тікелей байланыс болған жағдайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне орын бар. Бұған себеп болатын  адами фактор. Халқымыз «Алтын көрсе періште жолдан таяды» демей ме? Негізінде, көп жағдайда  мемлекеттік қызмет алушы өзі сондай әрекеттерге мемлекеттік қызмет берушілерді итермелейді. Мысалы , біз бір жерге өтініш жазып, қызмет алатын болсақ, сол мезетте таныс-тамыр іздеп, қоңырау шала бастаймыз. Бұл біздің қанға сіңіп кеткен әдет. Сондықтан, сананы түбегейлі түрде өзгерту қажет.Біз осыған қол жеткізуіміз керек.

 Тілші:- Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуға болады ма?

  Б.А: - Әрине, алуға болады емес, міндетті түрде алу қажет. Ең әуелі қағазбастылықтан  арылғанымыз жөн.. Біз қазір электронды технологиялардың дамыған заманында өмір сүріп жатырмыз. Газет бетін  пайдалана отырып, мемлекеттік қызмет алушылар мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болатынын естеріңізге саламын.

  Газетке әзірлеген: аудан әкімінің баспасөз хатшысы И. Асамиданова

 

Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі жұмысы туралы есебі

   

Жаңаарқа ауданының әкімдігі – аудан әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде аудан аумағында мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің құрылымына аудан әкімінің аппараты, 9 дербес бөлім мен 14 кент және ауылдық округ әкімдерінің аппараттары кіреді.

2016 жылы Жаңаарқа ауданының атқарушы органдарымен барлығы   68 935 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік органның өзінде (ведомство қармағындағы ұйымда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны қағаз түрінде – 2 517, қағаз түрінде, бірақ «электронды үкімет» веб-порталы және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіле алатын, мемлекеттік органда (ведомство қармағындағы ұйымда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 62 816.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 3 505, «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 97.

2016 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің аналитикалық қорытындысы нәтижесінде ауыл шаруашалығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер сұранысқа ие болды, мысалы:

Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу – 47222 қызмет.

Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру – 2232 қызмет.

Ветеринарлық анықтама беру – 3606 қызмет.  

Сонымен қатар, Жаңаарқа ауданы атқарушы органдарының басшылары жаңа мемлекеттік қызметтер, қызметті көрсетудің мерзімі, қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізімі туралы ақпаратты аудандық БАҚ-та және аудан әкімдігінің ресми интернет-сайтында жариялайды. Аудан бөлімдері мен кент және ауылдық округтерінде мемлекеттік қызметтерді алу үшін барлық қажетті ақпарат жарияланған стендтер бар.

 

АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК – ҚЫЗМЕТ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

Ағымдағы жылдың мамыр-қыркүйек айларының аралығында «Қарағанды облысының жастар одағы» Қоғамдық ұйымымен бірлесіп Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті тарапынан облысымызда «Жасырын тұтынушы» тәсілімен қоғамдық бақылау іс-шаралары жүргізілді.

Аталған іс-шара мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын жоғарлатуға, мемлекеттік қызметті алушыларға қолайлы жағдайлардың болуын қоғам тарапынан қадағалауға бағытталды. «Жасырын тұтынушы» шарасының да алдына қойған мақсаты,назарды мемлекеттік мекемелерге емес, қоғамның белсенділігіне бөлу болды.

Іс-шараның барысында мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі қызмет көрсетушілер тарапынан кемшіліктердің жиі жіберілетіндігі анықталды.
Атап айтқанда «Жасырын тұтынушы» кезінде жіберілген кемшіліктер, олар мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттарды толық, түсінікті бермеуі, қызмет көрсетуге қажетті құжаттардан бөлек артық құжаттар сұратуы, мемлекеттік қызметті көрсетуге ақпараттық тақталардың болмауы, болған жағдайда олардағы ақпараттардың түсінікті немесе толық болмауы, қызмет алу үшін жағдайлардың болмауы,кей жағдайлардаөтініш жазатын үстелдердің, күту орындарының жеткіліксіздігі, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар тарапынан Әдеп кодексін сақтамауы сияқты кемшіліктер орын алып отырды.

Аталған кемшіліктер бір көзбен қарағанда ұсақ-түйек болып көрінгенмен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің артуына ықпал етуі әбден мүмкін. Сондықтан, осындай кемшіліктерді болдырмау ол барлығымыздың басты міндетіміз болуы керек. Ол үшін осындай қоғамдық бақылауларды саналы түрде күнделікті әдетімізге айналдырып, жауапкершілікпен қарауымыз қажет.

Бүгінгі күні осындай кемшіліктерге біздің бей жай қарауымыз, ертеңгі өзіміздің құқығымыздың бұзылуына жағдай жасап отырғанымызды ұмытпауымыз керек. Сондықтан мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үшін, мемлекетіміздің жанашыр азаматтары ретінде қандай да бір кемшілікті болдырмауда қырағылығымызды жоғалтпауымыз абзал.

Егер де мемлекеттік қызмет көрсету барысында Сіздің құқықтарыңыз бұзылған болса Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне (Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары 39 мекен-жайы бойынша, байланыс телефон 8-72-12-50-40-66) шағымдана аласыз.

 

Мемлекеттік қызмет істері

және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл Агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша

департаментінің мемлекеттік

қызметтер көрсету басқармасының

бас маманы Әсет Әбдікәрімов


Келулердің саны: 1722

Жоғары