print

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады Тақырып: «Алғашқы жарна – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз».

Хабарландыру 

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

Тақырып: «Алғашқы жарна – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз». 

БЖЗҚ 2020 жылғы 27 тамызда ерекше виртуалды «Ашық есік күнін» өткізеді.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – жаңа салымшыларды Қор жұмысымен таныстыру. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгізілген өзгеріске сәйкес 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ қызмет көрсету кеңселеріне келудің қажеті жоқ екені белгілі. 2020 жыл басынан бері автомат түзімде 1 миллионнан астам жаңа шот ашылған атап көрсетеміз және олардың иелерінің көпшілігі «БЖЗҚ» АҚ жұмысымен алғаш рет «Ашық есік күнінде» танысады.

Қор мамандары Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері, өз зейнетақы капиталын қалыптастырудың маңызы, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілдері туралы айтып береді, зейнетақы калькуляторы арқылы келешек зейнетақыны есептейді, Қордың салымшылармен қарым-қатынас арналары және көптеген басқалар туралы ақпаратпен бөліседі.

Үйден шықпай-ақ іс-шара тақырыбындағы сауалдарға ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты басқа да сауалдарға жауап алу мүмкін болады.

«Ашық есік күнінің» 27 тамызда 10:00-да онлайн платформада өтетінін еске саламыз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=e986057409836db94267645ea5d20f036 сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 170 147 0055 мен event-жиналыс паролі 1425 енгізіледі.

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!


Келулердің саны: 177

Жоғары