print

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 2016 жылғы 1 мамырға ағымдағы көрсеткіштері

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 2016 жылғы 1 мамырға ағымдағы көрсеткіштері

2016 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 6,09 трлн. теңге болды.

Барлық зейнетақы жарналары бойынша шарттардың жалпы саны 10,1 млн. бірліктен, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша – шамамен 9,7 млн. бірліктен асты.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 398 472 бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38 835 бірлік болды.

2016 жылдың басынан бастап алынған және салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына бөлінген инвестициялық табыс 127,37  млрд. теңге болды.

Мемлекет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес төлемге құқық алған кездегі инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген жарналар мөлшерінде кепілдік береді.    

БЖЗҚ-дан жасалған төлемдер мен аударымдар сомасы 2016 жылғы төрт ай ішінде 73,23  млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар сомасы 6,74  млрд. тенге болды.

Қор салымшылары enpf.kz сайты, «ENPF» ұялы қосымшасы немесе e-gov порталы арқылы жарналар түсімін бақылай алады. Салымшылардың жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алуы бойынша ыңғайлы әрі тиімді электрондық қызметтері қолданысқа енгізілген сәттен бастап 2016 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңде ұялы қосымшадан  201 мың үзінді көшірме жүктелген және электрондық үкімет порталынан 290 мың үзінді көшірме алынған. 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ) 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы «БЖЗҚ» АҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері болып табылады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар жасау функциялары Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық Қорды басқару жөніндегі кеңеске берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін жасауды, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ  www.enpf.kz).

 

 «БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы


Келулердің саны: 860

Жоғары