print

«БЖЗҚ» АҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 6 триллион теңгеден асты

«БЖЗҚ» АҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 6 триллион теңгеден асты

2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 6,06 трлн. теңге болды.

Зейнетақы жарналарының барлық түрі бойынша шарттардың жалпы саны 10,1 млн. бірліктен асты, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша шарттар – шамамен 9,7 млн. бірлік. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 396 150 бірлік болды, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша – 39 183.

2016 жыл басынан бері алынған және салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына бөлінген инвестициялық табыс – 139,04  млрд. теңге.

БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша жылдық табыстылық (2015 жылғы сәуір – 2016 жылғы наурыз) ұқсас кезеңдегі 15,7% құнсыздану деңгейінде 16,9 %-ға жетті.

2016 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығындағы кезеңде салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына шамамен 152,4 млрд. теңге түсті. Көрсетілген кезеңде БЖЗҚ жасаған зейнетақы төлемдері мен аударымдары – 60,67 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына 4,81  млрд. теңге көлемінде аударымдар жасалды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын мемлекет «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес төлемге құқық алған сәттегі құнсыздану деңгейін ескеріп, нақты салынған жарналар мөлшерінде сақтауға кепілдік береді.

Жарналар түсімін Қор салымшылары enpf.kz сайты, «ENPF» ұялы қосымшасы немесе e-gov порталы арқылы қадағалай алады.

 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. «БЖЗҚ» АҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Пенсионные накопления вкладчиков АО «ЕНПФ» превысили 6 триллионов тенге

По состоянию на 1 апреля 2016 года сумма пенсионных накоплений составила 6,06 трлн. тенге.

Общее количество договоров по всем видам пенсионных взносов превысило 10,1 млн. единиц, из них по обязательным пенсионным взносам - порядка 9,7 млн. единиц. Количество вкладчиков по обязательным профессиональным пенсионным взносам составило 396 150 единиц, а по добровольным пенсионным взносам - 39 183.

Полученный с  начала 2016 года и распределенный на индивидуальные пенсионные счета вкладчиков инвестиционный доход составил 139,04  млрд. тенге.

Годовая доходность по пенсионным активам ЕНПФ (апрель 2015г.- март 2016г.) достигла 16,9 % при уровне инфляции за аналогичный период 15,7%.

В период с 1 января по 31 марта 2016 года на индивидуальные пенсионные счета вкладчиков (получателей) поступило взносов на сумму порядка 152,4 млрд. тенге.  При этом осуществленные ЕНПФ пенсионные выплаты и переводы в указанный период составили 60,67 млрд. тенге, в том числе переводы в страховые организации в размере 4,81  млрд. тенге.

Сохранность обязательных пенсионных взносов, а также  обязательных профессиональных пенсионных взносов в Едином накопительном пенсионном фонде гарантируется государством в размере фактически внесенных взносов с учетом уровня инфляции на момент получения права на выплаты в соответствии с Законом «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан».

Контролировать поступление взносов вкладчики Фонда могут посредством сайта enpf.kz, мобильного приложения «ENPF» или портала e-gov.  

 

АО «Единый накопительный пенсионный фонд» (ЕНПФ)  создано 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером АО «ЕНПФ»  является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации»  Министерства финансов Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. С 1 января 2016 года функции по выработке предложений по повышению эффективности управления пенсионными активами переданы Совету по управлению Национальным фондом, который возглавляет Президент Республики Казахстан.

В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, пенсионные выплаты, индивидуальный учет пенсионных накоплений и выплат, предоставляет вкладчику (получателю) информацию о состоянии его пенсионных накоплений (подробнее на  www.enpf.kz).

 

                                                                                           Пресс-центр АО «ЕНПФ»

Контакты для СМИ: press@enpf.kz


Келулердің саны: 953

Жоғары