print

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қызылжар кенті ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ 2020- 2021 жылдар

Жергілікті қоғамдастықтың даму бағдарламасы

 

БЕКІТІЛДІ:

«05» қараша 2019 ж

№15 Жергілікті қоғамдастық

жиналысының хаттамасымен

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қызылжар кенті

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

2020- 2021 жылдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әзірлеуші: «Қызылжар кенті әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарлама атауы

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қызылжар кентінің 2020- 2021 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

Қызылжар кенті 1974 жылы құрылды

Халық саны – 1703 адам

Қызылжар кентінің аумағы – 19000 гектар

Жергілікті қоғамдастық жиынының құрылған күні және сайланған мерзімі: 14.05.2015 жыл

Жергілікті қоғамдастық жиыны мүшелерінің саны – 21 адам

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Қызылжар кентінің дамуы

Қызылжар кентінің жергілікті қоғамдастығының 2019 – 2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы (әрі қарай – Бағдарлама) кент тұрғындарын қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында қарастырылған.

2019 жылғы 1 қаңтарда халық саны 1703 адамды құрады. Экономикалық белсенді халық саны – 881 адам, зейнеткерлер саны – 74, АӘК алушы отбасылар саны – 9, мүгедектер саны – 14.

Кент бойынша 13 жеке кәсіпкерлер тіркелген.

Теміржол көлігі – кент тұрғындары қызметінің негізгі түрі.

Бағдарлама экономикалық, коммуналдық қызмет көрсетуге, жұмыссыздықты азайтуға, жаңа жұмыс орындарын құру және т.б. байланысты сұрақтарды қозғайды.

Әрі қарай экономика бағытының дамуын талдау: темір жол торабының дамуы, жеке қосалқы шаруашылық, шағын- орта бизнес және т.б.

Білім беру саласы. Қызылжар кентінде 180 орынды біртипті мектеп және 80 орынды мектепке қосымша құрылыс бар. Бүгінгі күні мектепте 358 оқушы білім алады. Материалды- техникалық базамен қамтылуы 100%. 2017 жылы мектеп ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, терезе, есік блоктары және жылу жүйесі ауыстырылды.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесі. 2017 жылы кентте 25 орынды «Құлыншақ» бөбек- жайы ашылып, жұмыс жасап келеді.

Денсаулық сақтау саласы. Кентте өзіндік дәрігерлік амбулаториясы жоқ. Халыққа медициналық қызметті Фельдшерлік- акушерлік пункт көрсетеді. ФАП ғимараты жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Мәдениет үйі. Мәдениет үйінде 100 орынды концерт залы бар. Материалды- техникалық базамен қамтылуы 40%. Видеопроектор, сахна киімдері және көркемөнерпаз мүшелерінің костюмдері жоқ. Музыкалық аппаратура ауыстыруды қажет етеді, қазіргі уақытта жөндеуде. Мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Ғимараттың барлық бөлмелерінен жаңбыр суының ағуына байланысты, электр сымдарының тармақтарында қысқа тұйықталулар (замыкания) бар.

Электрмен жабдықтау. Кент тұрғындары тұрақты электр қуатымен қамтылған. Кентті электр қуатымен «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамына карасты электр желілер мекемесі қамтамасыз етеді. 0,4 кВт электр желісінің ұзындығы – 24 км, 7 ТП-ға бөлінген және күрделі жөндеуді қажет етеді.

Ауыз сумен қамтамасыз ету. Қызылжар кентінің халқын ауыз сумен 2 мекеме қамтамасыз етеді. 1) «Теміржолсу» ЖШС 2) «Тазасу» КМҚМ. «Теміржолсу» ЖШС 2018 жылы жартылай жөндеу жұмытарын жүргізді.

Жол. Кенттің ішкі жолының ұзындығы – 14 км. Оның ішінде тас жолдар ұзындығы – 6,2 км. Тас жолдың 1 км 2018 жылы, 2,3 км 2018 жылы жөндеуден өтті. Қалған 2,9 км тас жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, ал кенттің 7,5 км ішкі жолдарына тас жолдарын салу қажет.

Байланыс. Интернет – Қазақтелеком, транстелеком. Ұялы байланыс – билайн, актив, теле2, алтел.

Жұмыспен қамту. Жұмыссыздар – 19 адам. АӘК алушылар – 9 отбасы.

Абаттандыру. Кентте қоршауы бар 1 саябақ бар. Жолдың бойымен 700 түп ағаш отырғызылып, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жеке инвестициялар арқылы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне ескерткіш, тәуелсіздік стелласы, жазғы сахна, балалардың ойын алаңы, сонымен қатар кенттің атауы жазылған кіре беріс аркасы орнатылды.

Жеңістің 40 жылдығы, Қ.Байдаулетов көшелері және Мұса Әмзе көшесінің кей жерлері жарықтандырылды.

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Қызылжар кентінде келессідей шешілмеген мәселелер бар.

- Көшелерді жарықтандыру; Қызылжар кенті, Б.Аймұханов, Ж.Садуақасов, Б.Сағынтаев, Ш.Үсенов атындағы көшелер.

- Электрмен жабдықтау. 0,4 кВт электр желісінің ұзындығы – 24 км, 7 ТП-ға бөлінген және күрделі жөндеуді қажет етеді.

- Абаттандыру және көгалдандыру. Құм көшкініне байланысты, көшкін құмды тоқтату үшін жалпы ауданы 5 км болатын кент ішіндегі жер телімдерін қоршап, көгалдандыру қажет.

- Кентте Б.Аймұханов, Ш.Ералиев, Мұса Әмзе көшелерінде орналасқан 5 иесіз күл- қоқыс бар, жалпы ауданы – 12000 метр куб.

- Мәдениет үйінде видеопроектор, сахна киімдері және көркемөнерпаз мүшелерінің костюмдері жоқ. Музыкалық аппаратура ауыстыруды қажет етеді, қазіргі уақытта жөндеуде. Мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Ғимараттың барлық бөлмелерінен жаңбыр суының ағуына байланысты, электр сымдарының тармақтарында қысқа тұйықталулар (замыкания) бар. Ғимараттың қарсыбетін заманауи қолжетімді материалдармен қаптау қажет.

- Білім беру саласы. Оқушыларды сапалы білім және білім алуға қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету үшін қазіргі мектепке қосымша 10 сынып жиынтығының құрылысы қажет. Себебі, мектеп ғимаратының сиымдылығы бүгінгі күнгі оқушы санының тек 72%-ына ғана есептелген.

- Кент тұрғындарының жартысы темір жолдың арғы бетінде тұратынына байланысты, кенттегі Б.Аймұханов, Ж.Садуақасов және Ш.Үсенов көшелерінен оқушылар тасымалының қажеттілігі туындап тұр. Себебі, бұл оқушылар 5 темір жол желісі арқылы өтеді.

- шынығу- сауықтыру және спорт іс- шараларын ұйымдастырып, өткізу үшін спорт кешенінің, 3 көпсалалы спорт алаңының құрылысы қажет.

- Денсаулық сақтау саласы. Кентте өзіндік дәрігерлік амбулаториясы жоқ. Халыққа медициналық қызметті Фельдшерлік- акушерлік пункт көрсетеді. ФАП ғимараты жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс- шара атауы

Қаржыландыру көзі

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Іске асыру мерзімі

Аяқтау формасы

1

2

3

4

5

6

  1. БІЛІМ БЕРУ

1.1

СТЭМ зертханасы

Аудандық бюджет

 

 

 

1.2

Қосымша құрылыс салу үшін құрылыс жобалау сметасын әзірлеу

Аудандық бюджет

1 млн тг

2020

 

1.3

Қосымша құрылыс салу

Облыстық бюджет

25-40 млн тг

2022

 

II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2.1

 

 

 

 

 

III. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

3.1

ФАП ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу

Аудандық бюджет

5-8 млн тг

2020

 

IV. ТҰРҒЫН ҮЙ- КОММУНАЛДЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

4.1

Қызылжар кентінің 4 көшесін жарықтандыру

 

5-6 млн

2020-2023

 

4.2

Кентішілік электр желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

АО НК КТЖ

600 млн

2025

 

4.3

Иесіз күл- қоқыстарды шығару

Аудандық бюджет

3 млн

2020-2021

 

4.4

Кентішілік 2,9 км тас жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу

Аудандық бюджет

 

2020

 

4.5

Кенттің 7,5 км ішкі жолдарына тас жолдарын салу

Аудандық бюджет

 

2020-2023

 

V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

5.1

Мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

Аудандық бюджет

 

2020

 

5.2

Ғимараттың қарсыбетін заманауи қолжетімді материалдармен қаптау

Аудандық бюджет

 

2020

 

5.3

Музыкалық аппаратура ауыстыру

Аудандық бюджет

 

2020

 

5.4

сахна киімдері және көркемөнерпаз мүшелерінің костюмдері

Аудандық бюджет

 

2021

 

5.5

Спорт кешенін салу

Аудандық бюджет

 

2020-2021

 

5.6

Көпсалалы спорт алаңын салу

Аудандық бюджет

 

2020-2021

 

  1. КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

6.1

Оқушылар тасымалын жүзеге асыру

Аудандық бюджет

 

2020

 

VII. БАСҚА

7.1

Шыны өңдеу зауытының ашылуы

Аудандық бюджет

 

2020 год

 

 

Ескерту:  Жоғарыда көрсетілген іс-шаралардың орындалуына «Қызылжар кенті әкімі аппараты» ММ жауапты болып табылады.

 


Келулердің саны: 298

Жоғары