print

Түгіскен ауылдық округіндегі жергілікті қоғамдастық жиналысының Х А Т Т А М А С Ы

Түгіскен ауылы                             №4                                   22.08.2019 жыл

                                              Қатысқандар қоғамдастық мүшелері:

                                                                                                                                                                                                                     1. Абюров Ж.

                                                                                                              2. Көпбаев С.

                                                                                                            3.Торғаева Ж

  4. Нұрланов Ж.

                                                                                                            5. Жакенов Р.

                                                                                                               6. Байзақова С

 

Күн тәртібінде:

       Түгіскен ауылдық округінің 2019-2022жж арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламалары туралы.

ТЫҢДАЛДЫ: Жиналысқа қатысушылар тарапынан сөз алған ауыл әкімі жиналыс төрағасы етіп Ж.Абюровты, хатшысы ретінде С.Байзақованы сайлауды ұсынды. Ұсыныс дауысқа салынып бірауыздан қолдау тапты.

Ауыл әкімі Ө.Н.Кенжетаев сайланған төраға мен хатшыға өз орындарына отырып, жұмысты бастауды сұрады. Жиналыс төрағасы Ж.Абюров қатысушыларды жиналыстың күн тәртібімен таныстыра келіп, күн тәртібіндегі мәселе бойынша жиналысты ашып жүргізіп отырған жиналыс төрағасы сөзді ауыл әкімі Ө.Н.Кенжетаев берді.

Тындалды: Ауыл әкімі Ө.Н. Кенжетаев – Елбасының қазақстан халқының жолдауында көрсетілген «Қазақстандықтардың әл – ауқатын арттыру, кірістердің өсуі жәнеөмір сапасын асырылуы» бойынша «Ауыл ел бесігі» арнайы жоба әзірленді. Арнайы жобаның іске асырудың басым міндеттерінің бірі ауылдық елді мекендерді әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының жайм – күйін жақсарту болып табылады деді.

Сөзін жалғастыра отырып ауыл әкімі Түгіскен ауылдық округінің 2019-2022 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламалары ауылды аббаттандыруға, көркейтуге жұмсалатының айта кетті.

Түгіскен ауылдық округіндегі атқарылуы қажет бірнеше жұмыс түрлері бар, Оларды атап өтсек:

1. Е. Мақажанов көшесіне ұзындығы 3 шақырым қашықтықта тас төселіп көтерме жол салу;

2. Көктемгі су тасқынының алдын алу Е. Мақажанов көшесінің бойына бөгеттер жасау;

3. Ауылдың электр энергиясын күрделі жөндеуден өткізу КТП лр мен электр сымдарын ауыстыру;

4. Ауылдығ ауыз суы жиналатын скважинаны тазалап 1 насос орнату;

5. С. Ысқақов көшесінің бойыныдағы ауыз суы тартылмаған 20 тұрғын үйге ауыз су тарту;

6. Ауылдың ішкі жолдарын асьфальттау;

7.Ж. Садуақасов көшесінің бойындағы жолды көтеріп көтерме жол салу;

8. Ж. Садуақасов, А. Даулетбеков, Ы. Жұмабеков және Б. Аймұқанов көшелерінің бойына декоративті шарбақтар орнатып, жаяу жүргіншілер жолын жасау;

9. Қарағанды облысы, Жаңаарқаауданы, түгіскен ауылындағы «Қайрат» спорт кешенінің күрес залын кеңейтіп құрылыс жұмыстарын жүргізу;

10. Кенжебай – Самай елді мекенінің орталығына аыз су құбырын тарту.

Жиналыс төрағасы: баяндама оқылып болды, қандай пікір, ұсыныстарыңыз бар, ортаға салыңыздар.

Жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы Ж. Нұрланов баяндамада оқылғандай ауыл бойынша проблемалық мәселелер шешімін тапса дұрыс болар еді деді.

Ақсақалдар алқасының төрағасы С. Копбаев талқылауға ұсынылып отырған мәселелер өте маңызды, сондықтан мен аталған жұмыстарды қолдаймын деп пікір білдірді.

Жиналыс төрағасы. Жиналысқа қатысушыларды пікір таласқа шақырды. Қатысушылар айтылған ұсынысты талқылай келе, бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.

                   

  Қоғамдастық жиналысы шешім етті:

1. Түгіскен ауылдық округінің 2019-2022 жылдарға арналған қоғамдастықты дамыту бағдарламасы бекітілсін.

2. Түгіскен ауылдық округіне жоғарыда айтылған жұмыстарға мемлекеттен қаражат сұралсын.

 

Жиналыс төрағасы                                                       Ж. Абюров

Жиналыс хатшысы                                                       С. Байзақова


Келулердің саны: 68

Жоғары