print

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламалары Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылдық округі Қарағанды облысы 2019-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

  

Хаттамамен бекітілген

Жергілікті қоғамдастық жиналысы

№___«__»________ 20 жылғы

 

 

 

 

 

 

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламалары

Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылдық округі Қарағанды облысы

2019-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

 

 

Әзірлеуші: "Түгіскен ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Жаңаарқа ауданы»

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Бағдарлама атауы

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Түгіскен селолық округінің 2019-2022 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

Түгіскен ауылдық округі 1932 жылы құрылған

халық саны 2149 адам

Түгіскен ауылдық округінің құрамына: Түгіскен ауылы (1878 адам), Кенжебай-Самай елді мекені (271 адам)

Түгіскен ауылдық округінің аумағы-373 348 га

 

ІІ. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Түгіскен ауылдық округінің дамуы

Түгіскен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығын дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) ауыл тұрғындары мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

Бағдарлама Экономикалық қызметтерді, коммуналдық қызметтерді ұсынумен, жұмыссыздықтың азаюымен, жаңа жұмыс орындарын және т. б. құрумен байланысты мәселелерді қозғайды.

2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 2149 адамды құрайды. Тұрғындардың 846-ы экономикалық белсенді топқа жатса, соның 321 адамы тұрақты жұмыста, 356 адам өзін-өзі қамтушылар санатына жатады, тіркелген жұмыссыздар саны 3 бірлікті құрайды. Ауылда 225 адам зейнеткер, 85 адам мүгедектер, 84 батыр аналар, 20 адам тыл еңбеккерлері, АӘК 16 адам алады, 1 адам Ауған соғысының ардагері.

Ауылдық округтің аудан орталығынан қашықтығы 120 км, ауылдық округтен Кенжебай – Самай елді мекеніне дейін 60 км,

Ауылдық округ бойынша 59 ШҚ, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 10 жеке кәсіпкер тіркелген.

Мал шаруашылығы-шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

Мал басы барлығы:

Ірі қара мал – 10700 бас, жылқы - 10700 бас, қой мен ешкі - 27900 бас, түйе – 13 бас, құс – 1000 бас.

Ауылда ветеринария саласы бойынша бір жоғары санатты мал дәрігері және 1 көмекшісі жұмыс істейді. 2019 жылы 10700 бас ірі қара, 27900 бас ұсақ мүйізді малдары, 10700 бас жылқы, 13 бас түйе сібір жарасына егілді. Қарасан ауруына 7000 бас ірі қара малына вакцина салынды.Эхинококкозға қарсы – 140 ит, оба және туберкулез ауруларына қарсы 13 түйе егілді. Туберкулезге 4400 бас , нодулярный дерматитке 5000 бас ірі қара малдары егіліп, ауруға қарсы жұмыстар жүргізілді. Бірдейлендіру бойыншаа ірі қара малының төлі 3360 бас, ұсақ мүйізді малдар 8600 бас, түйе 2бас.

Түгіскен ауылында 350 орынға арналған орта мектеп жұмыс істейді, Оқушылар саны 341 бала (55 мұғалім), соңғы жөндеу 2019 жылы маусым – шілде айларында жүргізілді. 50 орындық Еркетай бөбек - жайы балабақшасы жұмыс істеп тұр, 2018 жылы 19 наурызда пайдалануға берілді.

Кенжебай – Самай елді мекені 100 орынға арналған негізгі мектеп, оқушылар саны 42 бала (16 мұғалім), 2008 жылдан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Негізгі мектеп 1975 жылы салынған.

Мәдениет. И.Омаров атындағы Мәдениет үйі 150 орындық, мәдениет үйінде 1меңгеруші, 1 үйірме жетекшісі және 2 кітапханашы жұмыс істейді, кітапхана 15 орындық. Жөңдеу жұмыстары 2019 жылдың май айларында жүргізілді.

Түгіскен ауылында учаскелік амбулатория жұмыс істейді, 1 жоғары санатты дәрігер (4медбике,1 гинеколог, 1 санитарка және жүргізуші) бар күніне 20 – 30 адамды қабылдайды. Учаскелік амбулаторияға облыстық бюджеттен 107 млн. теңге бөлініп 2018 жылдың 9 қазан айында пайдалануға берілді.

Автокөлік жолдарын ұстап тұруға және жөңдеу жұмыстарына байланысты облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, 3 шақырым 300 метр жол тегістеліп асфальт жол төселді. " Өңірлерді дамыту" бағдарламасы бойынша бөлінген 2,593 мыңға, Ж. Садуақасов және А. Дәулетбеков, көшелеріне көтерме жол салынып, қиыршық тас төселді. Қыс мезгілінде жолдарды, әкімшілік нысандарды қардан тазалауға бөлінген 375 мыңға Жеңіс АТЗ ЖШС мен келісім шартқа отырып, жолдарды қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.

Ауылды ауыз сумен қамту қазіргі таңда тұрғындарға уақыттылы беріледі, су жіберетін құрылғыда бір насос жұмыс істеп тұр.Өткен жылы тұрғындардың өтініші бойынша бұрын ауыз су құбыры болмаған А. Дәулетбеков көшесінде 11 үйге, С. Ысқақов көшесінде 4 үйге ауыз су құбыры аудандық таза су мекемесінің көмегімен тартылып берілді. Жалпы тартылғын су құбырының ұзындығы- 848 метр.

Бағдарлама Экономикалық қызметтерді, коммуналдық қызметтерді ұсынумен, жұмыссыздықтың азаюымен, жаңа жұмыс орындарын және т. б. құрумен байланысты мәселелерді қозғайды.

Түгіскен ауылдық округінде КТП 10/0,4 – 27 дана, электр бағаналары ВЛ- 10 кв - 106 шақырым, ВЛ -0,4 КВ – 18 шақырым, Кенжебай – Самай елді мекенінде ВЛ – 10кв – 68 шақырым, КТП 10/0,4 – 11 дана, ВЛ -0,4КВ – 2,8 шақырым, электр энергиясы 100% беріліп тұр.Айтарлықтай КТП лар мен электр бағаналарының сымдары тозығы жеткен күрделі жөңдеуді қажет етеді.

Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және олар берілген мерзімі: 10.01.2014 ж.

Жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны-7

Бұдан әрі экономика салаларының дамуын талдау: өнеркәсіп, ШОБ, АШ және т. б.

 

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Мынадай мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бойынша ұсынылады):

- Көктемгі су тасқынының алдын алу Е. Мақажанов көшесінің бойына богеттер жасау;

- ауылдың электр энергиясын күрделі жөндеуден өткізу КТП лар мен электр сымдарын ауыстыру;

- ауылдың ауыз суы жиналатын скважинаны тазалап 1 насос орнату;

- С.Ысқақов көшесінің бойындағы ауыз су тартылмаған 20 тұрғын үйге ауыз су тарту;

- ауылдың ішкі жолдарын асьфальттау.

- Ж. Садуақасов көшесінің бойындағы жолды көтеріп көтерме жол салу.

- Ж. Садуақасов, А. Даулетбеков, Ы. Жұмабеков және Б. Аймұқанов кешелерінің бойына декоративті шарбактар орнатып, жаяу жүргіншілер жолын жасау

- Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылындағы «Қайрат» спорт кешенінің күрес залын кеңейтіп құрылыс жұмыстарын жүргізу.

Аймақ халқының өмір сүру деңгейін жақсарту; білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту; мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің желісін кеңейту; өңірді абаттандыру; жылумен, ауыз сумен, электр энергиясымен жабдықтау мәселелерін шешу, байланыс қызметін қамтамасыз ету, автожолдардың жағдайын жақсарту ;халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету; өңірдің санитарлық, экологиялық жағдайын сақтау; шаруашылық жүргізуші субъектілер көрсететін қызметтер көлемін ұлғайту; Жаңа кәсіпкерлік субъектілерін құру және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту, шағын және жеке бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын ұлғайту ; инвестициялық жобаларды іске асыру.

 

II. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

I. БІЛІМ БЕРУ

1.1

Ауылымыздағы мектептің төбесі шатырланып, шипорлар ауыстырылды.

Мамыр – маусым айлары 2019 жыл

12 млн. 544 мың. Теңге

Аудандық бюджеттен

Мамыр – маусым айлары

ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2.1

Күн көрісі төмен отбасыларға әлеуметтік төлемдер төлеуді ұйымдастыру

1 сәуір 2019 жыл

1 балаға 20789теңге

Мемлекеттік бюджеттен

1 апрель 2019 жыл

III. Денсаулық сақтау

3.1

 

 

 

 

 

IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

4.1

Түгіскен ауылдық округінің ішкі жолдарына жөңдеу жұмыстарын (асфальт, грейдер) жүргізуге және көшелерге жарық шамдарын орнату.

Мамыр- тамыз

2020-2022 жылдарға

жоспарлануда

126 млн. 207 мың. Теңге

Облыстық бюджет

Мамыр- тамыз

2020-2022

жылдар

4.2

Кенжебай-Самай елді мекенінің орталығына ауыз су құбырын тарту

Маусым – шілде

2020 – 2022

жылдарға

жоспарлануда

5 млн. теңге

Аудандық бюджет

Маусым – шілде

2020 – 2022

жылдар

V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

5.1

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылындағы "Қайрат" спорт кешеніне құрылыс жұмыстарын жүргізу.

 

 

Мамыр- тамыз

2020-2022

жылға

жоспарлануда

56253280,24

Жалпы сметалық құны мың теңге

Облыстық бюджет

 

 

Мамыр- тамыз

2020-2022

жылдар

VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

6.1

Түгіскен ауылдық округінің ішкі жолдарына жөңдеу жұмыстарын (асфальт, грейдер) жүргізуге және көшелерге жарық шамдарын орнату.

Мамыр- тамыз

2020-2022

126 млн. 207 мың. теңге

Облыстық бюджет

Мамыр- тамыз

2020-2022

жылдар

 

Ескерту: жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға "Жаңаарқа ауданы Түгіскен селолық округі әкімінің аппараты"ММ жауапты болып табылады.


Келулердің саны: 80

Жоғары