print

Зейнетақы туралы жиі қойылатын сұрақтар

1. Сәлеметсіз бе, мен ұзақ уақыт бойы базарда бейресми жұмыс істедім және жалақымды «қолма-қол» алып отырдым. Әрине, менде зейнетақы шарты да, шотым да болған жоқ. Ал қазір мен бір компанияға жұмысқа тұрдым, бірақ маған БЖЗҚ-да шарт жасау қажеттілігі жоқ деген хабарлама берді. Неліктен?

Міне, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы шотын ашу рәсімі жеңілдетілгеніне де бір жылдай уақыт болып қалды. 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға БЖЗҚ қызмет көрсету кеңселеріне жүгіну қажет емес.Шот алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру МЗЖ аудару кезінде жасалған электрондық форматтағы төлем тапсырмасында көрсетілген жеке деректері (аты-жөні, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады, ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжат деректемелері, тұрғылықты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Осылайша тек өткен жыл үшін 2019 жылы автоматтандырылған үрдіс көмегімен МЗЖ бойынша 400 мыңға жуық шот ашылды.

2. Қайырлы күн, жақында маған инфаркт дертіне шалдыққаннан кейінекінші топ мүгедектігі берілді. Менің барлық жинақтарымды емделу үшін бірден бірақ беруі мүмкін бе?

Қазіргі уақытта қолданыстағы «ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығыбелгілі бір жағдайларда, соның ішінде мерзімсіз уақытқа 1 және 2 топ мүгедектігі тағайындалған кезде басталады. Осылайша егер 2-топ мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалған болса, Сіз БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тек ай сайын белгіленген кесте бойынша ала аласыз.

Қазі кезде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет жанынан арнайы құрылған жұмыс тобы зейнетақы жинақтарын зейнетақы төлемдерінен басқа өзге де мақсаттарға, атап айтқанда, жинақтың бір бөлігін емдік қажеттіліктерге пайдаланудың түрлі нұсқаларын қарастыруда.Алайда қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша шешім қабылданған жоқ.

3. Менің тәтем шалғай ауылда тұрады, онда сіздердің филиалдарыңыз жоқ, аудан орталығына бару өте алыс, оған қалай кеңес алуға болады?

БЖЗҚ еліміздің шалғай елді мекендерін зейнетақы қызметтерімен қамту үшін жаңа жобалар енгізуде. Мысалы, «Мобильді кеңсе» жобасы. Бұл заманауи спутниктік байланыс құралдарын қоса алғанда, салымшыларға қызмет көрсету үшін қажетті барлық құралдармен жабдықталған шағын автобус. Шалғай елді мекендердің тұрғындары «Мобильді кеңседен» БЖЗҚ бөлімшелерінде көрсетілетін қызметтерді, атап айтқанда, шоттан үзінді көшірме алу немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аударуға өтініш беру, ерікті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, хабарландыру тәсілін өзгерту және басқа да көптеген қызметтерді ала алады.Қазіргі уақытта «Мобильді кеңселер» Алматы, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатынайды.Биылғы жылы Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында да «Мобильді кеңселерді»қосымша енгізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар сіз «Қазпошта» бөлімшелерінің кең ауқымды желісін пайдалана аласыз. Қазпошта операторларын оқыту үдерісі жүргізілгеннен кейін, пошталық байланыс операторының 220 бөлімшесінде Сіз «БЖЗҚ» АҚ қызметтерін ала аласыз. «Қазпошта» арқылы қызмет көрсетуге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының елді мекендері қосылған.Барлық елді мекендердің толық тізімін enpf.kz(https://www.enpf.kz/ru/services/kazpost/index.php) сайтынан көруге болады.Егер сіздің туысыңыз осы елді мекендердің бірінде тұратын болса, онда ол осы жерлерден мынадай қызметтерді ала алады: салымшының қосымша деректемелерін өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру; хабарландыру тәсілін өзгерту (белгілеу)туралы келісімге(оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін)қол қою.

Бұл ретте «Мобильдік кеңсе» және «Қазпошта» бөлімшелерінде сіздің тәтеңіз хабарландыру тәсілін электрондық нұсқаға өзгерте алады. Осылайшаоның өз зейнетақы шотын ENPF.KZ сайтында немесе біздің ұялы қосымшада дербес бақылауға да мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта қор электрондық қызметтердің төмендегі түрлерін ұсынады:

1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау (өз пайдасына);

2) деректемелерге, оның ішінде хабарландыру тәсілінеөзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

3) жеке зейнетақы шотынан(ЖЗШ) үзінді көшірмені қарап, көру;

4) ЖЗШ-дан үзінді көшірмені электрондық мекенжайға алу;

5) ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу;

6) ЖЗШашу туралы өтінішті/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жаңа редакцияда алу («дубликат»);

7) мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топ мүгедектігі белгіленуіне байланысты, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру;

8) төлем жасау және (немесе) зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініштің орындалу барысын қадағалау.

4. Біз отбасымызбен, міне, бес жыл бойы Ресейде өмір сүріп жатырмыз. Мен анамды өзімнің қасыма алдырғым келеді, себебі, ол зейнетке шыққанда материалдық тұрғыдан қиналып қала ма деп алаңдаймыз. Бірақ ол жақсы зейнетақы алу үшін жинақтары мен еңбек өтілі жеткілікті деп санайды.Зейнетақы жасына жетуге оған бір-ақ жыл қалды, сол үшін де біз анамызға төленетін болашақ төлемдердің өлшемін шамамен есептеп көргіміз келеді, оны қалай істеуге болады?

Болашақ зейнетақыны болжалды зейнетақы калькуляторы арқылы есептеу өте оңай. Оның көмегімен болашақ зейнетақы төлемдерінің сан түрлі өзекті есебін шығару мүмкіндігі бар. Бұл ретте мемлекеттік базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ БЖЗҚ-дан төлемдер болған кезде автоматты түрде болжанады.Бұдан басқа міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) немесе ерікті зейнетақы жарналарынан (ЕЗЖ) қалыптастырылған жеке шоттар болған кезде бағдарлама екі-үш рет басу арқылы болашақ төлемдердің болжалды бейнесін бере алады.

Болжалды калькуляторда есептеу үшін барлық бағандарды – туған күні, жынысы, еңбек өтілі, зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысу өтілі, бүгінгі күндегі жинақталған қаражат сомасы және соңғы уақыттағы жалақы мөлшерінтолтыру қажет. Егер сіздің анаңыз enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тіркелген болса, жинақ сомасы автоматты түрде көрсетіледі. Осылайша есептеу нәтижесі үш сценарийде беріледі: пессимистік, шынайы және оптимистік. Барлық үш нұсқа инфляциядан жоғары кірістіліктің болжамды деңгейін ескереді. Бұл ретте барлық болжамды нәтижелер нақты құндық көріністе (болжамның тиісті кезеңінің инфляциясын шегере отырып) ұсынылады.

Айтпақшы, алдағы жылы зейнетке шығатын салымшылар үшін калькулятордың жеңілдетілген нұсқасы бар, ол - ағымдағы зейнетақы калькуляторы деп аталады.

5. Толығырақ айтып беріңізші,мемлекеттік кепілдікті қазіргі уақытта қалай ресімдеуге болады, қайда өтініш жасау керек?

2018 жылғы қазаннан бастап зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік «ұйғарым бойынша» есептеледі, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін, сондай-ақ БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдерін алу үшін бір өтініш берген кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) бірыңғай өтінішпен және құжаттар жинақтамасымен жүгіну қажет.

Өтінішке орай, мемлекеттік кепілдік төлемі әр адам үшін арнайы әзірленген әдістеме бойынша жеке есептеледі және салымшы төлемді, егер оған тиесілі болса, өзінің банктегі шотына алады.

Азаматтардың басқа санаттары, яғни егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе,І және ІІ топмүгедектері,Қазақстанның шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдар, МЗЖ, МКЗЖ аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, мемлекеттік кепілдік төлеміне құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері зейнетақы төлемдерін алу үшін БЖЗҚ-ға, ал мемлекеттік кепілдік төлемі үшін ХҚО-ға хабарласады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдіктің бірегей үлгісі жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекет алушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының алушы зейнетақы төлемдеріне құқықты алған кездегі инфляция деңгейiн ескере отырып, жарналардың нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

Мемлекеттік кепілдік төлемі (инфляция деңгейін ескере отырып,нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен біржолғы төлемді білдіреді.Мемлекет кепілдік бойынша төлем жасау құқығына салымшылар зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ие болады.Бұдан бөлек, мұндай құқыққа егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе,І және ІІ топмүгедектері,Қазақстанның шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдар, МЗЖ, МКЗЖ аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, мемлекеттік кепілдік төлеміне құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері ие.  

 


Келулердің саны: 57

Жоғары