Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы
Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген
№__« » ______ 20 жыл
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы
Ақтүбек ауылдық округінің
ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
2020-2022 жылдарға
Әзірлеуші: «Жаңаарқа ауданының Ақтүбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Бағдарламаның атауы |
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы Ақтүбек ауылдық округі |
Ауылдық округтің негізгі сипаттамалары |
- Ақтүбек ауылдық округінің құрылған уақыты – 1977 жыл; - Халық саны -1948 адам. -Ақтүбек ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны – 4 , атауы: Ақтүбек ауылы, Атасу стансасы, Манадыр стансасы, Өркендеу ауылы. -Ақтүбек ауылдық округінің жалпы жер көлемі -182147 гектар, оның ішінде шабындығы 2829 гектар. Жайылым жер -173984 гектар. Мемлекеттік қор жері – 46144 гектар. - жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілестік берілген мерзім-25.12.2015 жыл - жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны-11 адам
|
II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 Ақтүбек ауылдық округті дамыту
2020-2022 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.
2019 жылғы халық саны -1948 адамды құрайды.Ауылдық округке Ақтүбек елді мекенінде тұратын халық саны -1030 адам, 163 отбасы, Атасу стансасында - 366 адам, 80 отбасы, Манадыр стансасында - 495 адам, 95 отбасы, Өркендеу ауылында - 57 адам, 14 отбасы, сонымен қатар 152 разъезд ауылдық округ елді мекені құрамына кіреді. Еңбекке қабілетті адам – 1408, оның ішінде тіркелген жұмыссыздар - 6 адам, зейнеткерлер -159 адам, мүмкіндігі шектеулі -38 адам, атаулы әлеуметтік көмек алушылар -12 адам.
Аудандық орталықтан Ақтүбек ауылдық округ ара қашықтығы -42 км, округтен Атасу стансасы -12 км, Манадыр стансасы -50 км, Өркендеу ауылы -18 км.
Мал саны: Ақтүбек ауылы бойынша ірі қара -1239 бас, жылқы -919 бас, қой- ешкі – 1924 бас, құс-808. Техника – 20. Атасу станасы бойынша ірі қара -315 бас, жылқы -123 бас, қой- ешкі – 1167 бас, құс- 173. Техника – 13. Манадыр станасы бойынша ірі қара -426 бас, жылқы -205 бас, қой- ешкі – 915 бас,құс-166. Техника -10. Өркендеу ауылы ірі қара -478 бас, жылқы -340 бас, қой-436 бас, ешкі – 218 бас, құс- 105.Техника -12.
Шаруа қожалық бойынша ірі қара -2865 бас, жылқы-5341 бас, қой-5804 бас, ешкі -925 бас,түйе-25 бас, құстар -521.Техника – 179.
Ауылдық округ бойынша 60 - ШҚ, 15 - жеке кәсіпкер тіркелді.
Мал шаруашылығы - шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.
Білім саласы (Ақтүбек ЖОББМ - 360 орын, оқушылар саны-172, МТБ -100 пайыз қамтылған, 2012 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ст.Манадыр арнаулы мектебі - 60орын, оқушылар саны-73, МТБ-50 пайыз қамтылған, 2017 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ст.Атасу арнаулы мектебі -150 орын, оқушылар саны -50, МТБ -100 пайыз қамтылған, 2018 жылы 3 млн 900 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Мектепке дейінгі/ шағын орталық : Ақтүбек ЖОББМ – 50 орын, МТБ-100 пайыз қамтылған, 18.11.2009 жылы ашылды. Ст. Атасу арнаулы мектеп -12 орын, МТБ -100 пайыз қамтылған, 18.11.2009 жылы ашылды. Ст. Манадыр арнаулы мектеп - 20 орын, МТБ -100 пайыз қамтылған, 18.11.2009 жылы ашылды)
Ақтүбек ауылында жиырма кісілік монша – 1. 2008 жылы салынған. Жылына 65 тонна көмір, айына - 50 тонна су жұмсалады. Жұмыскер саны-2. Жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ.
Ауылдық округте 3 кітапхана бар.Ақтүбек ауылы кітапхана -1. 7714 сақтау бірлігі бар. Кітаханашы -3. Оқырман залы -18 адамға қарастырылған. Манадыр стансасы кітапхана саны -1. Кітапханашы-1 оқырман залы 6 адамға қарастырылған.Атасу стансасы кітапхана саны-1. Кітапханашы-1. Оқырман залы 6 адамға қарастырылған.
Орталық саябақ-1. Жалпы алаңы -3960 м2
Спорт алаңдары: хоккей ойнау алаңы-1, жалпы алаңы -240 м2
Азық –түлік тауарларының дүкендері-3.
Діни нысан (мешіт) - 1. Салынған жылы - 2017 жыл.
Денсаулық саласы – дәрігерлік абмулатория, келушілер саны-23 күніне, материалдық техникалық базамен -100 пайыз қамтылған. 2005 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 2020 жылға жеке жаңа ғимарат салу жоспары бар.
Мәдениет саласы – сыйымдылығы - 100 адам, материалдық техникалық база - 80 пайыз, 2017 жылы 7 млн 200 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Электр желілері – ұзындығы -21000 метр, КТП-5 дана, бағана - 525,
Ақтүбек ауылында интернет жүйесі істейді. Ұялы байланыс: билайн, актив, теле 2, алтел.
Су құбырлары – 15 км
Жол - 1 км тас жол
Абаттандыру саласы бойынша Ақтүбек орталық саябағының сыртқы қоршаулары 1 млн 847 мың теңгеге ауыстырылды.
Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты мәселелер қарастырылған.
Бұдан әрі экономика салаларының дамуын талдау: шағын орта бизнесті дамыту мақсатында жастарды сұранымы жоғары кәсіпке баулу, оқыту, ауыл тұрғындарын сапалы азық-түліктермен қамтамасыз ету, тұрмыстық қызмет көрсету сапасын жақсарту. Ауыл шаруашылықтағы ет-сүт бағытында мал бастарын асылдандыру және бәсекеге қабілетті мал өнімдерін өндіруді арттыру. Оқу орындары, мәдениет үйі және кітапханалардың материалдық - техникалық базаларын нығайту. Ауызсу, электр қуаты, байланыс қызметтері бойынша сұрақтарды шешу.
2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер
Төмендегі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы:
- абаттандыру және көгалдандыру: (Ақтүбек орталық саябағына көгалдандыру жұмыстарын жүргізу)
- ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру: (Ақтүбек ауылы Сарысу көшесінен Бәйтерек көшесіне ара қашықтығы -2 км орналасқан Ақтүбек ЖОББМ арнайы көлік ұйымдастыру)
- елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, санкцияланбаған, қоқыстарды жою: (жыл сайынғы көктем, күз айларында санитарлық тазалық айлары ұйымдастыру)
- Ақтүбек ауылы Сарысу көшесіне таза ауызсумен жабдықтауды ұйымдастыру;
- Ауылдық округтің ішкі жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу;
III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
2020-2022 жылдар
№ |
Іс-шаранын атауы |
Аяқтау нысаны |
Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) |
Қаржыландыру көзі |
Іске асыру мерзімдері |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
I.БІЛІМ БЕРУ |
||||||
1.1 |
Ақтүбек ЖОББМ спорт зал салу |
2021 |
76 757, 410 |
Облыстық бюджет |
2020 |
|
1.2 |
Атасу стансасы негізгі мектебінің қоршауын ауыстыру |
2020 |
3 000, 000 |
Жергілікті бюджет |
2020 |
|
IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ |
||||||
4.1 |
Ақтүбек ауылы Сарысу көшесіне жарық шамдар орнату
|
2020
|
1 255, 224 |
Жергілікті бюджет |
2020
|
|
4.2 |
Манадыр стансасы Тың көшесі бойына жарық шамдар орнату |
2020
|
7 787,38 |
Жергілікті бюджет |
2020
|
|
4.3 |
Ақтүбек ауылы көше бойларына шарбақтар орнату |
2020 |
22 264, 000 |
Облыстық бюджет |
2020 |
|
V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ |
||||||
5.1 |
Манадыр стансасына корд орнату |
2021 |
9 000, 000 |
Жергілікті бюджет |
2021 |
|
5.2 |
Манадыр стансасына балалар алаңқайын салу |
2022 |
1 976, 000 |
Жергілікті бюджет |
2021 |
|
5.3 |
Атасу стансасына корд орнату |
2022 |
9 000, 000 |
Жергілікті бюджет |
2022 |
|
VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ |
||||||
6.1 |
Ақтүбек ауылының кіреберіс жолын (асфальт) ағымдағы жөндеуден өткізу |
2020
|
1 976, 000 |
Жергілікті бюджет |
2020
|
|
6.2 |
Өркендеу елді мекенінің көтерме жолын орташа жөндеуден өткізу |
2020 |
26 647, 500 |
Облыстық бюджет |
2020 |
|
VII. БАСҚАЛАР |
||||||
7.1 |
Ақтүбек ауылдық округі әкімі аппараты ММ ғимаратын жөндеуден өткізу |
2020 |
8 246, 000 |
Жергілікті бюджет |
2020 |
|
7.2 |
Манадыр стансасы кіреберісне арка жасау |
2020 |
500, 000 |
Демеушілік қаражаттан |
2020 |
|
7.3 |
Ақтүбек ауылдық округі әкімі аппараты ММ қоршауын ауыстыру |
2020 |
2 937, 000 |
Жергілікті бюджет |
2020 |
|
Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Жаңаарқа ауданының Ақтүбек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.