print

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Байдалы би ауылдық округі 2020-2021 жылдарға

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасының ұсынылатын үлгісі

 

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№___

«     » _________ 20   жыл

 

 

 

 

 

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

__Байдалы би ауылдық округі__

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

___Жаңаарқа ауданы Қарағанды облысы_

(аудан және облыс атауы)

2020-2022 жылдарға

 

 

 

Әзірлеуші: «Жаңаарқа ауданының

Байдалы би ауылдық округі

әкімінің аппараты» ММ

 

 

Байдалы би ауылдық округінің әкімі                                      Ж.Тажитов

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы

2020-2022 жылдарға арналған Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Байдалы би ауылдық округті дамыту бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

- аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің құрылу кезеңі – 1995жыл

-халық саны – 992 тұрғын

- ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны мен атауы – 3 елдімекен: Атасу (округ орталығы), 117 разъезд, 105 разъезд

- аумақ – 57148 га;

- жергілікті қоғамдастық жиналысы 2016 жылдың 25 қаңтары күні құрылған;

- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны-11 адам.

 

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамыту

2020-2022 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 992 адамды құрайды

Ауылдық округ бойынша, 47 шаруақожалықтары мен 40 жеке кәсіпкер тіркелді. Атасу ауылында 1дүкен,1 қоғамдық тамақтану орыны бар.

Округ орталығы Атасу ауылы, аудан орталығынан 17 шақырым жерде орналасқан. Округ құрамына сонымен қатар, 117-ші және 105-ші разъезд елдімекендері кіреді. 117-ші разъезд елдімекені округ орталығынан 5 шақырым, ал 105-ші разъезд елдімекені округ орталығынан 4 шақырым жерде орналасқан.

Атасу аулында ішкі жолдар ұзындығы 18 шақырым, оның ішінде 7 шақырым жолға қатты қабат, асфальт тоселген. Ауылдың электр желілерінің жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайды. Жолдардың техникалық жағдайы – қанатағаттандырарлық. Ауыл көшелерінде 41 дана жарықшамдар орналастырылған. Ауыл орталығында 1 дана рухани нысан, мұсылман мешіті орналасқан, мешіт ғимараты аудандық діни басқарма иелігінде.

Мал шаруашылығы - шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі. Округте 2019 жылдың 1-ші шілдесіне талдау бойынша төмендегі көрсеткіштер анықталған:

Барлық ірі қара саны: 2746 бас, оның ішінде 1463 бас аналық. 1758 бас ірі қара шаруақожалықтарында бағылса, 958 бас жеке қосалқы шаруашылықтар иелігінде. Жылқы саны:2908 бас, оның ішінде 1583 бас аналық. Шаруақожалықтаныда 2209 бас жылқы бағылса, жеке қосалқы шаруашылықтарда 699 бас. Қой саны округ бойынша 4157 бас, оның ішінде 3279 бас аналық. Шаруақожылықтарында 2956 бас, ал жеке қосалқы шаруашылықтарда 1201 бас бағылуда. Ешкілердің жалпы саны 1023 бас, оның ішінде 899 аналық. Шаруақожалықтарында 713, ал жеке қосалқы шаруашылықтарда 310 бас бағылуда. Құстар саны 1234 дана.

Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азайуына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты және т. б. мәселелерді қозғайды.

Бұдан әрі экономика салаларының дамуын талдау: өнеркәсіп, ШОБ, АШ және т. б.

2.2. Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бөлінісінде ұсынылады):

- көшелерді жарықтандыру мәселесі бойынша Атасу ауылындағы Бейбітшік (0,8 шақырым), Сарысу (1,8 шақырым), Достық (1,0 шақырым) көшелерін жарықтандыру қажет

- абаттандыру және көгалдандыру. Бұл сала бойынша Атасу ауылдық мәдениет үйінің ғимараты маңын аббатандыру қажеттілігі туындап отыр(алаңқайлар,тратуарлар, фонтан, орындықтар,декаративтік элементтер, заманауи қоршаулар т.б.);

- Білім беру саласы: Ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру мәселесі шешілген, Атасу жалпы орта білім беру мектебінің жылыту жүйесі мен сыртқы келбеті ескірген. Бұл өз кезегінде қысқы маусымда мектеп ғимаратының ішкі жылу температурасының нормадан төмен болып, оқушылар арасында респераторлы (тымау, бронхит т.б.) ауруларға шалдығуына әкелуі мүмкін;

- мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету бойынша өзекті мәселелер жоқ

- шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру мәселесі бойынша округтегі ФАП-ке 1(бір) дана жедел-жәрдем автокөлігі қажет

- елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, санкцияланбаған, қоқыстарды жою және т. б. Бұл сала бойынша Атасу ауылында локальды қоқыс төгу алаңы бар. Қоқыс төгу жүйесін жетілдіру мақсатында көше бойларында үлкен ауқымды металл қоқыс орналастыру арқылы ыңғайлы қоқыс төгу жүйесін қалыптастыру қажет. Өйткені күнделікті тұрмыстағы қоқыстар жиі полигон алаңдарына жеткізіліп отыру керек.

- елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру бойынша өзекті мәселелер жоқ;

- дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;

- Мектеп ғимаратының сыртқы бетіне (қаптамасына) күрделі жөндеу жүргізу қажет. Сонымен қатар, мектептің жылыту жүйесіне күрделі жөндеу жұмысын жүргізу қажет. Сонымен қатар, мектепте спорттық секциялар қажет. Өйкені оқушылардың бұқаралық спортқа қатысуының көрсеткіші төмендеу тәуекелі бар.

- Атасу ауылында электр қуатының жетіспеушілігі өзекті мәселе болып отыр. Нақтырақ айтсақ, Бейбітшік, Сейфуллин, Жеңіс, Достық көшелерінің электр тоғын қамтамасыз етуші электр тоғын тарату кешені (КТП) шамадан тыс электр ауыртпалығын көтеріп тұр. Өз кезегінде бұл процесс тоқ қуатының нормадан төмен күйде тұтынуға әкеліп отыр. Бұл тұрғындарға тұрмыстық кедергілермен қатар, экономикалық шығындар әкелу тәуекелі бар.

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

1

2

3

4

5

6

I.БІЛІМ БЕРУ

1.1

Атасу ЖОББМ ғимаратының сыртқы келбетін жөндеу

тамыз 2020

8000,0

аудандық бюджет

06.2020ж-08-2020ж

1.2

Спорт үйірмелерін ашу

қыркүйек 2020

2000,0

аудандық бюджет

09.2020

1.3

Атасу ЖООБМ ғимаратының жылыту жүйесін айырбастап жаңарту

тамыз 2020

10000,0

аудандық бюджет

06.2020ж-08-2020ж

II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2.1

санаттарына байланысты жәрдемақы алушыларға құжаттамалық қызмет көрсету

тиісті категория бойынша жәрдемақылар алу

-

республикалық бюджет

2020-2022 жж

2.2

1-ші топ мүгедектеріне үйден көмек көрсетуді ұйымдастыру

көмек көрсетулер

-

аудандық бюджет

2020-2022жж

...

 

 

 

 

 

III. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ

3.1

Жедел жәрдем автокөлігін алу

қыркүйек 2020

8000,0

облыстық бюджет

қыркүйек 2020

3.2

 

 

 

 

 

...

 

 

 

 

 

IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

4.1

Атасу ауылындағы ішкі жолдарды жөндеу, қатты қабатпен жабу

2020-2021жж

60000,0

аудандық бюджет

2020-2021жж

4.2

Атасу ауылының көшелерінде қар суларын оқшаулау арқытарын салу

2022ж

3000,0

аудандық бюджет

маусым-тамыз 2022

4.3.

Атасу ауылында Бейбітшілік, Сарысу, Достық көшелерінде ұзындығы 3,6 шақырым жарық бағандарын орнату

2021ж

4100,0

аудандық бюджет

маусым-шілде 2021

4.4.

Атасу ауылына кіреберістегі ұзындығы 1 шақырым жолды жөндеу

2020

9500,0

аудандық бюджет

маусым-шілде 2020

4.5.

Атасу ауылында электр тоғын беру кешенін орнату (КТП)

2020

1000,0

аудандық бюджет

маусым- 2020

4.6.

көшелерде металл қоқыс урналарын қою

2021

5000,0

аудандық бюджет

маусым- 2021

V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

5.1

Атасу ауылдық мәдениет үйінің маңын аббатандыру (қоршау,төсемтастар төсеу, фонтан орнату, идеологиялық мәдени мүсіндер мен элементтер орнату, ағаш көшеттері мен гүлдер отырғызу, орындықтар қою)

2020

6000,0

аудандық бюджет

тамыз-қыркүйек 2020ж

VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

6.1

 

 

 

 

 

6.2

 

 

 

 

 

...

 

 

 

 

 

VII. БАСҚАЛАР

7.1

 

 

 

 

 

7.2

 

 

 

 

 

...

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Жаңаарқа ауданының Байдалы би ауылдық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.


Келулердің саны: 120

Жоғары