print

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Целинный ауылдық округі 2019-2021 жылдарға

 

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы

 

Жергілікті қоғамдастық жиналысының

хаттамасымен бекітілген

№5 «23» 08 2019 жыл

 

 

 

 

 

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы

Целинный ауылдық округі

2019-2021 жылдарға

 

 

 

 

 

 

Әзірлеуші: «Целинный ауылдық

округі әкімінің аппараты» ММ

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы

2019-2020жылдарға арналған Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы, Целинный ауылдық округінің дамыту бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

-Целинный ауылдық округі 1995жылы құрылды;

-халық саны-652адам;

- ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны-3, Орынбай, Бидайқ-2 және Ақшағат;

- аумағы-95700га;

- жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілеттік берілген мерзім:05.11.2015;

- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны-9.

 

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Целинный ауылдық округін дамыту

Целинный ауылдық округінің 2019-2020жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 652 адамды құрайды. Экономикалық белсенді -395адам, зейнеткерлер-70адам, АӘК алушы 3отбасы (20адам), мүгедек – 15 адам.

Ауылдық округ бойынша 45шаруа қожалығы және 1 АӨК тіркелді.

Мал шаруашылығы - шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты және т. б. мәселелерді қозғайды.

Ауылда жалпы орта білім беретін мектеп саны -1, 77-оқушы, 28мұғалім, физика, химия, биология, робототехника кабинеттері МТБ жабдықталған, соңғы күрделі ағымдағы жұмыстары 2016ж жүргізілді. Құны – 3 млн теңге, шатыры ауыстырылып, пластикалық терезелер салынды.

Балаларға арналған шағын орталық – 30орын, ашылу жылы-2007ж. 2жастан 4жасқа дейінгі топта 12бала,4 жастан 5жастағы топта 15 бала тәрбие алады.

Медпункт – 1, күніне 14-15 адамға қызмет көрсетеді.2006жылы ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жыл сайын әктеу, бояу жұмыстары жүргізіледі.

Мәдениет үйі – 80орындық, атаулы күндері мерекелік іс-шаралар өткізіледі.Соңғы жөндеу жұмыстары -2009ж.

Тоқ желілері бірқалыпта.

Ауыз су қолдан жасалған скважинадан алынады.

Ауыл халқы Атасу – Орынбай тасжолы арқылы қатынасады. 18шақырымдық тасжол асфальтталған.

Интернет желісі 45үйде «Қазақтелеком» АҚ ұйымы арқылы орнатылған, бірақ тарату жылдамдығы төмен. Ұялы байланыс( билайн, актив,алтел желілері) нашар, пәтер ішінде желі ұстамайды, сөйлесу үшін сыртқа шығу керек.

Жұмыссыз 8адам.

2018жылы саябақ ашылды. Сырты декоративті қоршаулармен қоршалды. 2019жылы саябақта әрі қарай абаттандыру жұмыстары жүргізілді, кіреберіс қақпа орнатылды, брюшаткалар төселінді. Орындықтар, қоқыс жәшігі және жарық шамдары орнатылды.

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы :

- Орынбай, Бидайк-2, Ақшағат елді мекендерін сумен жабдықтауды ұйымдастыру;

- дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуге арналған спортзал салу;

- әкімшілік ғимараты, почта бөлімшесіне бөлме, полиция қызметкеріне, ветеринар дәрігердің кабинеті және дәрілерін сақтайтын бөлмелерді жабдықтау. Ол үшін ауылдағы ескі мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізіп, осы жетіспейтін кабинеттерге лайықтап қайтадан салу керек. Сметалық жобасы дайын.

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

 

1

2

3

4

5

6

 

I.БІЛІМ БЕРУ

1.1

Спортзал

-

-

-

-

 

1.2

 

 

 

 

 

 

...

 

 

 

 

 

 

II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2.1

 

 

 

 

 

 

2.2

 

 

 

 

 

 

...

 

 

 

 

 

 

III. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

3.1

Ағымдық жөндеу

2020

2млн

жергілікті

2020

 

3.2

 

 

 

 

 

 

...

 

 

 

 

 

 

IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

4.1

Орынбай ауылы Тәуелсіздік көшесінің жартысын жарықтандыру

2020

1 200 000

Жергілікті өзін-өзі басқару

2020

 

4.2

 

 

 

 

 

 

...

 

 

 

 

 

 

V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

5.1

Кітапхана еденін ауыстыру, пластикалық терезе орнату, шатырын бекіту.

2020

3млн

Жергілікті бюджет

белгісіз

 

5.2

 

 

 

 

 

 

...

 

 

 

 

 

 

VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

6.1

Интернет желісін жақсарту

-

-

-

 

-

 

6.2

 

 

 

 

 

 

...

 

 

 

 

 

 

VII. БАСҚАЛАР

7.1

Ауыз су тарту

2020

 

 

 

 

7.2

Мәдениет үйіне күрделі жөндеу

2020

50млн

Жергілікті бюджет

белгісіз

 

...

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Целинный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.

 


Келулердің саны: 154

Жоғары