print

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ, ЖАҢААРҚА АУДАНЫ, СЕЙФУЛЛИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ 2020-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы

 

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№5 «21» тамыз 2019 жыл

 

 

 

 

 

 

 

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ, ЖАҢААРҚА АУДАНЫ, СЕЙФУЛЛИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ 2020-2022 ЖЫЛДАРҒА

АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

Әзірлеуші: «Сейфуллин ауылдық округі

әкімінің аппараты» ММ

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы

2020-2022 жылдарға арналған Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Сейфуллин ауылдық округті дамыту бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

Ауылдық округтің құрылу кезеңі – 1994 жыл

Халық саны – 862 адам.

Ауылдық округтің құрамына Ынтымақ және Жаңаталап ауылдары кіреді.

Аумағы – 190 мың шаршы метр.

- жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні – 09.01.2015 г.

Жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны – 7 адам.

 

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Сейфуллин ауылдық округті дамыту 

2020-2022 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

Халық. 2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 862 адамды құрайды. Оның ішінде Ынтымақ ауылында – 800 адам, Киров ауылында – 62 адам.

Кәсіпкерлік. Ауылдық округте 78 ШҚ, 3 жеке кәсіпкер тіркелген.

Мал шаруашылығы - шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

Ауылдық округ бойынша мал басы барлығы: Ірі қара мал – 5747 бас, жылқы малы – 4807 бас, қой, ешкі – 7737 бас, құстар – 920 басты құрайды.

Ауылдық округта тіркелген ауылшаруашылық техникалар:

Ынтымақ ауылында 35 трактор, Киров ауылында 1 комбайн мен 9 трактор.

Білім. Ынтымақ ауылында жалпы білім беретін 464 орындық 1 мектеп бар. Оқушылар саны – 132 бала. Қызмет атқаратын мұғалімдер – 27 адам. Мектепте 50 орындық шағын орталық бар. Қазіргі уақытта 27 бала барып жүр.

Мәдениет. Оған қоса 90 орындық 1 мәдениет үйі жұмыс жасайды. Онда 1 меңгеруші,1 ұйымдастырушы және 2 жұмыскер қызмет атқарады.

Округта 15 орындық 1 кітапхана орналасқан.

Денсаулық. Ынтымақ ауылында 1 дәрігерлік амбулатория бар, күніне 5-10 адам қабылданады. Онда 1 медбике және санитарка жұмыс істейді.

Ынтымақ ауылында интернет және Билайн мобильдік байланыс бар.

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бөлінісінде ұсынылады):

Ынтымақ ауылының Бейбітшілік көшесін жарықтандыру.

Ынтымақ ауылындағы саябақты абаттандыру және көгалдандыру.

Ауылдық округта су құбырларының жөңдеу жұмыстарын жүргізу.

Ауылдық округ жастары хоккей спорт алаңын қажет етеді.

КТПН-250 кВа жөңдеу жұмыстары.

          

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

1

2

3

4

5

6

I. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

4.1

Ынтымақ ауылы Бейбітшілік көшесін жарықтандыру

2020 ж.

1 250 000 тг

ЖБ

2020 ж.

4.2

Ынтымақ ауылының ауылішілік көшелерінің автожолдарын жөңдеу

2020 ж.

7 000 000 тг

ЖБ

2020 ж.

4.3

Ынтымақ ауылының суқұбырларын жөңдеу

2020 ж.

500 000 тг

ЖБ

2020 ж.

V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

5.1

Хоккей спорттық алаңы

2022 ж.

13 800 000 тг.

РБ

2022 ж.

VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

6.1

КТПН-250 кВа орнату

2022 ж.

4 000 000 тг.

ЖБ

2022 ж.

VII. БАСҚАЛАР

7.1

Ынтымақ ауылындағы саябақты абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары

2020 ж.

3 000 000 тг.

ЖБ

2020 ж.

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Сейфуллин ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.

 


Келулердің саны: 129

Жоғары