print

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ Бидайық ауылдық округі

Жергілікті қоғамдастық жиналысының

хаттамасымен бекітілген

№___«     » _________ 20   жыл

 

 

 

 

 

 

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы

Бидайық ауылдық округі

2019-2021 жылдарға

 

 

 

 

 

 

Әзірлеуші: «Аудандық маңызы бар қала,

ауыл, кент, ауылдық округ

әкімінің аппараты» ММ______

 

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы

2019-2021 жылдарға арналған Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы
Бидайық ауылдық округті дамыту бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

 - 1951 жылы округтің құрылу кезеңі;

 -халық саны 2013 адам;

- ауылдық округтің құрамына кіретін Ақтайлақ, Қарамола, 69-РЗД.

- 42 749 га;

- жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған 2015 жылы;

- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің 72 адам.

 

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Жаңаарқа ауданы Бидайық ауылдық округінің дамыту

2019 жылға арналған жергілікті қоғамдастық даму бағдарламасы ауыл тұрғындары Бидайық елдімекеніне, ауылдық округке жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін ұсынылған.

2019 жылғы 1 қаңтарға тұрғындар саны 2023 адамды құрайды.

Бидайық-1230 адам

Ақтайлақ-537 адам

Қарамола-51 адам

69-РЗД-205 адам

Ауылдық округте 57 ауылдық шаруа қожалығы және 15 жеке кәсіпкер тіркелген.

Мал шаруашылығы - шаруа қожалықтарының негізгі қызметі.

Бидайық ауылдық округінің мектебінде 57 мұғалім, шағын орталықта 30 бала, 200 оқушы бар, соңғы күрделі жөндеу 2016 жылы болған.

Ақайлақ мектебінде 15 мұғалімі бар шағын орталықта 18 бала мен 70 оқушы бар, соңғы күрделі жөндеу 2018 жылы болған.

69-РЗД мектебінде 5 мұғалім, 13 оқушы, шағын орталықта 6 бала, соңғы күрделі жөндеу 2017 жылы болған.

Мәдениет: 1 мәдениет үйі60 орынға арналған, 1 меңгеруші және 2 техникалық қызметкерлер, соңғы күрделі жөндеу 2005 жылы болған.

ФАП-та бір медбике, бір кіші персонал және бір жүргізуші бар. Күндізгі емдеуге 3 орын қарастырылған.

Ақтайлақ амбулаториясында бір мед бике және кіші персонал бар. күндізгі емдеуге 1 орын қарастырылған.

Ауылда 2 кітапхана бар, Бидайық ауылында 2 кітапханашы бар.15 адамға қарастырылған, екіншісі Ақтайлақ ауылында 1 кітапханашы бар 8 адамға қарастырылған.

Бидайық 2014 жылы сумен қамтамасыз етілді, 2018 жылы Ақтайлақ ауылына 100% ауыз су тартылды.

Соңғы электр энергиясына құрделі жұмыс 1998 жылы жасалған.

Бидайық ауылында интернет жүйесі істейді. Ұялы байланыс Билайн.

2019 жылға атаулы әлеуметтік алушылар саны 18 отбасы.

Бағдарламада экономикалық қызметтер, коммуналдық қызметтер, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын құру және т.б. байланысты мәселелер қарастырылған.

Экономикалық салалардың дамуын одан әрі талдау: өнеркәсіп, ШОБ, ауылшаруашылық кәсіпорындары және т.б.

Аймақ тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту; Білім беру, денсаулық сақтау, мәдени және спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту; Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісін кеңейту; Аймақты көркейту; Жылу, ауыз су, электр, байланыс қызметтерін ұсыну, жолдардың жағдайын жақсарту мәселелерін шешу; Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету; Аймақтың санитарлық, экологиялық жағдайына сәйкестігі; Өнеркәсіптік өндіріс көлемін, кәсіпкерлік субъектілері көрсеткен қызметтердің өсуі; Жаңа кәсіпкерлік субъектілерін құру және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту, өнеркәсіпте және шағын бизнесте жұмыспен қамтылғандар санының көбеюі; Инвестициялық жобаларды іске асыру.

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Төмендегі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (сала ұсынған):

- ауылдың ішкі жолдарын жөндеу (асфальт) 3 км

- абаттандыру және көгалдандыру;

- балабақша салу;

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

 

1

2

3

4

5

6

 

I. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

1.1

Жеңіс көшесін жарықтарндыру

Тамыз 2019 жыл

1 000 000

Жергілікті бюджет

Тамыз 2019 жыл

 

1.2

Жастар алаңын қоршау

2020 жыл

3 000 000

Жергілікті бюджет

2020 жыл

 

1.3

Ішкі жолдарды жөндеу

2021 жыл

59,472 млн

Республикалық бюджет

2021 жыл

 

ІІ. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

2.1

Мәдениет үйін күрделі жөндеу

2020 жыл

22,0 млн

Жергілікті бюджет

2020 жыл

 

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.

 


Келулердің саны: 195

Жоғары