print

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылдық округі 2019-2021 жылдарға

 

 

 

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№ 6 « 20 » тамыз 2019 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылдық округі

2019-2021 жылдарға

 

 

 

 

 

 

 

Әзірлеуші: «Ақтау ауылдық округ

әкімінің аппараты» ММ

 

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы

2019-2020 жылдарға арналған Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылдық округті дамыту бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

- Ауылдық округ 1964 жылы құрылды.

-халық саны 569 адам

- ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдар; Ақтау, Айшырақ, Қылыш.

- округтің жер көлемі 479680 гектар.

- жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні 09.01.2015 жыл.

- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны. 22 адам

 

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Ақтау ауылдық округін дамыту

2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 569 адамды құрайды.(Ақтау ауылында -456 адам , Айшырақ елді мекенінде -58 адам, Қылыш елді мекенінде- 55 адам тұрады)

Ақтау ауылы аудан орталығынан қашықтығы 150 шақырым.Округ орталығынан Айшырақ елді мекені 12 шақырым, Қылыш елді мекені 41 шақырым қашықтықта орналасқан.

Барлық тұрғын үй қоры 11,03 мың м2 құрайды.

Ақтау ауылы-8,73 мың м2; Айшырақ елді мекені-1,18 мың м2; Қылыш елді мекені -1,02 мың м2.

Ауылдық округ бойынша 1 ЖШС, 69 ШҚ, 16 жеке кәсіпкер тіркелді.

Мал шаруашылығы - шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

Ауылдық округ бойынша тіркелген мал бастары :

ІҚМ-5856 бас, жылқы -7629 бас, қой-ешкі- 12553 бас, түйе-164 бас, құс-1649 бас.

Шаруа қожалығы иелігіндегі мал бастары:

ІҚМ-4978 бас, жылқы -6878 бас, қой-ешкі- 10786 бас, түйе-164 бас.

Жеке ауладағы мал бастары :

ІҚМ-878 бас, жылқы -751 бас, қой-ешкі- 1767 бас, т құс-1946 бас.

Ақтау ауылы бойынша жеке ауладағы мал бастары:

ІҚМ-719 бас, жылқы -646 бас, қой-ешкі- 1692 бас, құс-932 бас.

Айшырақ елді мекені бойынша жеке ауладағы мал бастары:

ІҚМ-95 бас, қой-ешкі- 50 бас, құс-350 бас.

Қылыш елді мекені бойынша жеке ауладағы мал бастары:

ІҚМ-64, жылқы -105 бас, қой-ешкі- 25 бас, құс-367 бас.

Ақтау ауылдық округі бойынша тіркелген техникалар: трактор, ауылшаруашылық техникалары.

Ауылдық округ бойынша барлық тіркелген техникалар :

Тракторы-95 дана, ауылшаруашылық техникалары-204 дана.

Ақтау ауылында 150 балаға арналғанорта мектебі жұмыс істейді.Қазіргі уақытта оқитын оқушылар саны 105 бала, 30 мұғалім сабақ береді. Мектеп 2010 жылы салынған. Мектепте 30 бүлдіршіндерге арналған миницентр бар.

Мәдениет саласы: 1 мәдениет үйі, 1 меңгерушісі 2 жұмыскер жұмыс істейді. 100 орынға арналған 2016 жөндеу жұмыстары жасалған.

Ақтау ауылында 10 орындық кітапхана ,1 кітапханашы жұмыс істейді. Кітап қоры 8710 дана,оқырмандар саны 488 адам. 1компютер бар бірақ интернетке қосылмаған.

Ақтау ауылына 2014 жылы ұзындығы 8 шақырым болатын орталықтандырылған ауыз су құбыры тартылған. Халық 100% қамтылған

Қылыш елді мекенінің тұрғындары ауыз суды тасып ішеді.

Айшырақ елді мекенінің тұрғындары құдық суын пайдаланады.

Қылыш елді мекеніне дейін 41 шақырым грейдір жолы бар.

Айшырақ елді мекеніне дейін 12 шақырым жай жол.

Округке КАЗТЕЛЕКОМ қызмет жасайды, Айшырақ және Қылыш елді мекендерде байланыс бар.

Интернет әкімшілік, мектеп және ФАП –та бар оларға ҚАЗТЕЛЕКОМ мен ACTEL компаниялары қызмет көрсетеді.

Ақтау округінде интернетпен ұялы байланыс жоқ оның себебі округ шалғай орналасқандықтан.

Барлық елді мекендер электр жарығымен қамтылған. Бұл салаға жөндеу жұмыстары 1992 жылдары жасалған.

Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты және т. б. мәселелерді қозғайды.

Бұдан әрі экономика салаларының дамуын талдау: өнеркәсіп, ШОБ, АШ және т. б.

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бөлінісінде ұсынылады):

- ауылдың ішкі жолдарын жөндеу-2 шақырым жол.

- көшелерді жарықтандыру (көшелердің атауын атап өтуге болады);

- абаттандыру және көгалдандыру;

- мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету (мысалы, волонтерлік негізде);

- шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру

- елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, санкцияланбаған, қоқыстарды жою және т. б..;

 - дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;

- ж т.б.

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

 

1

2

3

4

5

6

 

I.БІЛІМ БЕРУ

1.1

Әскери дайындық ойындары өтетін алаң салу

2020

4 млн.теңге

Жергілікті бюджет

2020

 

1.2

Футбол алаңы

2021

5 млн.теңге

Жергілікті бюджет

2021

 

...

 

 

 

 

 

 

II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2.1

мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету

2019-2021

Демеушілердің қаржысының түсуіне байланысты

Демеушілердің қаржысы

2019-2021

 

2.2

 

 

 

 

 

 

...

 

 

 

 

 

 

III. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ

3.1

ФДА қүрделі жөндеуден өткізу

2019-2020

5 млн.теңге

Облыстық бюджет

2019-2020

 

3.2

 

 

 

 

 

 

...

 

 

 

 

 

 

IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

4.1

3 тұрғын үй салу

2019-2021

30 млн.теңге

Өз қаржыларына

2019-2021

 

4.2

Ауылшаруашылығын дамытуға арналған нысандар салу

2019-2021

70 млн.теңге

Өз қаржыларына

2019-2021

 

...

 

 

 

 

 

 

V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

5.1

Балалар ойнайтын алаң салу

2020

3 млн.теңге

Демеушілердің қаржысы

2020

 

5.2

Балалар ойнайтын спорт алаңын салу

2020

4 млн.теңге

Демеушілердің қаржысы

2020

 

5.3

Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жасау

2020

25 млн.теңге

Жергілікті бюджет

2020

 

5.4

Хоккей алаңын салу

2021

10 млн.теңге

Жергілікті бюджет

2021

 

VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

6.1

Жеңіс көшесіне қоршау орнату

2019

1 млн.теңге

Жергілікті бюджет

2019

 

6.2

Тәуелсіздік көшесін жарықтандыру

2020

1 млн.теңге

Жергілікті бюджет

2020

 

6.3

Ішкі жолдарды жөндеу

2021

7 млн. теңге

Жергілікті бюджет

2021

 

VII. БАСҚАЛАР

7.1

Ауыл көшелерін абаттандыру тал ,гүл егу,т.б жұмыстар.

2019-2021

5 млн. теңге

Жергілікті бюджет

2019-2021

 

7.2

 

 

 

 

 

 

...

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.


Келулердің саны: 78

Жоғары