print

Нормативті-құқықтық актілер

Мемлекеттiк саты палу туралы ҚР Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы

 

Сот шешімімен коммуналдық меншікке

түскен болыптанылған иесіз қалдықтар 

қағидасын бекіту туралы.

  

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодекісінің 20-1 бабына сәйкес Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтар қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулысының орындалысына бақылау жүргізу аудан әкімінің орынбасары Б.Мұқанов тапсырылсын.

           

            Аудан әкімінің м.а.                                                                Қ.Қожықаев

 

     

 

Аудан әкімдігінің 2017 жылғы

«___» желтоқсан № ____ қаулысына

 қосымшасы

 

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып

танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

 

 1. Жалпы ережелер

1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің
20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3. Иесіз қалдықтарды басқаруды аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде «Жаңаарқа ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленеді.

5. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

  

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып

танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларыга сәйкес атқарылады.

7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

 

3. Қорытынды ережелер

10. Қадықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

 

 

 

 


Келулердің саны: 1410

Жоғары