print

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер (2019 жыл)» тақырыбындағы Ашық есік күніне шақырады

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасының

зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер (2019 жыл)» тақырыбындағы Ашық есік күніне шақырады

«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2019 жылдың 19 наурызында сағат 10:00-де Қарағанды қаласы, Бұхар-Жырау данғылы, 82 үй, мекен-жайы бойынша өтетін Ашық есік күніне шақырады.

Шараға қатысушылардың барлығы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемақы жасау туралы толыққанды және өзекті ақпарат ала алады.

Болашақ зейнеткерлерге келесі сауалдар бойынша кеңес беріледі:

  - зейнетақы жүйесін жаңғырту себептері;

  - зейнетақы жүйесіне 01.01.2019 жылдан бастап енгізілген өзгерістер;

  - кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүргізу тәртібіне енгізілген өзгерістер;  

  - 01.01.2019 жылдан бастап бекітілген кесте бойынша жүргізілетін зейнетақы төлемдерін есептеу;

  - базалық зейнетақыға қатысты өзгерістер;

  - Ерікті зейнетақы жарналары.

«БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері осы және басқа да сауалдарға қатысты жан-жақты және толыққанды ақпарат береді. Қатысушыларөздерін толғандырған сауалдарға жауап алумен бірге мамандардан да жеке кеңес ала алады.

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасының  зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер (2019 жыл)» тақырыбындағы Ашық есік күніне шақырады

 


Келулердің саны: 512

Жоғары