print

Оқушылар арасындағы эссе байқауы

Оқушылар арасындағы эссе байқауы

«БЖЗҚ» АҚ «Менің атам/менің әжем – белсенді зейнеткер» тақырыбында 12 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар арасында үздік эссеге байқау өткізетіндігін жариялайды.

Байқауға ұсынылатын материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Жұмыстарды 2018 жылдың 3 қазанынан 4 қарашасына дейін (осы күнді қоса алғанда):

- press@enpf.kz электрондық поштасына;

немесе

- Қордың заңды орналасқан жері – Алматы қ., Әуезов көшесі, 82 мекенжайына жіберу қажет.

Қатысушы байқауға қатысу жөніндегі өтінімді толтырып жібереді. Арнайы бекітілген өтінім нысаны мына сілтемеде көрсетілген: www.enpf.kz. Сонымен қатар байқауға жіберілген жұмыс қолмен салынған суреттер, фотосуреттер және т. б. қосымшалармен толықтырылуы мүмкін.

Байқау қорытындысы БЖЗҚ сайты мен корпоративтік журналында жарияланады.

Қазылар алқасы қазақ және орыс тілдерінде 12-14 жас және 15-18 жас аралықтарында әр топтан үш жеңімпазды анықтайды.

Қазақ тілінде жеңімпаз атанғандардың эсселері балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлан» республикалық газетінде, ал орыс тіліндегі жеңімпаздардың эсселері «Дружные ребята» республикалық газетінде жарияланады.    

Одан басқа, әрбір жас мөлшері мен тіл санаты тобындағы жеңімпаздар кітап дүкендеріне арналған тартулық сертификаттармен марапатталады:

1 орын үшін – 20 000 теңге:

2 орын үшін – 15 000 теңге:

3 орын үшін – 10 000 теңге.

Атап өту керек, байқау комиссиясының құрамында БЖЗҚ қызметкерлерінен басқа «Ұлан» газетінің бас редакторы Жұлдыз Әбділдә, «Дружные ребята» газетінің бас редакторы Әлімжан Акбаров, «Жыл он екі ай» балалар журналының бас редакторы Талғат Айтбайұлы және балалар жазушысы Лиля Калаус бар.

  


Келулердің саны: 559

Жоғары