print

Көпшілік талқылау

Көпшілік талқылау үшін

жоба

 

Жаңаарқа ауданы бойынша

жайылымдарды басқару және

оларды пайдалану жөніндегі

жоспарды бекіту туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

         1. Жаңаарқа ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар қосымшаға сәйкес бекітілсін.

         2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы,                                                

аудандық мәслихат хатшысы                                                       К.Имантусупов

 

Жаңаарқа аудандық мәслихатының

20__ жылғы _________________

№__ шешімімен бекітілген

 

 

Жаңаарқа ауданы бойынша жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі жоспар

 

Іс-шаралар

Кезеңі

Нәтижесі

Іске асыру деңгейі

Қысқа мерзімді (бір жыл)

Ұзсқ мерзімді (екі жылға)

  1. Деректер жинау, анализ және мониторинг.

1.1.  Жайылымдарға кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу(геоботаникалық, топырақтық, су режимі, мал шаруашылығы жүктемесі):

 

+

 Жайылымдарды ұзақ мерзімді және ұтымды пайдалану негізі болып табылады.

 АБ  және РБ,        

 ҒӨОжер

1.1.1.        Жаңаарқа ауданы елді мекендер шегіндегі жайылымдардың жалпы көлемі- 295,5  мың.га

+

 

 Геоботаникалық зерттеулердің құны-23,6 млн. тг. Бір гектарға 80 тенгеден есептегенде

РБ, ҒӨОжер

1.1.2.        Жаңаарқа ауданы бойынша босалқы жер қорындағы жайылымдардың жалпы көлемі –1502,7 мың.га

+

 

  Геоботаникалық зерттеулердің құны-120,2 млн. тг. Бір гектарға 80 тенгеден есептегенде

РБ, ҒӨОжер

1.1.3.        Жаңаарқа ауданы бойынша орман жер қорындағы жайылымдардың жалпы көлемі –6,3 мың.га

 

Геоботаникалық зерттеулердің құны-504мың. тг. Бір гектарға 80 тенгеден есептегенде

РБ, ҒӨОжер

1.1.4.        Жаңаарқа ауданы бойынша ауылшаруашылығы жер пайдаланушылары жайылымдарының жалпы көлемі-1381,6 мың.тг.

+

 

Геоботаникалық зерттеулердің құны-110,5 млн. тг. Бір гектарға 80 тенгеден есептегенде

АШТӨ өз қаражаттары

1.2. Жайылымдар сыйымдылығы және жайылым алқаптарын қайта бөлу карталарын жасау

 

+

Қажетті карталар

РБ, ҒӨОжер

1.3.    Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу картасын  жасау

 

+

Қажетті карталар

РБ, ҒӨОжер

1.4.  Жайылымдарға мониторинг жүргізу, жайылымдардың түріне қарай өнімділігін және сыйымдылығын анықтау

 

+

Карталар–жайылымдарды басқару негізі

ЖАО, ЖҚБ

1.5.Елді мекендер шегіндегі жайылымдардың жалпы көлеміне түсетін рұқсат етілген жүктемеге көлемін сақтау

 

+

 Жайылымдарды пайдаланудың жауапкершілігі мен міндеттемелерін орындауға негіз болып табылады

ЖАО,  ЖҚБ

1.6. Мал иелерін көрсете отырып ауыл шаруашылығы малдарының мал басы туралы  деректер беру

+

 

 Жайылымдарды ұтымды пайдалану негізі

ВБ (ауыл, а/округ әкімдері

1.7. Елді мекендердегі ауыл шаруашылығы малдары бар халық саны және үй шаруашылығы туралы мәліметтер беру

+

 

 Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша ауыл шаруашылығ малдары есебін алу.

 ВБ, ауыл, а/округ әкімдері

1.8. Түрі бойынша және жасы бойынша құралған отарлар, табындар саны туралы  деректер беру

+

 

Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша ауыл шаруашылығ малдары есебін алу.

Ауыл, а/округ әкімдері

1.9. Ауылдық елді мекендердегі ауыл шаруашылығы малдарының жайылу жоспарын беру

+

 

Жер пайдаланушылардың жайылымдарды ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету

Ауыл, а/округ әкімдері

1.10. Ветеринарлық-санитарлық обьектілер туралы  деректер беру

+

 

Ветеринарлық-санитарлық обьектілердін қамтылуы.

ВБ, ауыл, а/округ әкімдері

1.11.Шалғайдағы жайылымдарға жаю үшін құралған ауылшаруашылығы малдарының мал басы туралы деректер беру

+

 Ауыл шаруашылығы малдарының есебін жүргізу

АШБ, ЖҚБ, ВБ, АШТӨ

1.12.Малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер

 

+

 Шалғайдағы жайылымдарға кедергісіз қолжетімділік

АШБ, ЖҚБ, АШТӨ

 2. Ақпараттық  білім әлеуетін күшейту

2.1.Жайылымдарды ұтымды пайдалану шараларын іске асыруда жайылымдық пайдаланушылардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

 

+

жер пайдаланушыларға жайылымдарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету

 

Ауыл, а/округ әкімдері,ЖҚБ

2.2 Жергілікті халықты бұқаралық ақпарат құралдар арқылы жайылымдарды пайдалану туралы ақпараттандыру жөніндегі сөйлеулер,  семинар-кеңестер, басылымдарды  жариялауды арттыру

 

+

 

халықты ақпараттандыру

 

Ауыл, а/округ әкімдері,ЖҚБ,

АШБ

2.3    Жайылымдық жерлерді басқару жоспарын ауданның Интернет-сайтына орналастыру және оларды пайдалану

 

+

 

мөлдір (ашық) қол жетімділік

 

Ауыл, а/округ әкімдері

2.4 Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, Жоспарды іске асыру және оларды пайдалану нәтижелері туралы жыл сайынғы есептер

 

+

 

жоспардың орындалуын қамтамасыз ету

 

Ауыл, а/округ әкімдері

3.  Жайылым инфрақұрылымын дамыту және технологиялық қолдауды жетілдіру 
3.1 Жайылымдарды түгендеу

 

+

 

Жайылымдық жерлерді, соның ішінде табиғи шабындықтарды нақты есепке алу

 

Ауыл, а/округ әкімдері,ЖҚБ,

АШБ

3.2 Жайылымдық айналма схемаларын құру

 

+

 

Жайылымдарды есепке алу

 

Ауыл, а/округ әкімдері,ЖҚБ,

АШБ,ВБ

3.3 Агроөнеркәсіптік кешенде ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру үшін асыл тұқымды шаруашылықтарды ұйымдастыру

 

 

+

Қабылданған жоспар жайылымдарды және олардың суаруын жақсартуға көмектеседі

 

Ауыл, а/округ әкімдері,

АШБ

3.4 Жайылымдарды геоботаникалық зерттеуге негізделген жайылымдық айналу схемасын әзірлеу және бекіту

 

 

+

Жайылымдарды басқару және жетілдіру

 

Ауыл, а/округ әкімдері,ЖҚБ,

АШБ,

3.5 Жоспарды іске асыру және оларды пайдаланудың нәтижелері туралы жылдық есеп

 

+

 

Жоспардың орындалуы жөніндегі есеп

 

Ауыл, а/округ әкімдері,ЖҚБ,

АШБ,

3.6 Аймақтың жергілікті атқарушы органына төмендету және тозған жайылымдар туралы хабарлау 

 

+

Жайылымдардың сапалық сипаттамаларын одан әрі жетілдіру мақсатында

 

Ауыл, а/округ әкімдері

 

Аббревиатуралар:

РБ – Республикалық бюджет;

ЖАБ –Жергілікті аудандық бюджет;

ЖАО – Жергілікті атқарушы орган;

АШБ – Ауыл шаруашылығы бөлімі;

ЖҚБ – Жер қатынастары бөлімі;

ВБ – Ветеринария бөлімі;

ҒӨОжер –Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы;

АШТӨ – Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері.

 

              

 

 

 

 


Келулердің саны: 631

Жоғары