print

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының 2015 -2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және көленкелі экономикағы қарсы іс-қимыл жөніндегі Қарағанды облысында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарын орындауда Жаңаарқа ауданы әкімдігімен 2016 жылы атқарылған шаралар туралы (pdf файл - 444 kб)

«Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары (zip файл - 26 kб)

Аудио клиптерAудио клиптер (zip файл - 24.9 mb)

 

 

Атасу кенті

13 қыркүйек 2019 жыл

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге

құрылған жұмыс тобының «Жаңаарқа ауданының жер қатынастыры бөлімі» ММ-нің жұмысына жасаған қорытындысы

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 5 тармағына сәйкес және ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын беіту туралы» №12 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде нормативтік-құқықтық актілердің Тізілімінде 2016 жылғы 21 қарашада №14441 болып тіркелген) сәйкес және Департамент тарапынан ұсынылған хатты ескере отырып, аудан әкімінің 19.05.2017 жылғы №28нқ өкімімен аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдарда(құрылымдық бөлімдерде), ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінеішкі талдауды жүргізуге жұмыс тобы құрылған.

Жұмыс тобы «Жаңаарқа ауданының жер қатынастыры бөлімі» ММ-нің (әрі қарай - Бөлім) жұмысына 13 қыркүйек күні ішкі талдау жүргізілді. Бөлімнің өз құзыреті шеңберінде әзірленген бұйрық, келісім-шарттарының қолданыстағы заңнамаларға сәйкестігін және қолдану тәртібі қаралды. Жұмыс тобының ішкі талдау жүргізу бойынша дайындалған қорытындысы аудан әкіміне, жер қатынастыры бөлімінің басшысына қарау және шаралар қолдану үшін қорытынды жасалынған кейін ұсынылады.

Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша қаралды:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Жер қатынастары бөлімі Жаңаарқа ауданы әкімдігінің жер қатынастарын реттеу мәселесімен айналысатын уәкілетті органы болып есептелінеді.

Бөлім 2019 жылдың 8 ай 15 күн ішінде 200 ден аса жерге байланысты ауданәкімдігінің қаулыларын әзірлеген, 200 қаулының 170-і жер пайдаланушыларға жер телімдеріне пайдалану құқығын беру, 30 қаулылар ауылшаруашылық субъектілерінің (фермер, шаруа қожалықтарының басшылары ауысуына) байланысты шығарылған. 170 жер пайдаланушылармен Бөлім басшысымен екі жақты жер пайдалану туралы келісім-шарттар жасалынған. Жасалынған келісім-шартта заңбұзушылықтар әрекеттер анықталған жоқ.

Бөлімнің өкілеттігі бойынша әзірлеген қаулылар қолданыстағы заңнамаларға қайшы келмейді, аудан әкімдігімен бекіткенге дейін аудан әкімі аппаратының заңгерлерімен тексеріліп барып аудан әкіміне ұсынылады. Ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлыққа жағдай тұғызатын тәуекелдер анықталған жоқ. Бөлімде рұқсат беру функциялар жоқ.

Бөлім тарапынан 1 нормативтік құқықтық сипаттағы қаулысы «Қоғамдық сервитутты белгілеу туралы» әзірленіп, тіркелген (мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5424 болып тіркелген).

Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімімен 2019 жылдың 01 қыркүйегіне дейін барлығы- 1785 өтініштермен, сұраныс хаттар келіп түсті. Оның ішінде:

- Заңды тұлғалардан түскен өтініштер саны – 68;

- Жеке тұлғалардан түскен өтініштер саны – 450;

- шаруа қожалықтардан – 107.

2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттары бойынша бөлім тарабынан жалпы саны- 533 өтініш қаралып, мемлекеттік қызметтер атқарылып. Оның ішінде:

1. Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекітуге – 106;

2. Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекітуге – 412;

3. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беруге – 8;

4. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы- 7 өтініш түскен.

Барлық мемлекеттік қызметтер стандарттарға сай қабылданған және көрсетілген.

Жыл басынан бастап осы күнге дейін мекемелерден бөлімге-627сұраныс хаттар келіп түскен болатын. Аталған сұраныс хаттарға толығымен жауаптары берілген.

Бөлімде бөлім басшысының бұйрығымен ұйымдастырушылық-басқарушылық, жеке құрам, негізгі бұйрықтар дайындалады.Бөлімнің актілерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.

Бөлімде (әрі қарай -ММ) 6 қызметкерлер жұмыс жасайды, 3 - мемлекеттік қызметкерлер (бөлім басшысы, 2 бас маман), азаматтық қызметкерлер - 3 (бухгалтер, іс-жүргізуші, программист) жұмысқа қабылданғанда бөлім басшысымен еңбек шарттар жасалынған. Бөлімде қызметкерлердің жиі ауысу фактілер анықталған жоқ. Ваканттық орындар жоқ.     

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 1 бабы 5 тармағына сәйкес бөлімде қызметшілер арасында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

Бөлімнің 2-79-63 «сенім телефоны» ретінде аудандық «Жаңаарқа» газетінің бетіне 27.01.2019 жылы жарияланған.

Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімімен мемлекеттік сатып алу бойынша 1 конкурс өткізілді. Конкурс барлық заңнамалық актілерге сәйкес өтті. Заңбұзушылықтар жоқ.

Бөлімнің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бойынша атқарып жатқан жұмыстары тексерілді.

Осы бағытта ММ 02-21 номенклатуралық нөмерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар» папкасы ашылған, Бөлімнің іс-жоспары, бөлім қызметкерлерінің біліктілік талаптары, антикоррупциялық стратегиясының орындалысы жөнінде анықтамалар тігілген.

Бөлім басшысы А.Құрмашевтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы есебі Жаңаарқа ауданы әкімінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу комиссияның іс-шаралар Жоспары бойынша комиссия отырысында ағымдағы жылдың маусым айында қаралды.

Бөлім басшысымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау жөніндегі түсіндірме жұмыстары тоқсанына бір рет жүргізіледі. Және де осы Кодекстің мәтіні бөлімге кіре беріс дәліздегістендтарда орналастырылған. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық фактілер туралы хабарлау үшін call centre 1424 нөміріне хабарласу туралы ақпараттық стенд орналастырылған.

Жоғарыдағылардың негізінде, жұмыс тобының Бөлімге байланысты беретін ұсынымдары:

1) қызметкерлер арасында мемлекеттік қызметкерлердің әдептік тәртіп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысы туралы Бөлімде құқықтық дәрістер өткізілсін;

2) ақпараттық сауаттылықты арттыруға бағытталған тақырыптық баннер орнатылсын;

3) аудан әкімі аппаратының сайтында регламент, стандарт, инфографикалар жаңартылсын;

4) Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу шараларды негізге ала отырып тиісті шаралар жүргізілсін;

5) ұсынымдарды негізге ала отырып, Бөлім тарапынан тиісті шаралар жүргізілсін, орындалысы жөнінде ақпаратты аудан әкімінің аппаратына 2019 жылдың 1 қарашаға дейін жолдансын.

   

Топ жетекшісі:                           А.Әбдіғожин

Топ мүшелері:                            Р.Кошмагамбетова

Б.Ақыжанов

Ж.Ускембекова

М.Біргебай

таныстым: жер қатынастары

бөлімінің басшысы:                    А.Құрмашев

 

 

Атасу кенті

16 қаңтар 2019 жыл

 

Жаңаарқа ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік

жолдары бөлімінің жұмысына сыбайлас жемқорлық

тәуекелдерін ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының қорытындысы

Аудан әкімінің өкімімен құрылған жұмыс тобыөзінің жұмыс кестесі бойынша 2018 жылдың желтоқсан айына жоспарланған Жаңаарқа ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдарыбөлімінің (әрі қарай-Бөлім) жұмысына ішінара ішкі талдау жүргізілді.

Бөлімінің жұмысын тексеруде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша қаралды:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімге қатысты бүгінгі күнде мемлекеттік қызметтің 1 түрі көрсетіледі. Атап айтсақ: «Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру».

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандарттары ақпараттандыру тақсатсында орналастырылған. Бөлімнің жұмыс регламенті стандартқа сай жұмыс мерзімімен сәйкес келеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қызмет алуға қажетті жағдайлар жасалған.

Адайда көрсетілетін қызметте кемшіліктер бар, олар:

1. Бөліммен көрсетілетін қызметтің регламенті ақпараттандыру тақтасында толығымен орналастырылмаған;

2. мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жасалмаған, дөнгелек үстел отырыстары өткізілмеген, ақпараттық сауаттылықты арттыруға бағытталған бөлме кеңселерінде тақырыптық баннерлер орнатылмаған, тоқсан сайын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер есептері уақытылы тапсырылмайтыны анықталды.

2018 жылы Бөлімге бөлімнің жасаған қызметі бойынша азаматтардан 38 өтініштер түскен, жауаптары толығымен берілген.

Мемлекеттік қызметтер бойынша түскен өтініштердің жалпы саны – 136, өтініштер ХҚКО арқылы келеді және аудандық тұрғын үй комиссияның отырысында қаралады.

Бөліммен барлық өтініштерге жауаптар шешімдер ретінде беріледі (тұрғын үй есебіне алғандығы туралы немесе тұрғын үй есебіне қойылмағандығы туралы). Азаматтардын өтініштеріне жауабы өтініш иелеріне ХҚКО арқылы беріледі. Бөлім қызметкерлері өтініш иелерімен жүзбе-жүз кездеспейді және де олармен байланыста болмайды.

Бөлім электрондық құжатайналым, Е – қызмет, ЕДС (единая диспетчесркая служба) ақпараттық жүйесі және «Халыққа қызмет көрсету орталығы ақпараттық жүйесі» (ИС ЦОН) бағдарламаларменкүнделікті жұмыс атқарады.

Аудан тұрғындары Бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөніндегі ақпаратты Жаңаарқа ауданы әкімінің сайтынан немесе аудан әкімдігінің ғимаратында бөлім орналасқан дәліздегі стендтарданкөруге болады.Бөлімнің кіре берісінде орналасқан дәліздің қабырғасында басшының жеке және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдау кестесі орналастырылған. Және ұсыныстар мен шағымдарды қабылдау үшін арнайы жәшік орнатылған.

Бөлім басшысымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау жөніндегі түсіндірме жұмыстары тоқсанына бір рет жүргізіледі. Және де осы Кодекстің мәтіні бөлімге кіре беріс дәліздегістендтарда орналастырылған. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық фактілер туралы хабарлау үшін call centre 1424 нөміріне хабарласу туралы ақпараттық стенд орналастырылған.

Бөлім басшысының тарапынан бұйрықтар шығарылады, Бөлімде екі номенклатуралық іс-папкалар бар «жеке құрам», «негізгі бұйрықтар». Іс-папкалар номерленіп, тігілген. Жеке құрам бойынша 42 бұйрық, негізгі - 108 бұйрық шыққан.

Бөлім басшысы тарапынан шығарылған құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.

Негізгі бұйрықтар, жеке құрамға байланысты және Бөлімнің өкілеттігі бойынша шыққан бұйрықтар қолданыстағы заңнамаларға қайшы келмейді, ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлыққа жағдай тұғызатын тәуекелдер анықталған жоқ. Бөлімде рұқсат беру функциялар жоқ.

Мемлекеттік сатып алулар бойынша бөлімде жыл сайын жылдың басында қаңтар айының 20-на дейін мемлекеттік сатып алулардың жылдық Жоспары бекітіледі, 2018 жылға арналған жылдық Жоспары қаңтар айында бекітілген.

Жоспарға жылдың ішінде өзгерістер басшының бұйрығымен енгізілген, ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлыққа жағдай тұғызатын тәуекелдер анықталған жоқ.

Бөлімде (әрі қарай -ММ) 9 қызметкерлер жұмыс жасайды, 3 - мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық қызметкерлер - 6 (бухгалтер, жүргізуші, еден жуышы, іс-жүргізуші, заңгер-кеңесшісі) жұмысқа қабылданғанда бөлім басшысымен еңбек шарттар жасалынған. Бөлімде қызметкерлердің жиі ауысу фактілер анықталған жоқ. Ваканттық орындар жоқ.    

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 1 бабы 5 тармағына сәйкес бөлімде қызметшілер арасында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

Бөлімнің 2-83-85 «сенім телефоны» ретінде аудандық «Жаңаарқа» газетінің бетіне 27.01.2018 жылы жарияланған.

Екіншіден: Бөлімнің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бойынша атқарып жатқан жұмыстары тексерілді.

Осы бағытта ММ 02-21 номенклатуралық нөмерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар» папкасы ашылған, Бөлімнің іс-жоспары, бөлім қызметкерлерінің біліктілік талаптары, антикоррупциялық стратегиясының орындалысы жөнінде анықтамалар тігілген.

Бөлім басшысы Ж.Бөгенбаевтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы есебі Жаңаарқа ауданы әкімінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу комиссияның іс-шаралар Жоспары бойынша комиссия отырысында ағымдағы жылдың наурыз айында қаралады.

Жоғарыдағылардың негізінде, жұмыс тобының Бөлімге байланысты беретін ұсынымдары:

1) қызметкерлер арасында мемлекеттік қызметкерлердің әдептік тәртіп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысы туралы Бөлімде құқықтық дәрістер өткізілсін;

2) ақпараттық сауаттылықты арттыруға бағытталған тақырыптық баннер орнатылсын;

3) аудан әкімі аппаратының сайтында регламент, стандарт, инфографикалар жаңартылсын;

4) Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу шараларды негізге ала отырып тиісті шаралар жүргізілсін;

5) ұсынымдарды негізге ала отырып, Бөлім тарапынан тиісті шаралар жүргізілсін, орындалысы жөнінде ақпаратты аудан әкімінің аппаратына 2019 жылдың 1 наурызға дейін жолдансын.

   

Топ жетекшісі:                           А.Әбдіғожин

Топ мүшелері:                            Р.Кошмагамбетова

Б.Ақыжанов

Ж.Ускембекова

М.Біргебай

З.Тахауиева

   

таныстым: ТҮКШ, ЖК және АЖ

бөлім басшысы:                         Ж.Бөгенбаев  


Келулердің саны: 2808

Жоғары