Салымшы (алушы) мекен-жайы өзгерген жағдайда бұл туралы БЖЗҚ-ын ескертуге міндетті ме?
2013 жылдың 21 маусымында қабылданған № 105-V «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының 39 бабы 4 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының салымшылары мен БЖЗҚ-ның алушылары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сай БЖЗҚ-ны Қор міндеттемелерін орындауға ықпал ететін барлық өзгерістер туралы бұл өзгерістер туындаған сәттен бастап, он күнтізбелік күн ішінде ескертуі тиіс.
Бұған салымшы тиісті хабарландыру тәсілін таңдаған болса, электрондық және пошта мекен-жайын өзгерту жатады.
1) Зейнетақымен қамтамасыз ету келісім-шартта көрсетілген пошта мекен-жайының өзгергені туралы, егер Сіз «пошта арқылы» деген зейнетақы салымдары туралы хабарландыру тәсілін таңдаған болсаңыз, БЖЗҚ-на жеке өзіңіз барып немесе пошта байланысы арқылы, аты—жөніңіз, тегіңіз, туған жыл, ай-күніңіз, жеке идентификациялық номеріңіз (ЖИН) көрсетілген, жеке куәлігіңіздің көшірмесі салынған хабарлама арқылы ескерте аласыз.
2) Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім-шартта немесе ақпараттандыру әдісін белгілеу/өзгерту туралы қосымша келісімде ақпараттандыру әдісі ретінде «электрондық пошта(e-mail)» деп көрсеткен болсаңыз, осы электрондық мекен-жай өзгерген жағдайда, бұл туралы Қорды ескертуіңіз керек. Көңіл аударатын жәйт, Сіз электрондық мекен-жайыңыздың өзгергені туралы тек ЖЗБҚ офисіне өзіңіз барып қана ескертуіңізге болады.
Егер салымшы (алушы) өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін тұрғылықты мекен-жайын өзгертіп, бұл туралы Қорды ескертпеген болса, 2017 жылға пошта арқылы жіберілген үзінді-көшірме БЖЗҚ-ға қайтып келеді. Сонымен қатар, қолданыстағы заңға сәйкес, БЖЗҚ келесі жылы үзінді-көшірмені пошта арқылы жөнелтпеуге құқылы.
Егер ағымдағы жылдың 1 қаңтарына салымшының (алушының) тиісті жылдың 1 қаңтарына ЖЗШ-да қаржысы болмаса немесе оны хабарландыру әдісі туралы тиісті келісім жасалмаса, БЖЗҚ оны зейнетақы жинақтау шотының жай-күйі туралы хабарландырмауға құқылы. БЖЗҚ мамандары салымшыларға өздерінің жеке мәліметтерін жаңартып, және/немесе хабарландырудың жаңа тәсілін таңдау үшін Қордың жеке қызмет көрсету орталықтарына баруға кеңес береді.