print

Өрт сөндіру бекеті ашылды

 Өрт сөндіру бекеті ашылды

Тұңғыш Президент күніне орай ауданымызға қарасты Ақтау ауылдық округінде өрт сөндіру бекеті ашылды. Қызыл жалынға қарсы бекеттің салтанатты ашылуына арнайы қатысқан  аудан әкімінің міндетін атқарушы Қанат Қожықаев құттықтау сөз сөйлеп, жаңа нысанның лентасын қиды. Аудан басшысының міндетін атқарушымен бірге лента қиюшылардың қатарында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Бауыржан Бадылбаев пен ауыл тұрғыны Мәнсүр Әбдіғалымов та болды.

Аталмыш ауыл өрт қауіпі жоғары аймақтардың бірі болып саналады. Себебі, аудан орталығынан 135 шақырым шалғайда жатқан Ақтау ауылы таулы және жазық далалы жерде орналасқан. Сондықтан бұл аймақта өрт деректері жиі тіркелетін. Енді оқыс оқиға өрбіген жағдайда халық аудан орталығының бригадасын сарылып күтпей-ақ, ауылдың ортасындағы жасақталған қызметтің шұғыл көмегіне бірден жүгінетін болады.

Аудандық қазынадан  бөлінген 4 миллионнан астам қаражатқа өрт сөндіру бекеті қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, ақтаулықтарға облыстық төтенше жағдайлар департаменті «Зил» маркалы өрт сөндіргіш машинасын сыйға тартты.

Бүгінгі күні өрт сөндіру бекеті 6 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қызметкерлердің барлығы арнайы оқыту курсынан өткен мамандар.

 

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі


Келулердің саны: 1010

Жоғары