print

Салымшы қанша қаражат жинағандығын және шотына қандай инвестициялық табыс есептелгендігін қалай біле алады?

Салымшы қанша қаражат жинағандығын және шотына қандай инвестициялық табыс есептелгендігін қалай біле алады?

Бұл салымшы үшін ең басты ақпарат. Оны мынадай жолдармен алуға болады: Нақты айтар болсақ: 

- салымшы зейнетақы жинағының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде (республика бойынша Қордың 231 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді);

- пошта байланысы арқылы (үзінді-көшірме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтінішінде көрсетілген мекенжайына жеткізіледі);

- электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының ЖЗШ ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімге қол қою кезінде көрсеткен электрондық поштасына жолданады);

- логин мен құпия сөзді (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөліміне кіріп,(логин мен құпия сөзді қолдану арқылы ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға да болады)өтініш жасау арқылы ала алады.

- egov.kz электрондық үкіметі арқылы. Бұл қызмет www.egov.kz порталында «Азаматтар» категориясы – «Әлеуметтік қамсызданлдыру» айдары - «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлімінде қолжетімді. Бұл қызметті пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкімет порталында тіркелу қажет.   

2017 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 786 365 мың адам үзінді-көшірмелерін өздерінің электрондық мекенжайларына алса, шамамен 3,7 млн адам ақпаратты сайт арқылы және әр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкіндігіне ие.  

Бір миллионнан астам адам ұялы қосымшаны пайдалана бастады. Мұның барлығы тұрғындардың зейнетақы жинақтарына деген қызығушылығының арта бастағандығын көрсетеді.  Ал оның көлемі тұрақты түрде артып келеді. Естеріңізге сала кетелік, 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,5 трлн теңгеден асты. Жыл басынан бергі өсім 853 млрд теңгені құрады.

2017 жылдың 9 айы ішінде салымшылардың зейнетақы шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 462 млрд теңгеден асты. 2017 жылдың 1 қаңтарынан 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,68 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция 4,2 пайыз болды. 


Келулердің саны: 800

Жоғары