print

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бір реттік, уақытша «медициналық қызметтерді тұтынушы» мәртебесін беру тәртібі

1. «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысының 1-тармағына (бұдан әрі – № 224 ҚРҮҚ) сәйкес мыналарды:

- қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейін жеке практикамен айналысатын адамдарды, ШОБ субъектілерін МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды төлеуден;

- қаулыға 2-қосымшаға сәйкес төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы                       1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейінгі кезеңде басталатын міндеттемелер бойынша қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерін босату көзделген.

2. Микро, шағын, орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс берушілері (бұдан әрі - жұмыс берушілер) және жеке практикамен айналысатын адамдар ай сайын «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның «Saqtandyry» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – Қор АЖ-сы) жеке сәйкестендіру нөмірлерін (бұдан әрі-ЖСН) көрсете отырып, төлемнен босатылған адамдардың тізімін есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ұсынады.

3. Төлем төлеуден босатылған адамдардың тізімін берудің дәйекті алгоритмі, сондай-ақ жұмыс берушілер, жеке практикамен айналысатын адамдар үшін ЖСН бойынша осы тұлғаларды енгізу Қордың АЖ-не сипатталған:

атап айтқанда, бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (бұдан әрі-БСН) тіркеуге рұқсат етілген ұйымдардың тізіміне енгізілді (осы тізімде БСН болмаған жағдайда ұйымды тіркеу мүмкін емес).

Жұмыс берушілер, жеке практикамен айналысатын адамдар үшін Қордың АЖ-не кіру және тіркеу жеке кәсіпкердің немесе заң ұйымының қолданыстағы валидтік электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі-ЭЦҚ) болған кезде ғана жүзеге асырылады.

Қордың АЖ-де тіркеуді жүзеге асырғаннан кейін өздерінің ЭЦҚ-сы бар жұмыс берушілер және жеке практикамен айналысатын адамдар (не уәкілетті тұлғалар) Қордың АЖ-не төлеуден босатылған тұлғалардың шынайы мәліметтерін (ЖСН) ұсыну мақсатында міндетті түрде пайдаланушылық келісімдерге қол қояды.

4. Төлеуден босатылған адамдардың тізімі болмаған жағдайда, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі – Қор) оларға көрсетілген кезеңде МӘМС қорға төлеген жарналарды немесе аударымдарды ескере отырып, 2020 жылғы қаңтардан бастап сәуірге дейін алынған төлем тапсырмасына сәйкес «медициналық қызметтерді тұтынушы» мәртебесін береді.

5. Төлемнен босатылған тұлғаларда «медициналық қызметтерді тұтынушы» мәртебесі болмаған жағдайда, Қор АЖ-да:

1) жұмыс орнынан анықтама ұсыну;

2) бұйрықты сканерленген түрде немесе жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін ұсыну;

3) осы Нұсқаулықтың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасына жүктеу;

4) содан кейін «сақтау», содан кейін «жіберу» батырмасын басу керек.

«Saqtandyry» АЖ 1 (бір) айға медициналық қызметті тұтынушы туралы «уақытша» мәртебе пайда болады;

Қордың жауапты қызметкері төлемнен босатылған тұлғалардың тізімде бар-жоғын салыстырып тексеруді жүргізуі тиіс, Қордың АЖ-да техникалық қате анықталған жағдайда олардың мәртебесін өзектендіру жөніндегі мәселені пысықтайды.

6. Осы нұсқаулық 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейін қолданысқа енгізілетін 3-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейін қолданылады.

Жаңаарқа ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы


Келулердің саны: 87

Жоғары