print

Халық қамы – басты назарда

Апта сайын аудан әкімімен өтетін «Әкім сағаттарында» аудан тұрғындары тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, түрлі мәселелер айтылады. Көбінесе карантин талаптары жайлы және қазіргі эпидемиялогиялық жағдайдағы әлеуметтік төлемдер туралы мәселе қозғалады. Осы аптада өткен онлайн кездесуге Жаңаарқа ауданының бас мемлекеттік   санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Жадыра Кадрина және «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің басшысы   Шолпан Ибраева қатысып, жоғарыда айтып өткен сұрақтар бойынша халыққа толыққанды жауаптарын берді.

Бұдан бөлек те тұрғындар тарапынан жол, электр жарығы, ауыз су және жаңадан қолданысқа берілген тұрғын үйлердің қосымша жөндеу жұмыстарын талап ететіні туралы өтініштерін білдірген болады.

Осы орайда, аудан әкімі Юржан Бекқожиннің тікелей тапсырмасымен, әкім орынбасары Айқын Елеусізов «Жаңа нұр» ықшам ауданының тұрғындарымен жүздесіп, көкейлеріндегі мәселелерін тыңдады және бірқатар мәселенің көп ұзамай шешілетінін жеткізді.

Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары өзінің жұмыс сапарының барысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында салынып жатқан жаттығу залы бар бассейннің және 464 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты.

И.Рахымбаева, аудан әкімінің баспасөз хатшысы


Келулердің саны: 52

Жоғары