print

Жолдауға қолдау

Мемлекет басшысы бүгінгі кезекті Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын жасады. Қасым-Жомарт Тоқаев оны Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жариялады. Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтып, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге аса назар аударуды тапсырды. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғарылату және «Отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керек. Барлық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілуі тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Келесі жылдан бастап осы бағытта нақты нәтиже күтемін», - деді Мемлекет басшысы

Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдады. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта беретінін айтты. «Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, «Әлі күнге дейін нақты бір онлайн платформа жоқ», - деді Мемлекет басшысы. Осы бағытта жүйелі жұмыс жасауды тапсырды.

Елімізде әр 6 отбасында бала жоқ. «2021 жылдан «Аңсаған сәби» жобасын іске қосуға тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар зорлық-зомбылық, педофилия қылмыстардың жазасы күшейтілетінін айтты.

2021 жылы 700 мың БЖЗҚ салымшысы жинақтарын баспана сатып алуға ала алады. Бұл бүгінгі күні баспанаға қол жеткізе алмай жүрген әр қазақстандық үшін қуантарлық жағдай.

Спорт саласына үлкен мән беру қажет дейді Мемлекет басшысы. Осы бағытта спорт секцияларының жұмысын күшейтіп, балаларға арналған спорт кружоктарын ашуды таспырды.

Экология тәрбиесін нығайту, экологиялық тәрбие беруді нығайтып, әкология мәдениетіне аса мән беруді тапсырды. Осы бағытта тәртіп бұзғандардың заң алдында жауапқа тартылуын тапсырды.

Мемлекет басшысы «Білімді болуға оқу керек, Бай болуға кәсіп керек, Күшті болуға бірлік керек»- деп А.Байтұрсынұлының ұранын айтып, «Дамыған, Зайырлы Ұлт қалыптастыру үшін – әділдіктен айнымай, адалдық, ұқыптылықты серік еткеніміз дұрыс. Ысырапшыл мен даңғазалық, жауапсыздық, бос сөзшеңдік жақсылыққа жетелемейді. Ауқымды, үлкен міндеттер мен стратегиялық бағыттарды жемісті жүзеге асыруда үлкен еңбек, бірлік пен татулық керек»- деп кезекті Қазақстан халқына Жолдауын аяқтады. Жоғарыда айтылған мәселелер мен жік-жігімен бөлініп берілген тапсырманы орындау біздің мақсатымыз деп білемін!

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

Замзагуль Такауиева


Келулердің саны: 63

Жоғары