print

Жолдау пікір

1-қыркүйек күні ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын арнады. Әдеттегідей маңызды құжатта көптеген көкейде жүрген мәселелер қозғалып, оның шешілу жолдары да ұсынылды.

Мемлекет басшысы Жолдауын елімізде орын алған жағымсыз жайт - короновирус індеті кезінде аянбай еңбек еткен дәрігерлерге, басқа да жауапты мамандарға алғыс айтудан басталды. Дерттің ауыр кезеңі басылғандай көрінгенімен, әлі де толық беті қайтқанша екі жыл уақыт қажет екенін жеткізді.

Әлемді дендеген пандемия әсері ел экономикасына кесірін тигізбей қойған жоқ. Жолдаудың маңызды бөлімі де осы әлсіреген экономикалық-әлеуметтік саланы жетілдіруге арналды. Үкіметке тұрақтылығымызды сақтап, алдағы күндері өрлеуге қадам басуымыз үшін нақты жоспарлар жасау тапсырылды.

Оның ішінде ауылшаруашылық секторын дамытудың маңыздылығы айтылды. Жер алу, ұзақ мерзімі несие алу, кәсіби мамандардың тапшылығы секілді мәселелердің шешімін тез арада қолға алу қажет. Технологияны дамыту, әсіресе суару технологиясын енгізу қаншама жұмысты жеңілдетенін ескертіп өтті. Ауылшаруашылық шикізатын өңдеуді дамыту керек екендігін атап өтті.

Маңызды құжатта көптеген салалардың дендеген мәселелері сөз болды. Кейбірінің нақты шешімдері айтылса, енді кейбірінің шешімін табу үшін нақты жоспарлар мен бағдарламалар жасауды жауапты мамандарға тапсырды.

Жолдауда айтылған мәселелер ол халықтың басындағы мәселелер. Сондықтан оның шешімі үшін барлығымыз жұмыла жұмыс жасап, күш біріктіртіруіміз қажет. Біз міндетті түрде қиындықты еңсереміз!

 

Аудандық «Жаңаарқа» газетінің бас редакторы

С.Ералина


Келулердің саны: 57

Жоғары