print

Еңбек шарты бойынша ұлттық санақтарға дайындық және өткізу жөніндегі нұсқаушыларды қабылдау туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаменті» РММ (100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 10, №123 кабинет, анықтама телефоны: (8-7212) 41-45-31, факс: (8-7212) 41-45-70, электронды мекенжайы: statkrg@economy.gov.kz) қосымшаға сәйкес елді мекендерде қабылдауды жариялайды.

Жұмыс кезеңі: 2020 жылғы 15 маусымнан бастап 15 қарашаға дейін.

Функционалдық міндеттері: ұлттық халық санағына дайындық іс-шараларын өткізу, жаппай-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, санақ персоналын оқыту және жұмысын үйлестіру, лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді орындау

Лауазымдық жалақы

Санат

Еңбек өтіліміне байланысты мамандық бойынша жұмыс.

(0-25 және одан артық жыл), теңге

min

max

С-2

72 557,70

85 476,51

С-3

58 577,07

65 121,96

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: С-2 санаты – жоғары, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жұмыс өтіліне талап қоймай. С-3 санаты – жалпы орта білім.

Білуі: ұлттық санақтарын өткізу сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілері, еңбек заннамасының негіздері.

Іскерлігі мен дағдылары: жұмыста дербес компьютерді (Microsoft Office – Word, Excel, Power point бағдарламаларды білу), планшетті, офистік көшірме жасау, аудио және бейне техниканы пайдалану бойынша, электрондық почта және Интернеттің әртүрлі браузерлерде жұмыс істеу бойынша.

Жеке құзыреттері: көшбасшылық, талдамалық пайымдау, кәсіпқойлық, нормативтілік, ықпал ету, жоспарлау және ұйымдастыру, жауапкершілік, нәтижеге бағдарлану, командада жұмыс, ауызша және жазбаша коммуникация, әдептілік нормаларын ұстану, эмпатия, клиентке бағдарлану.

 

Қонкурсқа қатысу үшін түйіндемелер (таңдалған елді мекенді көрсетумен) Статистика департаментінің электрондық және почталық мекенжайына немесе қолма қол аумақтық статистика басқармаларында 2020 жылғы 12 маусымға дейін қабылданады.

 

Анықтама үшін қосымша байланыс телефоны:

Жаңаарқа ауданының Статистика басқармасы 8(710-30) 2-67-47

 


Келулердің саны: 121

Жоғары