print

Кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды қолдау

Жаңаарқа ауданвы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салықтөлеушілердің назарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына сәйкес бизнесті қолдаудың келесі шаралары енгізілгенін жеткізеді:

1. Мынадай салықтар мен әлеуметтік төлемдердің:

• төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының;

• жеке практикамен айналысатын тұлға дербес төлейтін жеке табыс салығының;

• дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардың (жеке кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерді қоспағанда) мөлшерлемелеріне «0» коэффициенті белгіленген.

Ережелер мынадай салықтөлеушілер мен олардың қызметкерлеріне қатысты қолданылатын болады:

міндеттемелері бойынш атөлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде басталатын

• жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, медиаторлар, ЖСО және т. б.)

• қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері үшін

Мысалы: автомобильдердің бөлшек саудасы, ТҚС, мейрамханалар мен қонақүйлердің қызметі, шаштараз және сұлулық салондарының қызметтері, құқық саласындағы қызмет, білім беру мекемелері. 20.04.2020 жылғы № 224 ҚР ҮҚ 1-қосымшадағы барлық тізбе.

міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейінгі кезеңде  басталатын:

• 20.04.2020 жылғы № 224 ҚР ҮҚ 2-қосымшасына сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін.

2. Мүлік салығының мөлшерлемелеріне «0» коэффициенті белгіленген:

2020 жылғы 1 сәуірден бастап 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңге:

  • әуе айлақтарындағы ұшу-қону жолақтары мен әуежайлардың терминалдары бойынша;
  • жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін

3. Әуе кемелері лизингімәмілелерін техникалық қызмет көрсету және заңды сүйемелдеу бойынша резидент емес үшін есептелген қосылған құн салығын төлеу бойынша кейінге қалдыру:

  • 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қаңтарға дейін: әуе жолаушылар көлігі қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденттері-салықтөлеушілері үшін

Бұл ретте, аталған салықтөлеушілер резидент емес үшін есептелген қосылған құнсалығының сомасын есептелген қосылған құнсалығының сомасы 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін бюджетке төленген жағдайда резидент емес тен осындай жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу салық салынатын айналым деп танылған салық кезеңінде есепке жатқызады.

4. төлем көзінен ұсталынатын жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар мен аударымдардың салықтарын салуға:

  •Эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № 28/202020 бұйрығына сәйкес 2020 жылғы 1 наурыздан бастап төленетін үстемеақылар жатпайды

5. 2019 жылғы міндеттемелер бойынша салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімі 2020 жылғы 31 наурыздан 2020 жылғы 31 мамырға ауыстырылды.


Келулердің саны: 173

Жоғары