print

Салық есептілігі нысандарын ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы

...

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы»
2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 19, 212-баптарын басшылыққа ала отырып, салықтық есептілікті электрондық нысанда ұсынған кезде, келесі нысандардың ұсыну мерзімін 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзарту:

  1. корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00, 110.00, 150.00, 180.00 нысандар);
  2. жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00, 240.00 нысандар);
  3. жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация
    (230.00 нысан);
  4. көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация (700.00 нысан);
  5. қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация (870.00 нысан);
  6. жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00 нысан);
  7. тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация (912.00 нысан);
  8. бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация
    (920.00 нысан).

Жаңаарқа ауданы бойынша МКБ


Келулердің саны: 122

Жоғары