print

ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

   Жаңаарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы өтініштерді, хаттар мен сұрау салуларды Электрондық үкімет порталы (Egov.kz) арқылы жолдауды сұрайды. Ол үшін сіздерге порталда электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тіркелу қажет, содан кейін «Электрондық өтініштер» сервисін таңдап, берілген нысанды толтыру қажет. Осы сервистің көмегі бойынша тізімнен қажетті мемлекеттік органға өз өтінішіңізді жазып, жібере аласыз, бұл ретте түсінбеушілікті тудырмау үшін өтінішті қоса тіркеуді ұмытпаңыздар. Өтінішті қағаз жүзінде әкелетін азаматтар өз өтінішінде міндетті түрде байланыс телефондарын ЖСН (жеке тұлғалар), БСН (заңды тұлғалар) көрсету қажет, мүмкіндігінше жеке басын куәландыратын куәліктердің көшірмелерін, егер де сенімхат арқылы жүгінсе, сенімхат көшірмесін қоса беру қажет, өтініште жеке басын куәландыратын қолды міндетті түрде қою қажет.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8(73010) 26076 ; қабылдау бөлімі 27938 телефоны арқылы хабарласыңыздар

Бірыңғай электронды пошта мекен-жайы : kan_3022@jnr.taxkrg.mgd.kz


Келулердің саны: 130

Жоғары