print

Аудан әкімі Юржан Асанұлы Бекқожиннің халық алдында есеп беру кездесуіндегі баяндамасы

...

Құрметті жерлестер!

Бүгін аудан әкімінің есебі ғана емес, жергілікті биліктің халық алдындағы есеп беруі деп білемін.

Халқымызда: «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» деген сөз бар екенін жақсы білесіздер.

Мен сіздердің алдарыңызға біріншіден, атқарылған жұмысымыз жайлы есеп беру үшін, ал екіншіден, өздеріңізбен кеңесу үшін келіп тұрмын.

Барлығыңыз білесіздер, біздің Жаңаарқа ауданы  облыс бойынша көлемі жағынан үлкен аудандардың бірі болып табылады. Ауданымызда 34 мың 462  адам тұрады. Яғни, бұл осыншама тағдыр деген сөз. Сол тұрғындарымыздың өз мәселелері, өз айтарлары бар.

Шынын айту керек, аудан тұрғындарының әрқайсысының тағдыры мен өмірі, мәселесі бізді алаңдатады. Біз бұны жақсы түсінеміз және сол мәселелерді шешу жолында нақты жұмыстар жүргізіп келеміз.

Бүгінгі есебімді, бірінші кезекте, бір ай бойы өткізілген барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есебінің қорытындысы деп білемін, екіншіден, бұл маңызды кездесудегі баяндамамды өткен жылғы шараларды тізіп беру емес, жұмыстың сапасын дұрыс өлшеп, сол арқылы болашаққа қойылған жоспарларға өзгеріс енгізу деп қарастырамын.

Осы кездесуге дейін әкімдер 35 есептік кездесу өткізіп, оларға 2 жарым мыңға жуық адам қатысты.

Бүгінгі таңдағы тілдесу құралдары -  ватсап, телеграм, әлеуметтік желілер және сайт арқылы байланысқа шыққаннан гөрі, әрине, жүзбе-жүз диалогқа түсу қашан да ыңғайлырақ. Сондықтан, бүгінгі кездесу сіздер мен біздердің арамыздағы байланысты күшейте түсетін үлкен алаңға айналатынына сенімдімін. Есебімді  осы залда отырғандар ғана емес, сондай-ақ, есептік кездесуді әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирден көріп отырған тұрғындар да тыңдап отыр.  Бұл үлкен аудитория.

Соңғы екі жұма ішінде әкімдікте телефон қоңыраулары мен хаттарды қабылдауға арналған жедел желі жұмыс жасады. Ал, ауыл тұрғындарының кейбір мәселелері ауылдық округтерде өткен есептік кездесулерде шешімін тапты.

Жақында ел ағалары – ауданның ақсақалдарымен кездесіп, ұсыныстарын тыңдап, бірқатар  сұрақтарына жауап бердім. Сіздердің тараптарыңыздан түскен сұрақтардың барлығының қаралатынын айтқым келеді.

Сіздерге құрғақ цифрлар мен көрсеткіштер, олардан шыққан пайыздар үнемі қызықты бола бермейтінін түсінемін. Бірақ, ол сандардың әрқайсысына жауапты тұлғалар бар және  ол цифрлар сіздердің алдарыңыздағы біздің жауапкершілігіміздің бір дәлелі. Мен нақты осыған назарымды аударғым келіп отыр.

Ең алдымен, өткен жылдағы есептік кездесуімде келіп түскен сұрақтар мен өтініштерге қысқаша тоқталайын.

Былтырғы кездесуде тұрғындардың тарапынан 26 өтініш пен ұсыныс түскен болатын. Оның 16-сы толық орындалып, 10 мәселенің шешімін табу үшін жұмыстар жүргізілуде. Олардың бірқатарына тоқтала кетейін:

Аудан орталығындағы Достық көшесінің 35-ші үйден 45-ші үйге дейін ауыз су құбырларын тарту туралы өтініш - аудандық қазынадан 3 млн.200,0 мың теңге қаржы бөлініп, су желісі тартылды.

Аралбай батыр көшесінен Байдалы би көшесіне бұрылыс жолға тас жол салу мәселесіне келетін болсақ, 6 млн. теңге бөлініп, бұл көшеге маусым-шілде айлары аралығында тас жол төселді.

О.Жұмабеков орта мектебінің сыртқы қоршауын ауыстыру туралы ұсыныс бойынша, кентте орналасқан «Тәуелсіздік» саябағының қоршаулары алынып, мектеп ұжымының күшімен сыртқы қоршауы ауыстырылды.

 Сондай-ақ, былтырғы кездесуде Сарысу өзенінің жағалауындағы және Сарысу көшесінің бойындағы қалдықтарды жинау туралы өтініш  білдірген болатынсыздар. Көктем шығысымен «Жаңаарқа-Жылу» мекемесінің техникасымен тазаланып, 7 камаз қоқыс шығарылды.

Аудандағы көппәтерлі тұрғын үйлерді орталық кәріз жүйесіне қосуды аяқтау туралы мәселесі бойынша, 9 көппәтерлі тұрғын үй толықтай орталық кәріз жүйесіне қосылды. Олар: Дүйсен орамында 6 үй және 3 үй Сәдуақасов көшесінде.

Сондай-ақ, аудан оқушыларын 9-сыныптан кейін техникалық білімге бейімдеу үшін Ғ.Жарылғапов аграрлық колледжіне жіберу мәселесі бойынша шаралар атқарылды. Білім бөлімінің басшысымен, мектеп директорлары және ата-аналармен кездесу өткізіліп, ұсыныс жасалды.

 Оқушыларды мектепке тасымалдау жұмысын дұрыс жолға қойып, ұйымдастыру туралы айтылған мәселеге тоқталатын болсам, «ДЭУ»        және темір жолдың артқы жағы маршруты бойынша екі 22 орындық микроавтобус балаларды тасымалдау жұмысын толық атқарып отырды. Бұл шараға 3 млн. 568 мың қаражат жұмсалды.

Н.Әбдіров көшесіне жарық шамдар орнату мәселесі  биылғы 2020 жылға жоспарлануда.

 Ералиев көшесіндегі ескі балалар ойын алаңын жаңарту туралы білдірілген ұсыныс биылғы 2020 жылдың жоспарына енгізілді.

Ю.А.Гагарин мектебінің жанынан жалғасқан спорт зал салу туралы білдірілген ұсынысқа айтарым, бұл жұмысқа аудандық бюджеттен 4145,0 мың теңге бөлініп, жобалау-сметалық құжаттары дайындалу үстінде.

Былтыр аудан орталығына бассейн салу туралы ұсыныс жасалған болатын. Бұл мәселе бойынша жобалау-сметалық құжаттар толық жасалып, «Жаңаарқа» тойханасының жанынан жер телімі белгіленді. Облыстық бюджеттен 500,0 млн. теңге қаражат бөлу үшін сұраныс жасалды.

Сондай-ақ, Сары Тоқа көшесіне жарық шамдар орнату бойынша, 5 млн.553,0 теңге бөлініп, 29 дана жарық шам орнатылды.

Оразалы Жұмабеков атындағы мектептің жанына тротуар салу және көлік жылдамдығы кедергісін орнату мәселесі шешілді. Аталмыш мектептің жанынан өтетін А.Сейдімбеков көшесіне көлік жылдамдығын азайту кедергісі мен жол белгісі орнатылды.

І Ертіс орамына су құбырын тарту туралы мәселесіне келсек, аудандық бюджеттен 3 млн. 400,0 мың теңге қаражат бөлініп, «Тазазу» мекемесі қыркүйек айында 1  шақырым 100 метр су құбырын тарту жұмыстарын жүргізді.  

Сонымен қоса, былтыр жас маман тарапынан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы несие алу мәселесі айтылған. Аталған бағдарлама бойынша маманға 3 млн. 787 500 теңге несие  бөлініп, М.Камилов есімді азамат Атасу кенті, Ж.Дүйсенов орамынан пәтер алды.

Тұрғын үй алу мәселесіне келетін болсақ, Елбасының тапсырмасына орай, 2019 жылы аудандық бюджеттен көпбалалы аналарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша бөлінген қаражат арқылы 6 200 000 теңгеге көпбалалы ана Ульяна Қожабаева Атасу кенті, Т.Игіліков көшесіндегі 30-шы үйді алды.

Сондай-ақ, Орманбаев көшесіне асфальт төсеу туралы  өтініш орындалды. Аудандық бюджеттен 13 599 000 теңге қаражат бөлініп, маусым айында аталмыш көшенің 1 шақырым автокөлік жолына асфальт төселді.

Аудан орталығында орналасқан «Мерей» қонақ үйі ғимаратын сатып алып, аудандық орталық ауруханаға қажетті қосымша кабинеттер етіп қолдану туралы ұсыныс білдірілген болатын. Аталған ғимаратты сатып алу мәселесі облыс әкімдігіне ауданның проблемалық мәселесі ретінде жеткізілді. Бүгінгі күні ғимаратты сатып алуға қаражат қарастырылуда.

Ақтау ауылының мектебіне жаңа қазандық орнату туралы өтініш түскен болатын. Аталмыш білім ордасына 3 дана жаңа жылыту қазандығы орнатылды.

Ақтүбек ауылдық округі, Манадыр ауылының мектебіне баратын жолға жарық шамдар орнату жайлы ұсыныс бойынша айтарым, жергілікті өзін өзі басқару есебінен 779 мың теңге бөлініп, 10 дана жарық шам орнатылды.

Бидайық ауылының тұрғыны Нұрдаулет Абдукаримов дейтін азаматты ауылының мектебіне денешынықтыру пәнінің мұғалімі етіп жұмысқа орналасуына ықпал ету туралы өтініш білдірілген болатын. Аталмыш маман 2019 жылдың 1-қыркүйегінен бастап Бидайық жалпы орта білім беретін мектебіне денешынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданды.

Сонымен қатар, Түгіскен ауылдық округіндегі балабақшаның жанынан балалар ойын алаңын салу бойынша айтылған мәселе шешімін тапты. «Жеңіс» асыл тұқымды заводы ЖШС-нің демеушілігімен 700 000 теңге бөлініп, «Еркетай» бөбекжайының жанынан балалар ойнайтын алаң орнатылды.

Қымбатты жаңаарқалықтар!

Мен бүгін әдеттегідей алдарыңызда бірден есеп беруден алшақтап, баяндамамды экономикалық көрсеткіштерден емес, өзім айтқандай, сіздерден былтыр келіп түскен сауалдарыңыз бен өтініш-ұсыныстарыңызға  жауап беруден бастауды жөн көрдім. Өздеріңіз тыңдағандай, былтырғы сіздердің тараптарыңыздан туындаған біраз мәселе шешімін тапты. Дегенмен, әлі орындалмаған бірқатар шаралар бар. Бұл бағытта да жұмыстар жасаудамыз.

Өздеріңіз білесіздер, өткен жыл ауданымыз үшін ілкімді істерге толы, белсенді де, жемісті жыл болды. Былтыр аудан тұрғындарының жарасқан ынтымағының арқасында ауданымызда жерлесіміз, қазақ халқының біртуар ұлы, ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойы мен жасампаз Жаңаарқамыздың 90 жылдық торқалы тойын ойдағыдай атқардық. Ауданымызда Қазақстан бойынша алғаш рет қымыз пісуден әлемдік рекорд орнатылды. Жылдың соңында Ақтөбе қаласында қазақ күресінен өткен әлем чемпионатында бас жүлдені жеңген жерлесіміз Айдос Ғалымов «Әлем чемпионы» атағына ие болып, қазақ елінің  абыройын асқақтатты.

Тағы бір еліміздегі айтулы оқиға - былтыр Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өкілеттілігін тоқтату туралы шешім қабылдап, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің Президенті болып сайланды. 2-қыркүйекте жаңадан сайланған Мемлекет басшысы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын халыққа жолдады. Өз Жолдауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойды. Президенттің Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындап, жетістіктерге қол жеткізуге облыс көлемінде әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары Жаңаарқа ауданының қосқан үлесі баршылық. Олай болса, ауданымыздың көрсеткіштеріне тоқталайын.

Былтыр аудан бойынша жалпы 101 млрд.059,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өнім көлемі 6  млрд. 359 млн. теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 131,1 пайызға артты.

Баршаңыз жақсы білесіздер, еліміздің экономикасы үшін де, халқымыздың әлеуметтік жағдайы үшін де, ауылшаруашылығы саласының маңызы өте зор. Бұл еліміздің дамуының стратегиялық бағыттарының бірі. Бүгінгі күні ауданымыздың агроөнеркәсіптік кешенінде үш жауапкерлігі шектеулі серіктестік, бір өндірістік кооператив, 7 ауыл шаруашылық кооперативі, сонымен қатар, 798 шаруа қожалықтары жұмыс жасайды. Оның ішінде: егін шаруашылығымен 28 шаруа қожалықтары, мал шаруашылығымен 770 шаруа қожалықтары айналысады. 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында аудан көлемінде тиісті жұмыстар атқарылуда.

2019 жылы ауыл шаруашылығының барлық санаттары бойынша 28 млрд. 280,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда (22 млрд. 425,4 млн.), 26,1 пайызға өсті. Шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша 15444,3 тонна ет (тірі салмақта), 49335,5 тонна сүт, 2 млн.715,5 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет (14846,7 тг.) 104,0%, сүт (47447,3 тн) 104,0%, жұмыртқа (2 млн. 625,8 мың дана) 103,4%-ға орындалды.

Шартты мал басы 133628 басты құрап, өткен жылмен (129412 бас) салыстырғанда 3,3 пайызға артты.

Ірі қара мал – 64 772

Сиыр – 36 676

Қой және ешкі – 116 744

Шошқа – 111

Жылқы – 67 855

Құс – 21 418

Түйе - 210

Үстіміздегі жылы 28 шаруа қожалықтарымен 12000 га алқаптан  12140  тонна астық жиналды. 2018 жылмен салыстырғанда (11904тн) 101,6 пайызға орындалды. Жұртшылық пен шаруашылықтар арқылы 5150 тонна картоп жиналып, 2018 жылмен салыстырғанда (5100тн) 101,0 пайызға орындалды.

 2340 тонна көкөніс жиналып, 2018 жылмен салыстырғанда (2300тн) 101,7 пайызға орындалды.        3388 гектарға көпжылдық шөп егілді. Өткен жылмен (2000га) салыстырғанда 1388 гектарға артық егілді.  Шөп дайындау науқаны бойынша жоспарланған 250 000 тонна шөп толықтай дайындалып, барлығы 100 пайыз қыстақ бастарына тасымалданды.

Үстіміздегі жылы етті мал шаруашылығын дамыту бойынша «Сыбаға» бағдарламасының аясында 2018-2019 жылдар ішінде «КазАгро» қаржылық институттары арқылы алған 383 млн. 700 мың теңге несиеге ауданымыздың 14 шаруа қожалығы шет елдерден 511 бас ірі қара малын әкеліп, өсіруде. Жоспардағы 2250 бас отандық қой малының орнына, 3361 бас алынып, жылдық жоспар 149,3% орындалды. Тұқымдық түрлендіруге байланысты бордақылау алаңдарынан жоспардағы 218 бас асыл тұқымды бұқалардың орынына 483 бас алынып, жоспар 222% немесе 2 есеге орындалды. Экспортқа 217 тонна ет өткізіліп, жылдық жоспар (195 тонна) 111,3%, орындалды.

Бордақылау алаңдарына 2366 бас бұқашықтар өткізілді.

Ауыл шаруашылығы саласына салынған инвестиция көлемі 1млрд. 146 млн. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы техникаларын жарақтандыру ұдайы назарымызда. Жыл басынан бері шаруа қожалықтары барлығы 63 жаңа әртүрлі маркадағы техникалар алды. Оның ішінде, 53-і «КазАгроҚаржы» АҚ  арқылы алынса, 10-ы өз қаражаттары есебінен жаңартылды.

Ауданымызда индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы (2015-2019 жылдар) аясында жобалық құны 398 млн. 375 мың теңгеге 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. «Жанболат» шаруа қожалығының басшысы Арфилова Раушан Серікқызының дайындаған инвестициялық жобасы - «Ет өңдеу және шұжық өнімдерін өндіру» бойынша. Жобаның құны - 31,6 млн. теңге. Оның ішінде өз қаражаты есебінен 13,6 млн. теңгеге цехтың қажетті құрал-жабдықтары алынды. «Даму МИО» бағдарламасы аясында 50% кепілдемемен 8,5 пайыздық үстемемен 18,0 млн.теңге несие алып, ет өңдеу және шұжық өнімдерін өндіру цехының құрылыс жұмыстарын жүргізді. Жобалық қуаты жылына 80 тоннаға дейін шұжық өнімдерін өндіру.

«Бірлестік» шаруа қожалығының басшысы Ахметов Қуат Сәтжанұлының дайындаған инвестициялық жобасы - «Етті қайта өңдеу, ет өнімдерін өндіру және асыл тұқымды еділбай қойын өсіру». Жобаның құны - 220 млн. теңге. Барлығы өз қаражаты. Жобаны толықтай іске қосу 2022 жылға жоспарлануда. Жобалық қуаты жылына вакуумдық қаптамада оралған түрінде етті қайта өңдеу арқылы 79 тоннаға дейін ет өнімдерін шығару. Іске қосылған кезде 20 жаңа жұмыс орнының ашылуы күтілуде.

Қазіргі кезде жобаны жүзеге асыру мақсатында 6 мал тұратын қора жай және жұмыскерлерге арналған 6 пәтерлі үй салынуда. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының аясында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының негізінде 146 млн. 775,5 мың теңгеге жетіспейтін инфрақұрылым. Тоқ тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жыл ішінде 103 млн. теңгенің жұмысы игеріліп отыр. Оның ішінде: өз қаражаты  есебінен 60 млн. теңгеге асыл тұқымды «Еділбай» қойлары алынса, 43 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары атқарылды. Моңғол республикасының Баян-Өлгей аймағынан құрамында 44 мүшесі бар 11 отбасын көшіріп әкелді.

Облыс әкімдігінің бекітілген тапсырмасына сәйкес, жыл сайын ауданымыздың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «Ауыл-Береке» жәрмеңкесіне қатысады. 2019 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері: 2 мәрте «Нұр-Сұлтан» қаласында, 20 рет Қарағанды, Жезқазған және Қаражал қалаларында «Ауыл-Береке» жәрмеңкелеріне қатысты. Жәрмеңкелерде нарық бағасынан 15-20 пайызға төмендетілген бағамен 136 млн. 500 мың теңгеге 89,4 тонна ет, 10,0 тонна балық және 9,5 тонна сүт өнімдері саудаға шығарылып, сатылды. Сонымен қатар, «Қымыз», «Бауырсақ» фестивальдері ұйымдастырылды.

Мал ауруларының алдын алу, оларды емдеу, санитарлық тұрғыда таза жануарлар өнімдерін өндіру және адамзатты түрлі аурулардан сақтап, қоршаған ортаны қорғауда ветеренария саласының атқаратын рөлі зор.  Аудан бойынша ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар бойынша жұмыстар жасалып, бүгінде жоспар жүз пайызға орындалды.

Қазақстан Республикасының жер телімдері мемлекеттік және жеке меншік түрінде болатыны және жер телімдерін жеке және заңды тұлғаларға бөліп беру жергілікті атқарушы органның құзырында екені баршамызға мәлім. Осы орайда, ауданымызда жер қатынастары бөлімі арқылы бірқатар жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылдың 8 тамызында өткізілген конкурста ауданның босалқы жер есебінен жалпы көлемі – 95721,5 гектар, оның ішінде: егістік – 595,48 га, шабындық – 342,89 га, жайылым – 94141,26 га жер телімдері бөлінді. Бұл көрсеткіш аудан бойынша жоспарды 184% орындады.  2019 жыл  бизнес объектілері үшін арналған жер телімдеріне екі аукциондар өткізілді. 6-мамырдағы аукцион нәтижесінде 21 шығарылған жер телімінен жалпы көлемі - 1229  6 жер телімі ойнатылып, бюджетке 2 млн. 651 мың 703 теңге, 2-қыркүйектегі аукцион нәтижесінде 17 шығарылған жер телімінен жалпы көлемі - 1382  3 жер телімі ойнатылды. Бюджетке 111 мың 546 теңге түсті. Жаңаарқа ауданының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен (2019 жылдың 23 қарашасындағы №112/01) қаулысы мен (2019 жылдың 6-желтоқсанындағы №47/323) шешімі негізінде Талдыбұлақ ауылдық округінің шекараларын бекітуге Қарағанды облысының әкімдігіне және мәслихатына ұсыныс жасалды. Қазіргі уақытта, құжаттар облыс әкімдігінің қарауында. Сонымен қатар, бұрынғы Жәйрем-Атасу еркін экономикалық аймағының Жаңаарқа ауданына тиесілі жерлері бойынша жаңадан схемалық сызба дайындалып, облыс әкімдігіне жолданды.

Ауданымыздың дамуы мен өркендеуіне зор үлесін қосып келе жатқан тағы бір сала – кәсіпкерлік саласы.

2019 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өнеркәсіптік өнім көлемі 6 млрд.359,5 млн. теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 131,1 пайызға (2018 жылы – 4 849,7 млн. теңге) орындалды. Нақты көлем индексі– 125,8%

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында (2015-2019 жылдар) ауданымызда  2018  жылдан  бастап  жалпы  құны 3 млрд. 829,4 млн. теңгеге 3 жоба облыстық үйлестіру кеңесінің шешімімен өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілді. Атап айтсақ, екеуі ауылшаруашылық саласынан үшінші жоба М.Жұмажанов атындағы ауылдық округте орналасқан «Қужал» кен орнының базасында бағалы металдар мен полиметаллдарды байыту өндірістік кешенін салу» жобасы. Жобаның құны – 3 млрд.577,8 млн. теңге.

2019 жылғы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 62 млрд. 59,4 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда  707,9%. (2018 жылдың 12 айы - 8 млрд. 767,2 млн. теңге) Нақты көлем индексі – 625,4 пайызды құрады.

Тіркелген шағын және орта бизнес субьектілерінің саны – 2385 бірлікті құрап, өткен жылмен  салыстырғанда 108,6% асты. (2018 ж. – 2197 нысан).

Шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар – 5335 адам, өткен жылмен салыстырғанда 106,2% (2018 ж. – 5022).

Өндірілген өнім көлемі– 13 млрд. 684,5 млн. теңге, өткен жылмен  салыстырғанда 103,3% орындалды. (2018 ж. – 13253,5 млн. теңге).

 Бөлшек сауда айналымынан 2 млрд.027,0 млн. теңге түсім түсіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 117,3% орындалды. (2018 ж. – 1727,4 млн. теңге)

Сондай-ақ, өткен жылда облыс бойынша аудандар мен  қалалар аралығында 16 тармақтан тұратын шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы көрсеткішінің қорытындысына сәйкес ауданымыз 12 көрсеткіш бойынша 1-ші  орыннан көрінді.

Баға талдауын жүргізу және инфляциялық үдерістерді тұрақты ұстап тұру үшін кешенді жұмыстар жүргізілуде. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің 19 түріне бағаны көтермеу мәселесі бойынша жұмыс ұйымдастырудамыз. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне 5-10 пайыз мөлшерден артық негізсіз бағаны көтермеуге аудан әкімімен 105 азық-түлік дүкендерінің жетекшілерімен ынтымақтастық меморандумға қол қойылды (оның ішінде 62 – Атасу кентінде, 43 –  ауылдық округтерде). Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға күнделікті мониторинг жүргізілуде. Сонымен қатар, белгіленген сауда жасайтын орындарда жеке кәсіпкер Р.Советовпен  келісілген ынтымақтастық меморандумға сәйкес жылдың аяғына дейін өсірілген картоп өнімін (30 тонна) 1 кг 65 теңгеден көтермей сату ұйымдастырылып, сатылды.

2019 жылы жалпы аудан бойынша 2 млрд.481 млн. 42 мың теңгеге 338 жоба несиеленді:

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 202 жоба 960 млн. 880 мың теңгеге мақұлданды. Оның ішінде «Жаңаарқа» ЖШС Несие серіктестігі арқылы 50 жоба 316 млн. 290 мың теңгеге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 152 жоба 644 млн. 590 мың теңгеге қолдау тапты.

Аталған бағдарламаның ІІ-ші бағыты бойынша қайтарымсыз грант – 110 адамға 54 млн. 287 мың 500 теңге берілді, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, мүгедектерге және жастарға.

Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 12 жоба қолдау тапты.

Субсидиялау механизмі бойынша 8 жоба 1 млрд. 278 млн. 814,5 мың теңгеге, сонымен қатар, кепілдеме механизмі бойынша 4 жоба 101 млн. 335 мың теңгеге.

 «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында грантқа 18 жоба ұсынылып, конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша 2 жоба 4,1 млн. теңгеге қолдау тапты.

Олар:

1. ЖК Жиренбаева М. оптика салонын ашу  үшін – 3,0 млн. теңге.

2. ЖК Жұмабеков Д. Құс өсіру қызметіне құрал жабдықтар алу үшін – 1,1 млн. теңге.

Өткен жылы «Ауылдағы жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдауға бөлінетін Қарағанды облысы әкімінің грантын» 3 жас жеңіп алып, 1,0 мың теңгеден иеленді.

Нұрғали Ерқанат Жұмағалиұлы – «Кілем тазалау мекемесін ашу» жобасы 1,0 млн. теңге.

Алпысов Бекмұрат Съездұлы – «Кілт шеберханасын ашу» жобасы 1,0 млн. теңге.

Салықпаев Мейрамбек Сағатұлы – «Дәнекерлеу цехы» үшін 1,0 млн. теңге.

Мемлекеттік-жеке серіктестік аясында 2 жоба жүзеге асырылды. Атасу кентінде 100 орындық «Балауса» бөбекжайы ашылды. Жоба жетекшісі - жеке кәсіпкер Бекежанова Бағдат Шакарбайқызы. Жобаның жалпы құны 30 млн. 760 мың теңге. Оның ішінде: «Даму МИО» мемлекеттік бағдарламасы аясында - 25,0 млн.теңге, өз қаражаты - 5 млн. 760 мың теңге.

Атасу кентінде 60 орындық «Дария» бөбекжайы ашылды. Жоба жетекшісі жеке кәсіпкер Орманалиева Асем Ерғалиқызы. Жобаның жалпы құны 40 млн.теңге.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында аудан бойынша 7 жоба 119,2 млн. теңгеге қолдау тапты.

Демографиялық көрсеткіштер 1000 тұрғынға шаққандағы  бала туу көрсеткіші  көтеріліп, ана, сәби өлімі, қатерлі ісік,    туберкулезбен ауырғандар саны  азайып отыр.          

Біздің ауруханамызда дәрігерлердің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлініп келеді.  Былтырғы жылы жоғары білімді дәрігер мамандарынан-5 дәрігер, 24 медбике өз білімдерін жетілдіріп келді. Аудандық ауруханаға 4 жас маман жұмысқа алынды. (Терапевт-1, гинеколог маманы-1, хирург-1, жалпы тәжірибе дәрігері-1.) Ұтымды жабдықталған, замануи диагностикалық  технологиялар емделушіге жоғары сапалы амбулаториялық дәрігерлік жәрдем көрсетуге көптеген мүмкіншілік береді.  2019 жылы ауруханаға тредмил жүйесі (бағасы-11млн. 966 мың 657), флуороцентті анализатор (4 млн. 400 мың), фетальді монитор (1млн. 620 мың), биохимиялық анализатор (6 млн.) аппараттары  алынып, халықтың игілігіне жұмсалуда. Барлығы 24 млн. теңгеге алынды.

  2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауданымызда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды. Жаңаарқа ауданының орталық аурухана емханасында  тіркелгендер саны 29109 адамды құрайды. Ауданның орталық аурухана емханасында тіркелген, бірақ сақтандырылмаған, Атасу кенті, ауылдық округтер, бөлімшелер бойынша жалпы саны 5550 адамды құрайды.

 Аудандық ауруханада әлеуметтік медициналық сақтандырылу жүйесіне тіркелмеген тұрғындарға, өз төлем жарнасын осы аурухана ішіндегі терминал арқылы, алысқа бармай-ақ төлем жасауға мүмкіншіліктер қарастырылған.

Экономиканы дамытудың,  жетістікке жетудің басты құралы – ол ұрпаққа сапалы білім беру болып табылады. Білім саласына аудан бойынша 2019 жылы 3 млрд.189 млн. 145,0 мың тг. бөлініп, игерілді. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша  518  мұғалім курстан өтті(56%). Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен 300 оқушы киім-кешекпен қамтамасыз етілді.

Әлеуметтік жағынан осал отбасыларда тәрбиеленіп отырған 35 бала Шымкент қаласында жазғы сауықтыру лагерінде демалды.

    Білім бөліміне қарасты 23 мектепте ыстық тамақ беру ұйымдастырылған. 6100 бала (99%) ыстық тамақпен қамтылса, әлеуметтік көмек қажет ететін отбасыларда тәрбиеленіп отырған 517 (9%)  оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған (бір балаға – 480 теңге).

«Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық акция аясында 323 балаға 2 млн. 800,0 мың тг. көлемінде материалдық көмек (мектеп формасы, сыртқы киімдер, мектеп құралдары, т.б.) берілді.   Мектептердің материалдық-техникалық базасын толықтыруға 67 млн. 840,0 мың тг. жұмсалды. (66 458,0 мың тг. игерілді.) 8 мектепке 72 млн. 511мың. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2018-2019 оқу жылында мектепті 297 оқушы аяқтады. ҰБТ тапсырған оқушылар саны -199, оның ішінде 11 оқушы «Алтын белгіге» бітірді. Жоғары оқу орындарына -192,  колледждерге – 101 түлек түсіп, 4 түлек жұмысқа орналасты.

Аудан жасөспірімдері мен жастарының өз денсаулығын нығайту, салауаттылық өмір салтын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға аданымызда спорттық

нысандардың өз мәнінде жұмыс істеуі зор мүмкіндіктер туғызуда. «Модуль» спорт кешені, 6 футбол-хоккей алаңдары, 1 орталық стадион (оның ішінде жеңіл атлетикалық алаң, футбол, волейбол, секіру және лақтыру алаңдары), 17 стандартты спорт зал (мектептердің спорт залдары) және жалпы спорт түрлеріне байланысты 77 алаң жұмыс атқарады.

Аудан спортшылары облыстық «Сарыарқа-2019» 33-ші жазғы ауыл спартакиадасына қатысып, жүлделі орын алды. Бұқар жырау ауданында өткен ат спорты фестивалінде аудан құрамасы аударыспақтан ІІ орын иеленді. Жекелеген  спортшылар облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары деңгейден көрініп, жеңімпаз және жүлдегерлер атанды. Нариман Тұтқышев қазақ күресінен «Азия» чемпионы болды.

2019 жылы 70 спортық іс-шара жоспарланып өткізілді. Оның ішінде 3 Республикалық турнир, 8 облыстық деңгейдегі жарыстар өткізілді. С.Сейфуллиннің 125 жылдығы мен Жаңаарқа ауданының  90 жылдығына арналып түрлі спорттық жарыстар өткізілсе, той кезінде қазақ күресі, аламан бәйге, топ бәйге, аударыспақ, қол күресінен жарыстар өтті. Аудан құрамасы облыстық деңгейдегі 15 түрлі жарыстарға қатысып, онда  500-ге тарта спортшы бақ сынасты.

Қоғамның тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқаты -  көп жағдайда халықты әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кепілдіктердің деңгейіне байланысты болады. Аудан бойынша әлеуметтік салаға 402 миллион 364 мың теңге бекітіліп,  игерілді. Аз қамтылған  көп балалы отбасылырға төленетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке (шартты және шартсыз ақшалай көмек) бөлінген қаражат барлығы 266 миллион 306 мың теңге бөлінді. Ол 373 аз қамтылған көп балалы отбасы, 2061 адам. (шартты  және шарттыз ақшалай көмек)

Сондай-ақ,  46 отбасына, оның ішінде 137 адамға 1 миллион 423 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді. «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында, мүгедектерді әлеуметтік оңалту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аудан бойынша мүгедектердің саны 1289 адам, оның ішінде I топтағы мүгедектердің саны -105, II топтағы - 484 адам, III топтағы 571, ал мүгедек балалардың саны-1292019 жылдың 15-ақпаны күні Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылуына  30 жыл толуына байланысты 19 Ауған соғысының ардагерлеріне  1 миллион 900 мың теңге бір реттік материалдық көмек көрсетілді.

Чернобыль атом электростанциясындағы болған апатқа қатысқандар мен мүгедектеріне 10 адамға 1миллион теңге төленді. Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнін атап өту қарсаңында 173 адамға  - 7 миллион 30 мың теңге төленді. 1 қазан - қарттар күні қарсаңында Зейнетақы төлеу орталығының тізімі бойынша 75 жасқа келген және 75 жастан асқан 860 қарт адамға  4 миллион 30 мың  теңге төленді.    8 қазан - Мүгедектер күніне І-ІІ-ІІІ топ мүгедегі және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, барлығы-1413 адамға 7 миллион  65 мың теңге төленді. 2019 жылы «Д» есепте тұрған туберкулез ауруына шалдыққан 29 адамға бір реттік материалдық көмек беруге 2 миллион 197 мың теңге төленді. Өмірлік қиын жағдайларына байланысты жеке өтініштері бойынша 35 азаматқа материалдық көмек көрсетілді, оның ішінде көп балалы аналар -11 адам. 

Қарағанды қаласындағы Зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған пансионатқа 20 адам әлеуметтік қызметтер алуға құжаттарын тапсырып, денсаулықтарын сауықтырды, оның ішінде 1 мүгедек, 3 адам тыл еңбеккерлері, 16 көп балалы аналар.

Мүгедектердің қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, мәдени-көріністік ұйымдар мен спорт кешендерімен қоса, әлеуметтік инфрақұрылымға, қоғамның әлеуметтік өміріне қиналмай қол жеткізу мақсатында  100 ғимаратқа түгендеу (паспорттау) жасалып, қолжетілімділік интерактивтік картасы порталына енгізілді.

2019 жылға жұмыссыздар есебінен 1458 адам өтініш білдіріп, оның ішінде: тұрақты жұмысқа – 966 адам; жылдық жоспардың 103% (жоспар – 937адам). қоғамдық жұмысқа – 600 адам; жылдық жоспардың 100% (жоспар - 600 адам). Әлеуметтік жұмыс орындарына – 50 адам; жылдық жоспардың 125% (жоспар – 40 адам). жастар тәжірибесіне – 54 адам; жылдық жоспардың 145% (жоспар – 37 адам). Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 119 адам; жылдық жоспардың 152% (жоспар – 78 адам), несие алған – 229 адам, жылдық жоспардың 135% (жоспар – 181 адам). Бастау Бизнес жобасын оқыған – 329 адам. Жылдық жоспардың 313% (жоспар 105 адам). Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант беру – 110 адам. Жылдық жоспардың 100% (жоспар 110 адам). Еңбек нарығындағы белсенді шаралар нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі - 3,6% құрайды. (жастар жұмыссыздығының деңгейі - 4,8%, әйелдер жұмыссыздық деңгейі - 4,5%). Облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,6%. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 373 отбасы (2061 отбасы мүшелері) алды. Кедейшілік деңгейі 5,9%. (үйдегі табыс адам басына шаққанда 20 мың 199 теңгеден аз болса) 2019 жылға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға жоспарланған қаражат толығымен игерілді.            Бүгінгі күнге 105 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 41 адам арнайы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырды. Оның ішінде 3 адамға қоғамдық жұмысқа, 8 адамға тұрақты жұмысқа жолдама берілді.

Ауданның саяси ахуалына келетін болсақ, бүгінгі күнге дейін аудан аумағында наразылық акциялар, пикеттер немесе басқа заңсыз әрекеттер орын алған жоқ. Жалпы алғанда ауданымызда қоғамдық-саяси ахуал бірқалыпты. Жергілікті билік пен халық арасында тікелей байланыс орнату мақсатында ауданда 12 шілде күні ТЕЛЕГРАММ әлеуметтік желісінде «Жаңаарқадағы мәселелер» атты арнайы топ ашылды. Бұл жобаның басты мақсаты - әр тұрғын жергілікті мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырмай, уақытын жібермей, кез-келген уақытта туындаған мәселесін көтеріп, оған тиісті мемлекеттік мекеменің басшысы немесе оның орынбасары (бар болған жағдайда) көтерілген мәселені шешу үшін тиісті шұғыл шараларды ұйымдастырып, жауап береді.

 Облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес, аудан аумағында 3 мешіт салуға рұқсат берілген, 2 мешіттің құрылысы басталып, 1 мешіттің құрылысы толығымен аяқталды.  

Діни экстремизмнің, терроризмнің қауіпін, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, дәстүрлі исламның, қазақстандық құндылықтарын түсіндіру мақсатында бірқатар кездесулер өткізілді.  

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану мен насихаттау жұмыстары бақылауда тұр. 

Халықтың өмір сүруіне жайлы орта қалыптастырып, тұрғындарды тіршілікте қауіпсіздікпен қамтамасыз ету – бүгінгі күндегі біздің басты міндетіміз. Олай болса, осы тұрғыдағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтейін:

 Былтыр аудан басындағы 20 көпбалалы анаға тұрғын үй берілді. Сонымен қатар, өткен жылы облыс бойынша көп балалы, толық емес отбасылар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды несиелендіру бойынша "Бақытты отбасы" бағдарламасы іске қосылды. Аудан бойынша бұл бағдарлама аясында үй алуға 19 адам құжат тапсырып, оның ішінде 2 көп балалы, 3 толық емес және 1 мүгедек баласы бар отбасы баспаналы болды. 

2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымы 1 қазаннан басталып, жалпы аудан бойынша бүгінгі күнге барлық мектептер, балабақшалар, бюджеттік мекемелер мен көпқабатты тұрғын үйлерге жылу толығымен беріліп отыр. Аудан бойынша 8 локалдық жылу қазандықтары мен 45 АСО жылумен қамтамасыз етеді. Жылу желілерінің ұзындығы 15,6 шақырымды құрайды. 151 әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандарды жылумен қамтиды:

-білім ошақтары барлығы 33 оның ішінде 11 нысан орталықтандырылған жылу жүйесімен, 22 нысан дербес жылу қазандықтарымен жылытылады.

-мәдени ошақтар барлығы 14, оның ішінде 13 нысан дербес жылу қазандықтарымен жылытылады.

 -медицина бірлестігі барлығы 12, оның ішінде 1 орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 11 нысан пешпен жылытылады;

-спорт кешені барлығы 3 нысан оның ішінде 1 локалдық қазандығынан,2 дербес жылу қазандықтарымен жылытылады.

-аудан бойынша 84 көп қабатты үй бар, оның ішінде жылумен қамтамасыз етілетін 80 көп қабатты тұрғын үйлер бар, оның барлығы Атасу кентінде орналасқан оның ішінде 76 үй орталықтандырылған жылумен қамтылған 5 үй 4 дербес жылу қазандығымен жылытылады, 3 үй пешпен жылытылады; аудандық СОТ, С.Сейфуллин кітапханасы, Мұрағат, аудандық Ішкі істер ғимараты – 4 дербес жылу қазандығымен жылытылады.

Жыл басынан 46 АСО бар деп берілген болатын, алайда, орталық аурухананың дербес жылу қазандығынан (АСО) орталықтандырылған №5 локалдық қазандыққа қосылуына байланысты бүгінгі күні 45 АСО-ға кеміді. 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымы аудан әкімінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі №47 нқ өкіміне байланысты 1 қазаннан бастап барлық мектептер, балабақшалар мен бюджеттік мекемелерге, ал көп қабатты тұрғын үйлерге қазан айының 4-10 күндері аралығында жылумен үзіліссіз қамтамасыз ету тапсырылды.

Жалпы аудан бойынша бүгінгі күнге барлық мектептер, балабақшалар, бюджеттік мекемелер мен көпқабатты тұрғын үйлерге жылу толығымен берілді. Локалдық жылу қазандықтарына - 10 298 тонна, бүгінгі күнге үш айлық көмір қоры бар. Колледж – 1380 тонна;

Бюджеттік көмір – 6184 тонна:

-білім бөлімі бойынша барлығы - 3611 тонна;

-мәдениет бөлімі - 964 тонна;

-медицина бірлестігі – 300 тонна;

-спорт бөлімі - 242 тонна;

-жұмыспен қамту басқармасы – 1067 тонна.

Аудан бойынша халыққа қажет көмір – 51455 тонна, түскені – 44545 тонна, яғни 87 %.

№2,3,5,6 локалдық жылу қазандықтары толығымен КСВР-400-ден жаңа КВР-600-ге ауыстырылды, барлығы – 21 дана. 375 метр жылу құбырлары ауыстырылды.

Лас су жинақтауыш ғиммаратты ағымдық жөндеу жұмыстарының көлемі - ғимарат сырты, ішін жөндеу және шатырлау. Қосалқы құрылғыларды айырбастау. Жылу жүйесі жөнделді.

М.Жұмажанов ауылының су жүйесін тарту жұмыстары аяқталды.

Атасу кентінде жеке тұрғын үйлер салу үшін 23,0 млн. теңгеге 2,5 шақырым су желісі, 18,4 млн.теңгеге 2,5 шақырым электр желілері тартылды.

Сонымен қатар,  ауданымыздың  газ тарату желілерінің құрылысына жобалық сметалық құжаттама әзірлену үстінде.

Атасу кентінде орналасқан «Ертіс» орамы Балабақсы көшесі және Достық көшелеріне су жүйесіне ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 7 млн. 950 мың теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.  

Аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 17 млн. 120 мың теңге қарастырылып, оның 8 млн. теңгесі қысқы қардан тазартуға арналған. Барлығы 154,1 шықырым.

Оның ішінде:

- Ақтасты ауылына кіреберіс - 5 км;                        

- Ералиев ауылына кіреберіс - 11 км;                     

- Атасу ауылына кіреберіс - 5 км;                                         

- Қылыш ауылына кіреберіс– 6,1 км;                                                                             

- Орынбай ауылына кіреберіс - 18 км;                      

- Ынталы ауылына кіреберіс - 27 км;                      

- Ынтымақ ауылына кіреберіс– 25 км;                       

- 189 разъездіне кіреберіс - 4 км;     

- Жомарт станциясын кіреберіс - 9 км;                          

- Манадыр станциясына кіреберіс - 5 км;                    

- Өркендеу ауылына кіреберіс - 18 км;                       

- Жаңаталап ауылына кіреберіс - 9 км;                                                                                  

 - Бидайық – 2 ауылына кіреберіс - 9 км;                                                                                  

 - Лесхоз ауылына кіреберіс- 3 км.

Атасу кентінде 44 көше 70 шақырымды құрайды. Оларды күтіп ұстау, жаздың күні күл-қоқыстан, қыста қардан тазалау үнемі біздің назарымызда. Оны өздеріңіз көріп отырсыздар. Дегенмен де көше, аула тазалығына халық болып жұмылмасақ, ауданымыз күл-қоқыс жинайтын жерге айналып кетуі мүмкін.

Тәуелсіздік даңғылына орташа жөндеу жұмыстарына – 1,8 шақырым. Сметалық құны – 25 млн.920,9 мың теңгеге жасалды;

Аралбай батыр және «Жаңа-Нұр» көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына – 1,1 шақырым. Сметалық құны – 17 млн.781,3 мың теңгеге жасалды;

К.Абжанов, Ералиев, Балабақсы, Бейбітшілік көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына – 4 км. Сметалық құны – 66 млн.384,0 мың теңгеге жасалды;

Абай көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына – 1,0 шақырым. Сметалық құны – 22млн. 898,7 мың. теңге, жұмыстар жасалды;

С.Сейфуллин даңғылына орташа жөндеу жұмыстарына – 1,0 шақырым. Сметалық құны – 26 млн.290,8 мың теңгеге жұмыстар жасалды;

Байдалы би №2 участогы көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына – 0,9 шақырым. Сметалық құны – 20млн.099,9 мың теңгеге жұмыстар жасалды.

Байдалы би №1 участогына көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына – 1,7 шақырым. Сметалық құны – 33 млн.499,9 мың теңгеге жұмыстар жасалды.

2020 жылы аудандық бюджеттен барлығы 144,7 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Кейінгі екі жылдың ішінде бірталай көшелер жөнделіп, жарық шамдар орнатылды. Бұл жұмыстарды биыл да жалғастыратын боламыз.

Аудан бойынша барлығы 34 елді мекен бар. Бүгінгі күнге жолаушылар тасымалымен Астана-Жезқазған, Қарағанды–Жезқазаған, Қарағанды-Атасу, Қарағанды–Ералиев, бағыттары бойынша автобус маршруттары ауданымыздың 10 елді мекенін қамтиды.

 (Бидайық ауылы, Қарамолла ауылы, Ақтайлақ ауылы, Атасу кенті, Атасу ауылы, Ақтүбек ауылы, Мыңадыр ауылы, Ералиев ауылы, 189 разъезд, Түгіскен ауылы, Қызылжар кенті).

Жергілікті жолашылар тасымалы Атасу-Ынталы маршруты 5 елді мекенді қамтиды.

 (Алғабас ауылы, Жаңа Алғабас ауылы, Талдыбұлақ ауылы, Қараағаш ауылы, Ынталы ауылы)

Темір жол жолаушылар тасымалымен Астана-Жезқазған, Алматы-Жезқазған, Қарағанды-Жезқазған, Жаңаарқа-Қаражал бағыттары бойынша 10 елді мекенді қамтиды. (69 разъезд, Жаңаарқа станциясы, Атасу станциясы, 117 разъезд, Байғұл ауылы, Ақбастау ауылы, Жомарт ауылы, 189 разъезд, Түгіскен ауылы, Қызылжар кенті). Яғни, 68 пайызды құрап отыр. Қалған 11 елді мекен, яғни, 32 пайызы жеке меншік авто көліктермен қамтамасыз етіледі.

2019 жылы жеке кәсіпкер Тоғжан Ускембаева Атасу кенті С.Сейфуллин даңғылы 35 «Б» мекен-жайы бойынша сапаржай ашты.

Келесі кезекте ағымдағы құрылыс жұмыстарына тоқталатын болсақ, Атасу кенті «Жаңа Нұр» шағын ауданынан 7 көп пәтерлі (оның ішінде үш 8 пәтерлі және төрт 16 пәтерлі) тұрғын үйлер салу үшін Республикалық бюджеттен 689, 6 млн. теңге бөлінді.   (Ашық конкурс өткізіліп, ұтып алған мердігер ЖК «Құрылыс» Е.Молдашев болып танылды. 2019 жылға 447, 8 млн. тенге бөлініп, игерілді.)

 2020 жылға 241, 7 млн. тенге бөлінді. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жылдың аяғында аяқталып, тұрғын үйлер тапсырысқа беріледі.

Жобалау сметалық құжаттама бойынша 8 пәтерлі тұрғын үйдің көлемі- 497 м2 , соммасы – 62 579,2 мың теңге; 16 пәтерлі тұрғын үйдің көлемі – 994 м2  соммасы -125 177,3 мың теңге.

«Жаңа-Нұр» шағын ауданындағы №7,8,9,10 үйлердің инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және орналастыру  жұмыстары бойынша - су құбыры, кәріз жүйелері, электр тоғымен жабдықтау, абаттандыру жұмыстарына 81,1 мың теңге бөлініп, игерілді.

Атасу кентінен салынған 4 тұрғын үйге инженерлік жүйелерін орналастыру үшін облыстық бюджеттен – 58,8  млн теңгеге конкурс өткізілді.

Ашық конкурс өткізіліп, ұтып алған мердігер «Қарағанды сәулет құрылыс» ЖШС болып танылды.

2018 жылға  30,2 млн. теңге бөлініп, игерілді.

2019 жылға 28,6 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.

  1. «Жаңа-Нұр» шағын ауданындағы №7,8,9,10 үйлердің инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және орналастыру (электр тоғымен жабдықтау) үшін облыстық бюджеттен – 22,3 мың теңгеге конкурс өткізілді.

Ашық конкурс өткізіліп, ұтып алған мердігер жеке кәсіпкер «Ханасов» болып танылды.

2018 жылға  9,5 млн. теңге бөлініп, игерілді.

2019 жылға 12,8 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.

3. Ақтау ауылдық округі «Үштаған» қыстағын электрмен жабдықтау жұмыстары бойынша. Республикалық бюджеттен – 124,5 млн. теңге бөлініп, игерілді.(жалпы ұзындығы 39,030 км)

    2020 жылы аудан бойынша келесі құрылыс жұмыстары жүргізілу жоспарда. Атап айтқанда:

  1. 2020 жылда қолданысқа берілетін «Жаңа-Нұр» шағын ауданындағы (№1,4,5,6,12-ші) – 5 тұрғын үйлердің инженерлік комуникациялық инфрақұрылымын дамыту үшін облыстық бюджеттен  – 131,0 млн. теңге бөлінді.      
  2.  Салынатын жеке меншік тұрғын үйлердің (39 учаске) инженерлік комуникациялық инфрақұрылымын дамыту үшін облыстық бюджеттен  – 64,0 млн.теңге бөлінді. 
  3.  «Жаңа-Нұр»  шағын ауданындағы 9 және 18 пәтерлі көп қабатты жалдамалы тұрғын үйлерді салу үшін осы жылдың наурыз айында он нәтижелі мемлекеттіқ қорытындысын алған соң, ашық конкурс арқылы мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары басталатын болады.
  4. Үш 36 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйлердің жобалау сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін аудандық бюджеттен- 8,6 млн.теңге бөлінді.         

5.Бір несиелі 16 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйдің жобалау сметалық құжаттамыларын әзірлеу үшін аудандық бюджеттен - 3,0 млн. теңге бөлінді.

6.«Жаңа-Нұр» ықшам ауданынында орналасатын 9 және 18 пәтерлі көп қабатты жалдамалы тұрғын үйлердің инженерлік комуникациялық инфрақұрылымын дамыту үшін  жобалау-сметалық құжаттамыларын әзірлеуге аудандық бюджеттен -7,4 млн. теңге бөлінді.

7. Электр подстанциясынан «Жаңа-Нұр» ықшам ауданына жаңадан электр жүйесін салу үшін жобалау сметалық құжаттамаларын әзірлеуге аудандық бюджеттен 2,0 млн. теңге бөлінді.

8.Темір жол үстінен жаяу жүргіншілерге арналған өткел салу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасауға жергілікті бюджеттен 6 млн.415 мың теңге бөлінді.  

9.Қызылжар кентіне Сарысу өзені арқылы өтетін құны 762 млн.760 мың теңге тұратын көпір салу үшін конкурс жариялануда.

Биыл аудан орталығындағы «Модуль» спорт кешені мен орталық Баубеков атындағы саябақ және аудан бойынша 5 клуб ғимараты, 2 әкімшілік ғимараты, 8 спорт алаңы, 11 мектеп ағымдық жөндеуден өтетін болады.

Ардақты ағайын!

Есепті кезеңнің қорытындыларын шығара отырып, елеулі жұмыс жүргізілгенін атап көрсеттім деп  ойлаймын. Барлық көрсеткіштер бойынша біз жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Мұның барлығы сіздердің қатысуларыңызбен және қолдауларыңызбен жүзеге асырылды, құрметті жерлестер.

Әрине, әлі шешуді талап ететін мәселелер аз емес. Сіздердің белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бізге кемшіліктерді көру мен жоюға көмектеседі. Сол үшін сіздерге ерекше ризалығымды білдіргім келеді.

Бүгінде Мемлекет басшысы экономиканы одан әрі нығайту, қоғамдық сананы жаңғырту бойынша біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеді. Біз ел Президентінің барлық тапсырмаларын тиісті мерзімінде орындауға барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. Бұл ретте өңірімізді одан әрі дамытудың басты кепілі біздің тұрғындарымыз болған және солай бола береді. Ауданымыздың  әрбір тұрғынының табысы мен өмір сапасының жақсаруы – біздің жұмысымыздың басты көрсеткіші.

Сіздермен бірлесе отырып, алда тұрған міндеттерді орындайтынымызға сенемін. Олай болса, бекем бірлігімізден, ырысты ынтымағымыздан танбай, жаңғыру жолында еселі еңбек етуге жұмылайық, ағайын!

 

Назар қойып, тыңдағандарыңызға рақмет!


Келулердің саны: 583

Жоғары