print

Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №9946 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

 

Ж. Рыспеков

Жаңаарқа аудандық мәслихат хатшысы

 

К. Имантусупов

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 15.01.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 5682 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Жанааркинского районного маслихата - Руководитель отдела аппарата районного маслихата Жандос Бейсенгалиевич Окумов, 09.01.2020 10:59:05, положительный результат проверки ЭЦП

Жанааркинского районного маслихата - Секретарь Жанааркинского районного маслихата Куат Анасович Имантусупов, 09.01.2020 11:00:40, положительный результат проверки ЭЦП

Жанааркинского районного маслихата - Депутат Жанибек Сайлаубекович Рыспеков, 09.01.2020 11:01:42, положительный результат проверки ЭЦП

Департамент юстиции Карагандинской области - И.о. руководителя Бахтияр Камалов, 09.01.2020 16:22:59, положительный результат проверки ЭЦП

 


Келулердің саны: 240

Жоғары