print

Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Жаңаарқа ауданында әйел жамағатымен профилактикалық іс-шараларт өткізді

...

Ағымдағы жылдың 15 қарашасы күні Жаңаарқа ауданында Дін мәселелері жөніндегі Респбликалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері - исламтанушы Әділбаева Шамшат Амангелдіқызы мен дінтанушы Мустафина Толганай Вагизқызының қатысуымен бірқатар профилактикалық іс-шаралар өтті.

Қазіргі кезде діндар қауымның үлесінің артуымен қатар, діни радикалдану үдерістерінің де қаупі зор екендігі белгілі. Діни мәселелерге енді қызығушылық білдіріп жатқан жастармен, оның ішінде, қыз балалармен қандай жұмыстар жасалуы тиіс, дін туралы ақпаратты қандай қайнар көздерден алу керек, дұрыс және бұрыс ақпаратты қалай ажыратуға болатындығын арнайы семинар барысында талқыға салды. Семинарға қатысушылар ретінде аудан мектептерінің тәрбие ісіне жауапты мамандары қатысты. Алдын алу жұмыстарындағы бүгінгі күндегі өзекті мәселелер жан-жақты талданды.

Сондай-ақ, аудандық орталық мешітте әйел жамағатымен салиқалы кездесу өтті. Кездесу барысында қазақ мәдениетіндегі діни және ұлттық құндылықтардың сабақтастығы, діндегі, оның ішінде исламдағы әйел затының орнына қатысты мәнді сұхбаттар өтті.

Әділбаева Шамшат Амангелдіқызы – исламтанушы, Нұр-Мүбарак университеті Исламтану кафедрасының доценті, PhD докторы:

«Ислам дінінің адам өмірі үшін маңызды болып табылатын иман, құлшылық және мінез құлыққа қатысты әкелген жүйесі мен асыл құндылықтары күллі адамзатқа ортақ болуымен ерекшеленеді. Ислам дінінің ең негізгі ерекшелігі – адамзат санасына ортақ, діни әрі дүниелік тұрмыс тіршілікте аса маңызды саналатын дұрыс таухид, яғни, бір құдайлық түсінікті қалыптастырып, орнықтыру. Ислам діні бойынша алғашқы Адам пайғамбардан бастап соңғы Пайғамбар Мұхаммед Мұстафаға (с.а.с.) дейін келген дін – осы таухид діні. Сондықтан да ислам дінінде таухидке қайшы келетін ширк, Аллаға серік қосу деген түсінікке орын жоқ. Жалпы араб тіліндегі ширк сөзі – серік қосу деген мағынаны білдіреді және таухид сөзінің антонимі болып табылады. Ширк Жаратқан хақ тағаланың сипаттарын өзге болмыстарға, жаратылыстарға таңумен қатар тәңірлік сипаттарды өзге болмыстарға тиесілі деп қабылдап, оған құлшылық жасауды білдіреді».

Өкінішке орай, шет елдерден (әсіресе, Сауд Арабиясынан) оқып келген немесе сол жақта оқып келгендердің уағыз-насихаттарынан нәр алып жүрген шала сауатты азаматтарымыз «тек солардың айтқандары ғана дұрыс, қазақ халқы Аллаға серік қосады, олар нағыз ислам дінін ұстанбайды, ислам қазақ даласында бұрын-соңды дұрыс таралмаған, нағыз ислам 91 жылдан бастап келе бастады» деген секілді қате пікірдің шырмауына түсіп, елдігімізге, діни тұтастығымызға өте үлкен қауіп төндіретін уаххабистердің көтерген «исламды ширк және бидғаттардан тазарту» ұранына қосылып, дәстүріміз бен діни түсінігімізді мансұқтап, дін мен әдет-ғұрыпты ажырата алмау, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеттін дұрыс түсінбеудің нәтижесінде ислам дінінің негізгі табиғатына жат қылықтарға бой алдырып, ислам дінін тек қана арабтану деп түсініп, жағымсыз бейнеде көрсетуде.

Ислам дінінің ғұмырлық өлшемдері кез-келген уақыт пен заманға, кез-келген ұлт пен ұлыстардың өмір тіршілігіне сай келетіндіктен оны араб емес өзге көптеген ұлттар қабылдап, өмірлік дәстүріне айналдырып, ислам мәдениетінің дамуы мен өркендеуіне үлестерін қосқан.

Қорыта айтар болсақ, шариғатта ислам құқығының негізгі қағидаларына қайшы келмейтін әдеттер негізге алынады. Өйткені, ислам құқығындағы үкімдердің негізгі мақсаты – адамдардың игілігі, әділетсіздікті болдырмау және қиындықтың алдын алу. Олай болса, ислам құқығы бойынша үкім берілер кезде белгілі бір қоғамда әдетке айналған ғылым, білімде өзіндік орны бар ғалым мамандардың да құптаған көзқарасымен есептеспеу былайғы жұртты қиындыққа итермелеп, тығырыққа тірейді. Ал бұл – өз кезегінде ислам құқығының ең негізгі мақсатына қайшы.

Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Жаңаарқа ауданында әйел жамағатымен профилактикалық іс-шараларт өткізді

Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Жаңаарқа ауданында әйел жамағатымен профилактикалық іс-шараларт өткізді

Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Жаңаарқа ауданында әйел жамағатымен профилактикалық іс-шараларт өткізді

Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Жаңаарқа ауданында әйел жамағатымен профилактикалық іс-шараларт өткізді


Келулердің саны: 38

Жоғары