print

«Алдаусыз үлестік тұрғын үй назарда»

Жергілікті мемлекеттік атқару органдарымен аудан көлемінде үлестік тұрғын үй құрылыстарын салу бойынша күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Қазіргі таңда, аудан бойынша үлестік қатысу арқылы тұрғын үй құрлыстары салынып жатқан жоқ. Бұл санатта, аудан прокуратурасына немесе құзырлы органдарға арыз - шағымдар түспеген.

Жаңаарқа ауданы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында «Алдаусыз үлестік тұрғын үй» салу бағдарламасының жоспары бойынша жарнамалық бейне көрсетілімдер үнемі көрсетіліп тұрады.

Негізінен, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңы 2016 жылдың 7 сәуірінде қабылданған. Аталған заң 42 баптан тұрады.

Заңның 1 бабында, заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар көрсетілген. Атап айтқанда: кепілдік; кепілдік беру жағдайы; кепілдік жарна; кепілдік мерзімі; кідірту талабы; тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлес; тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жобалау құны; тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы; тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шарт;тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға қатысушылар; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтiк компания; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушы; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган;тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт; уәкілетті компания; үлескер; шағын қабатты құрылыс.

Заңның 41 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасынбұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Осы Заңда белгіленген талаптарды бұза отырып, тұрғын үй сонымен қатар, құрылысына үлестік қатысуүшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартатын тұлғалар Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкес жауапты болады.

Қабылданған заңнамалық актіде, басты бағыт үлескерлердің кепілдік қаражаттарын қорғау. Тұрғын үй құрылысында азаматтардың қаражаттарын заңсыз иемдену деректерін алдын-алу шаралары көзделген. Бірақ, әр түрлі амал-тәсілдермен үлескердің ақша қаражаты қатыстырылса, бұндай келісімдер заңсыз болып табылатынын назарларыңыздан шығармағандарыңыз жөн.

Аудан бойынша заңсыз үлестік тұрғын үй құрылыстарын салу анықталған жағдайда, заң талаптарына сәйкес шешім қабылданатын болады.


Келулердің саны: 55

Жоғары