print

Өзекті мәселе талқыланған басқосу

...

Өткен аптада ауданымызға іс-сапарымен келген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Асхат Оразхан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берік Ахметов әкімдікте жиын өткізді.

Аудан әкімі Юржан Бекқожин төрағалық еткен жиынға аудандық сот төрағасы, аудан прокуроры, ішкі істер бөлімінің бастығы, мемлекеттік мекеме, бөлім басшылары, мамандар, кент, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, ұстаздар және жеке кәсіпкерлер қатысты.

2019 жылдың І жарты жылдығында «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қоры мемлекеттік органдар арасындағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау бойынша халық арасында зерттеу жүргізген болатын. Жүргізілген сауалнаманың нәтижесін Асхат Оразхан баяндап берді. Сондай-ақ, жиында Берік Ахметов сөз алып, жергілікті халық арасында жүйелі ақпараттық түсіндіру шараларын ұйымдастыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды түсіндірді.

Маңызды жиында аудан әкімі Юржан Бекқожин сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ауданымызда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар әрекеттеріне жол бермеу мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігінде шаралар атқарылуда. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауға ықпал ететін әрекеттер үшін қатаң жазаланатыны жөнінде әрбір мемлекеттік қызметшілермен келісімдер жасалынған. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 6,10 баптарына сәйкес аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың, кент және ауылдық округтердің әкімдеріне, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының басшылары мен мекеме, кәсіпорын қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез құлықты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың әрекеттерін дер кезінде анықтап оның белгілерінің жолын кесу, әдептілік, заңдылық, ашықтық принциптерін ұстау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, тағы басқа стандарттар аудан әкімінің өкімімен бекітіліп, реестр арқылы мекеме мен кәсіпорындарға таратылып, мекеме басшылары мен қызметкерлері таныстырылды. Апта сайын аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық кеңес отырысында мемлекеттік органдар басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдеріне бөлінген бюджеттік қаражатты уақытылы, тиімді әрі сапалы өндіруге, қаржыны өндірген уақытта заң бұзушылыққа жол берілмеуі жөнінде қатаң талап қойып, тиісті тапсырмалар беремін. Алайда, ағымдағы жылдың мамыр-қазан айларының аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттігі мен Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу Департаментінен құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды немесе басқа да заң бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар қолдану туралы түскен ұсыныстарды қараудың нәтижесі бойынша 5 лауазымды тұлға - оның ішінде: 2 аудан әкімінің орынбасары, 2 мемлекеттік мекеменің басшысы, 1 коммуналдық кәсіпорынның директоры аудан әкімінің өкімімен тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аудан әкімінің өкімімен 1 білім бөлімінің басшысы, 1 аудан әкімінің орынбасары жұмыстан босатылды. Жауапкершілікке тартылғаны жөнінде деректер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттігіне және экономикалық тергеу Департаментіне жолданды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың орындалуы аудан әкімдігінің үнемі бақылауында,-деп баяндамасын қорытындылаған аудан басшысы жиналыста көтерілген мәселелер бойынша заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетін айтты. Сондай-ақ, Юржан Асанұлы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің ауданға үнемі қолдау көрсетіп, ақыл-кеңес беріп отыратынын тіліне тиек етіп, зор алғысын білдірді.

Өзекті мәселе талқыланған басқосу

Өзекті мәселе талқыланған басқосу

 

Индира Рахымбаева,

аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы

 


Келулердің саны: 56

Жоғары