print

Маңызды жиын өтті

...

15-қазан күні аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жүргізетін арнайы мониторингтік топтың отырысы өтті.

Кездесуді топ жетекшісінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы Рысты Қошмағамбетова ашып, жүргізді.

Отырыстың күн тәртібіне қойылған «Азаматтар арасында адалдық пен парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мақсатында «Адалдық сағатын» өткізу» мәселесі бойынша аудандық білім бөлімінің әдіскері Уалихан Жанабаев баяндама жасады.

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Толқын Имағанбетова мен аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Амангелді Абжанов күн тәртібіндегі мәселе бойынша пікірлерімен бөлісті.

-

Индира Рахымбаева,

аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы

 


Келулердің саны: 78

Жоғары