print

Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы мен Жаңаарқа ауданының 90 жылдығына арналған іс-шаралар бойынша баспасөз хабарлама

...

Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы мен Жаңаарқа ауданының 90 жылдығына арналған іс-шаралар бойынша баспасөз хабарлама

Мерейтой салтанаты Атасу кентінде 2019 жылдың 14-қыркүйегінде, сағат 10.00-де басталады.

Мерекелік іс-шаралар бағдарламасы:

9.30-9.45 – Аудан орталығындағы Сәкен Сейфуллин ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

10.00-10.45 – «Тәуелсіздік» саябағында мерейтойдың салтанатты ашылуы

10.45.-12.00. – Аудан өнерпаздарының «Сәкен туған – Жаңаарқа» атты театрландырылған қойылымы («Тәуелсіздік» сабағында)

12.00-13.00 – «Қарауыл төбе» той алаңында «10000 литр Жаңаарқа қымызын бір мезетте 1000 күбіге құйып, пісу» көрінісі ұйымдастырылады. Бұл шараның мақсаты – Жаңаарқа қымызын Қазақстан рекордттар кітабына және Гиннестің рекордттар кітабына енгізу.

13.00-14.30 - Түскі ас.

14.30-18.00 – Мерекелік концерттік бағдарлама («Қарауыл төбеде»)

«Қарауыл төбеде» өтетін ұлттық спорт түрлерінен жарыстар:

10.00-13.00 - «Қазақша күрестен» алдын ала белдесулер

14.30-16.30 – «Қазақша күрестен» ақтық белдесулер. «Түйе палуан»

10.00 – 16.30 – Аударыспақ

Ат жарыстар:

16.30-17.15 – Топ бәйге

17.15-18.00 – Аламан бәйге

19.00 – Мапапаттау рәсімі

1) Қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Жыр сұңқары» атты жазба ақындардың мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау.

2) Ұлттық спорт ойындарының жеңімпаздарын марапаттау.

20.00 – 23.00 – Қазақстан өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт.

23.00 – Мерекелік отшашу


Келулердің саны: 129

Жоғары