print

Қарағандылықтардың цифрлық сауаттылығын арттыру жұмысы жалғасуда

...

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қарағанды облысы бойынша филиалының қызметкерлері халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі түсіндіру жұмысын жалғастырып жатыр. Азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға көзделген «Мобильді азаматтардың базасында тіркел және көрсетілетін қызметті өзің ал» тақырыбындағы кезекті шығу акциясы Жанаақа ауданында жалғастырылды.

Мамандар электрондық үкімет және ТелеграмБот EgovkzBot мобильді қосымша арқылы қажетті анықтамаларды бірнеше минут ішінде өз бетінше қалай алуға болатынын тұрғындарға айтып берді. Осы бот арқылы қазіргі уақытта 25 қызмет пен сервис қолжетімді екенін естеріңізге саламыз.

Жыл басынан мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта алу механизмдерін танымал ету жөніндегі 411 шара ұйымдастырғанын айта кеткен жөн. Өткен жылмен салыстырғанда аймақта электрондық үкімет порталын пайдаланатын тұрғын халықтың саны өсуі байқалады, бұл, өз кезегінде, ХҚКО-дағы кезектерді бірнеше есе азайтты.

Бүгінгі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 71 %-ін үйден шықпай-ақ, желіде алуға болатынын айта кетейік.

Қарағандылықтардың цифрлық сауаттылығын арттыру жұмысы жалғасуда


Келулердің саны: 72

Жоғары