print

«Жас кәсіпкер» жобасы бойынша тестілеудің I кезеңі басталғаны туралы хабарлаймыз!

Курстар кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға арналған. 29 жасқа толмаған жұмыссыз жастарды(жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұру қажет етілмейді), жас отбасы мүшелерін және еңбекке қабілетті мүгедек жандарды кәсіпкерлерік негіздерін оқып, өз ісін бастауға шақырамыз.

Бағдарламаға қатысу үшін 2019 жылдың 22-23 шілде аралығында тестілеуден өту керек. Тест қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елді мекен әкіміне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен саулнама толтырады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мекенжай анықтамасы, дербес кредиттік шот құжаты болуы қажет.

Оқу 2019 жылдың 24 шілдесінде басталады. Оқу ұзақтығы 21 күн. Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленіп, сертификат беріледі.

Толық ақпарат алу үшін келесі мекенжайлары бойынша хабарласуға болады:

  • Жаңаарқа аудандық филиалы: Атасу к., Тәуелсіздік көшесі, 22 ғ. тел: 8 (71030) 26452.

Немесе atameken.kz сайтында бағдарламамен толық таныса аласыздар.


Келулердің саны: 48

Жоғары