print

Электронды шот-фактура

Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесі ақпараты ұсынады:

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде мыналар шот-фактура жазып беруге міндетті:

1) қосылған құн салығын төлеушілер;

2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер;

3) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер;

4) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор;

5) импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер.

Салық төлеуші шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы болатын мынадай жағдайларды:

1) салық төлеушінің тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекарасында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі болмаған жағдайды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі.

Аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады;

2) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде уәкілетті орган растаған техникалық қателіктер туындаған жағдайды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі.

Техникалық қателіктер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура техникалық қателіктер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркеуге жатады.Егер, бір жылдың ішінде алғаш рет шот-фактураны электронды нысанда жазып бермеген жағдайда, салық төлеушіге ескерту беріледі. Ал, бір жылда ЭШФ қайталап жазып бермеген жағдайда, жауапкершілік қатаңдатылып, айыппұлдар салынады. Айыппұл көлемі салық төлеушінің қай топқа жататындығына байланысты және төмендегі мөлшерді құрайды:

шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 40 АЕК;

орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 100 АЕК;

ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 150 АЕК.

 

 


Келулердің саны: 275

Жоғары