print

Баланы үйден шықпай-ақ тіркеуге болады!

2018 жылдың аяғынан бастап, egov.kz электрондық үкімет порталында «16 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызметіне қолжеткізуге болатынын естеріңізге саламыз.

Бұл қызмет egov.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңба қызметіне қол қою арқылы ұсынылады.   

Қызметті алу үшін «Азаматтық, көші-қон және иммиграция» бөліміне «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» қосымша бетіне жүгіну қажет. Қызмет алу үшін «Онлайн қызметіне тапсырыс беруді» шерту, баланың ЖСН көрсетілген қажетті бағанды толтыру, баланы тіркеу қажет болатын келу мақсатын, тіркеу себебін және тұрғын үйдің меншік иесін таңдау қажет.  

Егер жылжымайтын мүліктің меншік иесі өтініш беруші болып табылатын болса, онда оған өңірді немесе мекенжай тіркелген кодты көрсету (тұрғын үй мекенжайын таңдау), өтінімге ЭЦҚ-мен қол қою қажет. Егер пәтердің меншік иесі үшінші тұлға болып табылатын болса, онда өтініш берушіге меншік иесінің ЖСН, жылжымайтын мүлік мекенжайын көрсету және иесінің Жеке кабинетіне түсетін сұратымды жолдау қажет (егер тұрғын үйдің меншік иелері бірнеше тұлға болатын болса, тек біреуінің деректерін көрсетсе жеткілікті, қалғаны ҚР Жылжымайтын мүлік тіркелімі деректер қоры арқылы жүйемен автоматты түрде белгіленеді).  Иесі (бір немесе бірнеше) ЭЦҚ көмегімен өз келісімін растайды, одан кейін өтінішті тіркеуге тілек білдірушінің Жеке кабинетіне қайтарылады және сондай-ақ, оған ЭЦҚ көмегімен өз сұратымына қол қоюы қажет.

Бұдан кейін, өтінім ҚР ІІМ ақпараттық жүйесіне түседі, мұнда оны өңдеуге 10 минуттан астам уақыт кетеді, содан соң порталда сұратым мәртебесі жаңартылады.                                                                     

Тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайын балаға мекенжай анықтамасын ала отырып, сондай-ақ, электрондық үкімет порталының немесе Telegram-Bot (EgovKzBot) қосымшасының көмегімен тапсырыс бере отырып, тексеруге болады.                                                                                         

Бұрын 16 жасқа дейінгі балаларды тіркеу қызметін алу үшін, ата-аналарға «Азаматтарға арналған үкімет» МК» Ке АҚ фронт-офистеріне жүгінуге тура келетін.


Келулердің саны: 138

Жоғары