print

Уақытты үнемдегіңіз келсе - онлайн- ХҚО кезекті брондап қоюыңыз.

Егер Сізге Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне бару қажет болса және де Сіз бұған уақытты аз жұмсағыңыз келсе, Сізге кезекті брондап қою қажет болады. egov.kz порталы арқылы ХҚО кезекті брондап қою Сізге ХҚО бару үшін қолайлы уақытты таңдауға мүмкіндік береді.                      

Қызмет үш кезеңмен көрсетіледі:                                                                                                     

1. «Азаматтарға арналған үкімет» МК Ке АҚ таңдау – ЖСН енгізуіңіз және өзіңіз баруды жоспарлаған «Азаматтарға арналған үкімет» МК Ке АҚ бөлімін көрсетуіңіз қажет.                                      

2. «Баруды жоспарлау» – өзіңіз жүгенетін «Азаматтарға арналған үкімет» МК Ке АҚ бөлімінен алатын қызмет түрін және өзіңіз үшін қолайлы баратын уақытыңызды (күнін және уақытын) көрсетесіз.                

3. «Брондап қою нәтижесі» – Сізге брондап қою нәтижесі туралы («Кезекті брондап қою сәтті өтті») деп хабарлайды.                                                                                                                        

Кезекті онлайн-брондап қою аяқталғаннан кейін, сол көрсетілген «Азаматтарға арналған үкімет» МК Ке АҚ бөлімінен және таңдалған уақытта электрондық кезек талонын алу қажет, ондағы тағайындалған терезеде Сізді 30 минуттың ішінде қабылдайды.                                                                  

Қосымша хабарлайтынымыз: «Құжаттандыру» және «Азаматтарды тіркеу» бөлімдеріне кезекті брондап қою сенбі күні сағат 09:00 -13:00 дейін жүзеге асырылады.                                       

Кезекті брондап қою қызметіне тек электрондық үкімет порталынан ғана емес, сондай-ақ Телеграм-Боттан (EgovKzBot) да қол жеткізуге болады.


Келулердің саны: 193

Жоғары