voting
print

Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау,білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу неме

   2018 жылғы 28 желтоқсаны                                                                                                      №37/263      

   Атасу кенті                                                                                                                                    поселок Атасу

 

Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау,білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №9946 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеугежәне тұруға келген денсаулық сақтау,білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы өтініш берген сәтіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомадакөтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін өтініш берген сәтіне, маманмен мәлімделген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада, бюджеттік кредит түріндеәлеуметтік қолдау ұсынылсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихаттың кезекті

ХХХVІІ сессиясының төрағасы                                      Р.Рахимов

 

Аудандық мәслихат хатшысы                                       К.Имантусупов

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 11.01.2019

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 5143 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Аппарат акима Карагандинской области - главный специалист Жандос Бейсенгалиевич Окумов, 08.01.2019 11:00:13, положительный результат проверки ЭЦП

Аппарат акима Карагандинской области - секретарь маслихата Куат Анасович Имантусупов, 08.01.2019 11:02:28, положительный результат проверки ЭЦП

Департамент юстиции Карагандинской области - Руководитель Департамента Асхат Нургазиевич Жусупов, 09.01.2019 17:24:17, положительный результат проверки ЭЦП

         

 


Келулердің саны: 66

Жоғары