print

"Чекті талап ет –сыйлық ұтып ал!»

Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы "Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал! "жалпыреспубликалық акциясы басталғанын хабарлайды.»

Акцияның бастамашысы және ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті болып табылады.

Акция "таңдау" мобильді қосымшасы арқылы ("Қазақтелеком" АҚ фискалдық деректер операторы) 2019 жылғы 1 мамырдан бастап 8 тамызға дейін өткізіледі.Мемлекеттік кірістер органдары мұндай акцияны алғаш рет өткізіп отырған жоқ.Акцияның негізгі мақсаты халықтың азаматтық белсенділігін арттыру және салық сауаттылығын дамыту болып табылады. Сондай-ақ: халықпен ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы туралы қоғамдық пікір қалыптастыру;тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелері бойынша азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу;бақылау-кассалық машиналарды қолдану бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары туралы салық төлеушілер мен жұртшылықты хабардар ету;бақылау-кассалық машиналарды қолдану арқылы Қазақстан салық төлеушілері арасында салық тәртібін арттыру есебінен бюджетке салық төлемдерінің түсімдерін ұлғайту;көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту;кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру.

Акцияға белсенді қатысқан облыс тұрғындары бағалы сыйлықтармен марапатталады. Осы жылы акцияға қатысушылар саны артып, барлығына сәттілік тілейміз.

 

 Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы


Келулердің саны: 198

Жоғары