voting
print

Жұлдыздар жарқырады

...

Жаңаарқа ауданының 90 жылдық мерейтойы, Ұлы дала серісі С.Сейфуллиннің 125 жылдығына және «Жастар жылына» орайластырылып, жас таланттарды анықтап, өскелең ұрпақты өнермен шабыттандырып, байқау арқылы өнер әлеміне жаңа есімдерді қосу мақсатында «ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» байқауы өтті.

«Жаңаарқа ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен байқауға 14-29 жас аралығындағы өнерпаздар қатысып, сынға түсті. Байқаудың шымылдығы ауданымыздың талантты жас әншісі Рауан Нұрғалиевтің орындауындағы әдемі әуенмен ашылды. Жас таланттардың өнерге деген құлшынысын арттырып, шыңдалуға мүмкіндік беретін бұл байқауға он алты жас дарын қатысып, халқымыздың ән өнеріндегі асыл құндылықтарымызға айналған «Әдемі қыз», «Аманат» және т.б. әндерді орындады. Мың бұрала би де биленді, нақышына келтіре көркемсөз, монолог та оқылды.
Іріктеліп, жүлдеге ұсынылғандардың қатарынан қазылар алқасы ІІІ орынды балалар өнер мектебінің шәкірті Ернар Бляловқа тиесілі деп таныды. Ал, ІІ орынның жүлдесіне аграрлық колледж студенті Асылхан Смаиловтың өнері лайық болды. Байқаудың І орнын балалар өнер мектебінің шәкірті Сабина Аманжол жеңіп алды. Ал, өзінің ән орындау шеберлігін сахнада ысылған әншідей көрсете білген Асылхан Алтынбеков доданың Бас жүлдесін қанжығасына байлады.

Қазылар алқасынан сөз алған «Nur Otan» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсет Жұмажанұлы: - Ұлттық өнерімізбен қатар сан алуан өнерді бойына жиған таланттылар байқауының маңыздылығы күн өте жоғарылай түсуде, - дей келе, жас жұлдыздарға жақсылық тіледі.
Ұйымдастырушылардың атынан қатысушыларға және жеңімпаздарға Алғыс хат пен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Сонымен, әсем ән әуелеген байқау бір топ таланттарымыздың атын жарыққа шығарды. Жас өнерпаздарымыздың өнері өрлеп, жұлдызы жана берсін демекпіз.

Жұлдыздар жарқырады

Жұлдыздар жарқырады

Жұлдыздар жарқырады

Жұлдыздар жарқырады

Жұлдыздар жарқырады

Жұлдыздар жарқырады

Жұлдыздар жарқырады

Жұлдыздар жарқырады

Жұлдыздар жарқырады

Жұлдыздар жарқырады

Жұлдыздар жарқырады

Жұлдыздар жарқырады

Жұлдыздар жарқырады

Жұлдыздар жарқырады

Жұлдыздар жарқырады

Нұргүл Шамаева


Келулердің саны: 74

Жоғары