print

Сайлау өтті

...

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңға сәйкес, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Қараағаш ауылдық округі әкімін сайлау шарасы өткізілді.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залына жиналған аудандық мәслихаттың депутаттары мен аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері толық құрамда қатысты.
Қоғамдық саяси маңызы зор сайлау науқаны сайлау орны дауыс беретін арнайы үш кабина, үгіт-насихаттық құралдарын ілуге арналған ақпараттық тақтамен толыққанды қамтамасыз етілген.
Жаңаарқа аудандық мәслихат хатшысы Қуат Анасұлы Имантүсіпов, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нурлан Акишев сөз сөйлеп, сайлаудың маңыздылығын айта келе оның өту тәртібі туралы қысқаша түсініктеме берді. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әкішев дауыс беруді ашық деп жариялап, ҚР мемлекеттік Әнұраны орындалды.
Сайлаудың ережелерін түсіндірген соң ел мен жерді басқаруға лайықты лауазым иесінің тағдырын шешер жауапты сәт те басталып кетті.
       Аудан көлеміндегі 12 депутаттың 11-і өз дауыстарын берді. 1-еуі белгілі себептерге байланысты қатыса алмады. Мұнан соң өз жұмысына кіріскен комиссия мүшелері әкімдікке сайланған кандидаттың жинаған дауысын таразылап берді.
Дауыс санау жұмысынан соң, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әкішевтің мәлімдеуінше, басым көп дауыспен Қараағаш ауылдық округінің әкімі болып Дулат Ерғалиұлы БАҚЫШОВ сайланды.

Сайлау өтті

Сайлау өтті

Сайлау өтті

Сайлау өтті

Сайлау өтті

Сайлау өтті

Сайлау өтті

Сайлау өтті

Сайлау өтті

Сайлау өтті

 

Нұргүл ШАМАЕВА,
аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі


Келулердің саны: 191

Жоғары