print

Алғыс айту күні мерекеленді

...

Бүгін – Алғыс айту күні. Бұл – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Алғыс айту күні қазақ жерін мекен ететін халықтардың нәубетті жылдарымен тығыз байланысты. Бұл мереке биыл елімізде төртінші рет аталынып өтуде. Ерекше мереке ауданымызда өз деңгейінде атап өтілді.

Аудандық мәдени-сауық орталығында ұйымдастырылған шараға аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, ұстаздар қауымы, жастар ұйымдарының өкілдері, әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған аудан тұрғындары қатысты. Мәдениет үйінің фоесіне жайылған дастархандағы әр ұлт өкілінің ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдары аудан тұрғындарының бір үйдің баласындай бірлікте, достығы жарасып өмір сүріп жатқандығын меңзегендей болды. Көздің жауын алар бұйымдарды тамашалап, тіл үйірер тағамдардан ауыз тиген жұртшылық салтанатты шараны тамашалауға жайғасты.

Жиын барысында алғаш болып сөз алған аудан әкімі Юржан Бекқожин ізгі тілектермен өрілген мерекелік құттықтауын көпшілікке жеткізді.

Келесі кезекте сөз кезегін алған ауданымыздың тұрғындары, еңбек ардагерлері Лидия Посохина мен Якубжан Раззаков өзгені жатсынбаған, құшағы кең қазақ халқына алғысын білдіріп, жастарды ұлтаралық татулық пен бірлікті жоғары бағалауға шақырды. Қуғын-сүргін жылдары бір нанды бөлісіп жеп, әр ұлт өкілдерін осынау бақытты өмірге жеткізген қазақ халқына, Елбасына, жергілікті азаматтар мен тұрғындарға айтар алғыстарының шексіз екендігін айтып, жиналған қауымға игі тілектерін жеткізді.

Салтанатты мереке өзге ұлт өкілдерінің ән-биімен, еліміздің патриотты әндерімен жалғасын тапты.

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 Алғыс айту күні мерекеленді

 

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

 


Келулердің саны: 274

Жоғары