print

Өзекті мәселелер күн тәртібінде

...

Кеше, 25-ақпан күні аудан әкімі Юржан Бекқожиннің төрағалығымен аудан әкімдігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Алқа мәжілісі ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша атқарушы органдардың 2018 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы болды. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы, аудан прокуроры, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары, аудан әкімшілігі бөлімдерінің басшылары, кент, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Аудан басшысы алқа мәжілісінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша жіберілген бірқатар кемшіліктерді саралап, өңіріміздің дамуының алдағы уақыттағы мақсаттарын айқындау қажет екенін айтты. Сонымен қатар, отырыста осы жағдайлардың барлығына кеңінен тоқталып, ауданымыздың даму көрсеткіштерін лайықты деңгейде жалғастыру мақсатында нақты шешімдер қабылдау керек екенін тілге тиек етті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе - 2018 жылдың қорытындысы бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Айдархан Аманбаев баяндама жасады. Сондай-ақ, аталмыш маңызды мәселе аясында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мұрат Ибраев, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Сәрсенбек Баязитов, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ербол Назарбеков, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Саят Сағынтаев, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Венера Тоқановалар қосымша хабарламалар жасады.

Жиынның күн тәртібіне қойылған екінші мәселе Жаңаарқа ауданының су басу кезеңіне дайындығы туралы болды. Бұл жөнінде аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің басшысы Аян Сүлейменов мәлімдеме жасады.

Содан кейін тиісті мекеме басшыларына, сонымен қатар кент, ауылдық округ әкімдеріне облыстық көрсеткіш бойынша жіберілген кемшіліктерге байланысты сұрақтар қойылып, нақты бірнеше тапсырмалар берілді. 

 Жоспарланған мәселелер қаралып болған соң, мәжіліс соңында 2018 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша кент және ауылдық округтер әкімдерінің жұмыстарына байланысты рейтингілік көрсеткіштер қорытындыланды.

Өзекті мәселелер күн тәртібінде

Өзекті мәселелер күн тәртібінде

Өзекті мәселелер күн тәртібінде

Өзекті мәселелер күн тәртібінде

Өзекті мәселелер күн тәртібінде

Өзекті мәселелер күн тәртібінде

Өзекті мәселелер күн тәртібінде

Өзекті мәселелер күн тәртібінде

Өзекті мәселелер күн тәртібінде

Өзекті мәселелер күн тәртібінде

Өзекті мәселелер күн тәртібінде

Өзекті мәселелер күн тәртібінде

Өзекті мәселелер күн тәртібінде

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі


Келулердің саны: 59

Жоғары