print

Жыл үздіктері марапатталды

...

   Ауданымызда Жаңа жылды қарсы алу мерекесі өз деңгейінде атап өтілді. Оның ішінде аудан əкімінің жаңа жылдық кеші ерекше тұрғыда ұйымдастырылды. Бұл салтанатты шара 30-желтоқсан күні аудандық мəдени-сауық орталығында өтті. Мерекелік кешке аудан əкімі Юржан Бекқожин, аудан əкімінің орынбасарлары, ауданымыздың ардагерлері мен құрметті азаматтары, кəсіпкерлер, мекеме басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Қонақтар алдында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі өткен жылда елімізде, ауданымызда атқарылған жұмыстар мен игерілген істерге, қол жеткізген табыстарға тоқталып, алдағы жылы мұнан жоғары жетістіктерге жету жолында берекелі еңбек ете беруге тілектестігін білдірді. Жылы лебізінен кейін аудан басшысы «Жыл үздіктерін» марапаттады. Айта кетсек, аудандық орталықтандырылған ауруханасының функционалдық зерттеу кабинетінің дәрігері Нұргүл Кумарова – «Үздік медицина қызметкері», Б.Амалбеков атындағы мектептің география пәнінің мұғалімі Наталья Сухарева – «Үздік ұстаз», балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нариман Тұтқышев - «Үздік спортшы», аудан кәсіпкері Серік Тойымбаев - «Үздік кәсіпкер», Атасу кенті әкімі аппаратының бас маманы Рымжан Сауқымбеков - «Үздік мемлекеттік қызметкер», мердігер Ерғали Беспаев «Құрылыс саласының үздігі», аудандық «Таза су» мекемесінің су жүйесі бойынша слесарі Ербол Түсіпов - «Коммуналдық қызмет саласының үздігі», аудандық полиция бөлімі штаб тобының аға инспекторы, полиция майоры Алима Сұлтанова - «Үздік полиция қызметкері», аудандық мәдени-сауық орталығының қызметкері Айман Айтжанова - «Үздік мәдениет қызметкері», аудандық теміржол станциясының вагон құрастырушысы Қалижан Омаров - «Теміржол саласының үздігі», Қарағанды мұнай тасымалдау басқармасы Атасу бас мұнай айдау станциясының технологиялық құрылғылардың машинисті Ғалы Кәрібаев - «Үздік мұнайшы» ретінде арнайы   сертификаттарға ие болды. Сондай-ақ,  облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны және жаңа қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбек пен шығармашылық үлесі үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасымен «Арқа Құрылыс 2009» ЖШС директоры Серік Базарбеков, ҚР Қоғамдық даму министірлігінің Алғыс хатымен аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Ауыл әйелдерінің І Форумы» аясындағы «Үздік жастар көшбасшысы» номинациясының жеңімпазы Орынжан Абильдина және аудан әкімінің Алғыс хатымен    «Сакен и Компания» ЖШС мекемесінің қызметкері Сейітқали Ақмолдин марапатталды.

Жаңа жылды қарсы алу кешінің жоғары деңгейде, қызықты өтуіне үлес қосқан мәдени-сауық орталығының өнерпаздары мереке қонақтарының көңілінен шыға білді. Қарағанды қаласынан арнайы келген әншілер мен бишілер де әсем ән мен көңілді билерге барлық қонақтарды тарта отырып, думанды кештің шырайын аша түсті.

Жыл үздіктері марапатталды

Жыл үздіктері марапатталды

Жыл үздіктері марапатталды

Жыл үздіктері марапатталды

Жыл үздіктері марапатталды

Жыл үздіктері марапатталды

Жыл үздіктері марапатталды

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

Жыл үздіктері марапатталды

Жыл үздіктері марапатталды

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

 

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі


Келулердің саны: 283

Жоғары