print

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

...

Ауданымыздың аз қамтылған балалары мен оқу озаттарына арналған аудан әкімі Юржан Бекқожиннiң жаңа жылдық шыршасы 29-желтоқсан күні мәдениет үйінде өткізілді. Ит жылының жеткізген жетістіктері айтылғаннан кейін, аудан басшысы балаларды жаңа жылмен құттықтап, игі тілегін білдірді. Құттықтаудан соң, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 50 балаға тәттілер салынған қораптар мен планшеттер үлестірілсе, үздік оқушыларға да тәттілер салынған қораптар таратылды.

Халқымыз ырым-жоралғыға қалтқысыз сеніп, Жаңа жыл қалай басталса, жыл солай аяқталады деп пайымдайды. Әсем безендірілген шырша жанындағы ертегі әлеміндегі кейіпкерлердің киімін киген балғындардың шат күлкісі осыған меңзейді.
Жасыл шырша Аяз ата мен Ақшақарсыз өткен бе?! Мереке шырайын кіргізген Аяз ата ізгі үмітпен келген бүлдіршіндердің өлең-жыры мен тақпақтарын тыңдап, билерiн тамашалай, жиі-жиі қомақты қоржынына қол салып, базарлығын таратты.
Мерекелік шара жалғасында балалар «сиқырлы сөздің» құдыретімен шырша шамдарын жақты. Ертегі желісімен сабақталған мерекелік кешті ортаға шыққан ертегі кейіпкерлері қыздырып әкетті. Кеш соңында аудан әкімінің балаларға дайындатқан арнайы сыйы – үлкен торт әкелінді. Сонымен қатар, аудан орталығындағы Бименде Амалбеков атындағы мектепте балаларға арналып мерекелiк дастархан жайылды.

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасында

 

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі


Келулердің саны: 262

Жоғары